Өскемендегі Ертіс көпірі күрделі жөндеу алдында кешенді тексеруден өтеді
Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Техникалық диагностика көпірдің нақты жай-күйін анықтап, алдағы күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлауға негіз болмақ.
Дайындық кезеңінде мамандар жобалаушылармен бірлесіп көпірдің іргетасын қарап шықты. Алдағы уақытта тіректер мен көтергіш құрылымдардан бастап жол жабынына дейін барлық элемент жан-жақты тексеріледі. Бұл атқарылатын жұмыстардың нақты көлемін, кезеңдерін және техникалық шешімдерін айқындауға мүмкіндік береді.
Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, кешенді тәсіл жөндеу жұмыстарының жүйелі жүргізілуі мен көпірдің қауіпсіз әрі ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажет.
– Тексеру көпірдің техникалық жағдайы туралы толық мәлімет беріп, конструкцияның тозуы мен нақты жүктемелерді ескере отырып, жөндеу жұмыстарын дәл жоспарлауға мүмкіндік сыйлайды, - деді ол.
Айта кетейік, осы Ертіс көпірінде үнемі таңертең және кешке ұзын-сонар көлік кептілісі болады. Себебі халық көп тұратын Жібек маталар комбинаты ықшамауданына апарар негізгі жол осы.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде Ертіс көпірі астындағы жаңа жол тұрғындар арасында дау тудырғаны хабарланған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 09:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















