Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Павлодардан рейстер қашан жанданады әуежайдың ашылу күні мен жаңа бағыттар аталды

Павлодардан рейстер қашан жанданады әуежайдың ашылу күні мен жаңа бағыттар аталды

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Павлодар әуежайы ұшу-қону жолағын реконструкциялаудан кейін жұмысын қайта бастауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Tengri Travel.

Әуежай жұмысы қашан басталады?

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі негізгі жұмыс 98 пайыз орындалғанын, ал 17 тамыздан бастап әуе айлағын арнайы комиссия қабылдауы тиіс екенін хабарлады. Егер жұмыс қабылданса, әуе қатынасын қыркүйекте қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Бұл ретте әуежай жұмысының нақты басталу мерзімі арнайы комиссия шешіміне байланысты болады. Соған қарамастан, әуекомпаниялар 1 қыркүйектен бастап рейстер ашылатынын мәлімдеді.

Қай бағыттарға ұшуға болады? Астана

VietJet Qazaqstan әуекомпаниясы 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Астана - Павлодар - Астана бағыты ашылатынын хабарлады.

Рейстер аптасына төрт рет - сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері орындалады.

Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшақ Астанадан 07:50-де ұшып, Павлодарға 09:15-те қонады. Кері рейс 09:40-қа жоспарланған, елордаға 11:00-де жетеді.

Жексенбі күндері кесте басқаша болады: Астанадан ұшу - 17:15-те, Павлодарға қону - 18:40-та. Кері рейс 19:05-те шығып, Астанаға 20:25-те жетеді.

Алматы

1 қыркүйектен бастап FlyArystan Павлодар мен Алматы арасындағы күнделікті рейсін қайта бастайды. Әуекомпания әуежай ашылғаннан кейін бұл бағыт қайта оралатынын мәлімдеді. Астанаға жасалатын рейстерден айырмашылығы, Алматыға ұшу күн сайын жүзеге асырылады деп жоспарланған.

Стандартты тариф салмағы 7 келіге дейінгі бір қол жүгін қамтиды. Жүк көлемі 56x23x36 сантиметрден аспауы тиіс.

Халықаралық рейстер

Қыркүйекте Павлодардан жаңа халықаралық бағыттар ашылуы мүмкін. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты. Омбы мен Новосибирскіден Павлодар арқылы Ташкентке транзиттік рейстерді іске қосу жоспарланған.

Бұл мына екі бағыт туралы болып отыр:

Омбы - Павлодар - Ташкент; Новосибирск - Павлодар - Ташкент.

Азаматтық авиация комитеті де жыл аяғына дейін Павлодардан Новосибирскіге рейс ашу жоспарда бар екенін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, биылғы сәуірде әкімдік Шымкент пен Ақтауға рейстер ашу, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Түркия және Мысырға халықаралық бағыттарды іске қосу мүмкіндігін қарастырған еді.

Неге әуежай ұзақ жөнделді?

Ұшу-қону жолағын реконструкциялау ұзаққа созылған жобаға айналды. 2024 жылдың тамызында конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "KyrylysGroup" ЖШС-мен келісімшарт жасалғаны хабарланған болатын.

Бастапқыда жобаны 2025 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған еді. Алайда мерзім бірнеше рет кейінге шегерілді.

2025 жылдың көктемінде әуежай реконструкцияға байланысты жұмысын тоқтатты. Әкімдік ұшу-қону жолағы жаңартылмаса, әуежай алдағы уақытта рейстерді қабылдауға қажетті ұшуға жарамдылық сертификатын ала алмайтынын түсіндірді.

Жоба ұшу-қону жолағын 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтуді, сондай-ақ аэродром инфрақұрылымының басқа да элементтерін жаңартуды қарастырады. Атап айтқанда, жүру жолы мен перрондағы жұмыстар, заманауи жарықтандыру, бейнебақылау және дренаж жүйелерін орнату, периметрлік қоршау салу көзделген.

2026 жылдың сәуірінде әкімдік ұшу-қону жолағын реконструкциялауды шілдеде аяқтап, нысанды тамызда пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын хабарлады. Сол кезде бұл жоба аясында әуежай вокзалының ғимараты жөнделмейтіні де айтылған болатын.

Реконструкция қаншаға түсті?

Жоба аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жабдықтар құны 16,4 миллиард теңге.

Бұл ретте реконструкцияны аяқтау үшін қосымша қаржыландыру қажет болды. 2025 жылдың қазанында жұмыстарды аяқтау үшін тағы 9,3 миллиард теңге керек екені хабарланды.

Кейін бұл қаражат Арнайы мемлекеттік қордан бөлінгені белгілі болды. Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қор прокуратура органдары бұған дейін мемлекетке қайтарған активтер есебінен құралған.

"Жобаны іске асыруға прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен құрылған Арнайы мемлекеттік қордан 9 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Былтыр қазанда дайындық деңгейі шамамен 47 пайыз деп бағаланған еді. Сол уақытқа қарай мердігер 178 мың шаршы метр аумақта асфальтты фрезерлеп, жер жұмыстарын жүргізіп, дренаж жүйесі мен периметрлік қоршаудың басым бөлігін орнатып үлгерген болатын. Сондай-ақ жарықтандыру мен бейнебақылау жүйелерін монтаждау жұмыстары жүріп жатты.

Қазіргі уақытта қалалық әкімдік мәліметінше, ұшу-қону жолағының дайындығы 98 пайызға жетті.

Реконструкциядан кейін не өзгереді?

Жоба мақсаттарының бірі - ұшу қауіпсіздігін арттыру және әуежай мүмкіндігін кеңейту.

Бұған дейін әкімдік заманауи құрылғылар мен жүйелерді қолдану, сондай-ақ перронды 45 метрден 60 метрге дейін кеңейту аэродромның қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, жабынның қызмет ету мерзімін ұзартуы тиіс екенін атап өткен болатын.

Реконструкциядан кейін әуежай көбірек жолаушыға қызмет көрсете алады деп күтіледі. Бұған дейін оның өткізу қабілеті қазіргі сағатына 200 адамнан 300-ге дейін артуы тиіс екені хабарланған еді.

Бұл ретте ұшу-қону жолағын (ҰҚЖ) жөндеу әуе айлағын жаңартудың соңғы кезеңі емес. Бұған дейін облыста аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін жолақты тағы да ұзарту және әуежай ғимаратын жаңғырту жоспарланғаны хабарланған.

Аэровокзалды жөндеу жобасында күту залы мен ұшу аймағын сағатына 200-ден 400 жолаушыға дейін кеңейту, телескопиялық траптар орнату және инженерлік коммуникацияларды жаңарту қарастырылған. Алдыңғы мәліметтер бойынша, жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан болатын.

Тағы оқыңыз: Түрікиялық лоукостер Қазақстаннан Еуропаға екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды бір жайт бар

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 14:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see153

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see151

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see151

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see151

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see150

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see147

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see146

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see145

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see144

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see143

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see142

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see141

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see141

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see139

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see139

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары