Отбасылық жанжалға араласқан : Атырауда полиция қызметкерінің арқасына пышақ салған
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
16 қазан күні сағат 20:50 шамасында Атырау қаласының Привокзальный шағын ауданындағы үйлердің бірінде орын алған отбасылық жанжал – қоғамдық тәртіпті бұзу туралы хабарлама бойынша екі учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына барған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерді қорғау жөніндегі өз міндеттерін атқару барысында әрекет етті. Құқық бұзушы ер адамды полиция бөліміне жеткізу кезінде, пәтерде болған оның әйелі мас күйінде кенеттен учаскелік инспекторлардың бірінің арқа тұсына ас үй пышағымен жарақат салған.
Әріптесінің кәсіби және жедел әрекетінің арқасында шабуылдың жолы кесілді.
Жарақат алған полиция қызметкері Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыс құралы – ас үй пышағы тәркіленді.
Күдіктінің іс-әрекеті полиция қызметкерлерінің бейнежетонына жазылып алынған. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Баян Жанұзақова


