Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Жылу желілері жаңарады

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Кәсіптің кілті гаражда

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Қоқыс жасырын қауіп: Қалдық мәселесін қалай шешеміз?

Қоқыс жасырын қауіп: Қалдық мәселесін қалай шешеміз?

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Полигон көп, талапқа сайы аз

Қазақстанда тұрмыстық қалдық мәселесі барған сайын күрделеніп келеді. Жыл сайын 4,5–4,8 миллион тонна қалдық жиналса да, оның тек 25,8%-ы ғана қайта өңделеді. Қалған бөлігі полигондарға немесе рұқсатсыз үйінділерге төгіліп, табиғатқа зиян келтіреді. Жиналған қалдықтар шіріп, жағымсыз иіс шығарады, кейде ашық жерге төгіліп қалады. Қоқыс үйінділерінде өрт шығуы да жиі кездеседі, ал оның иісі жақын маңдағы тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтардың көбеюі, кәріз көлемінің ұлғаюы және өнеркәсіптік қалдықтардың суды ластауы да маңызды экологиялық проблемаларды туындатады.

Инфографика: Kazinform

Ертеректе қоқыс негізінен органикалық қалдықтардан тұрса, қазір тұрмыстық, ауылшаруашылық, өндірістік және химиялық қалдықтардың көлемі айтарлықтай артқан. 2024 жылғы ресми деректерге сәйкес, республикада 2 983 қатты тұрмыстық қалдық полигоны тіркелген. Алайда олардың тек 611-і, яғни шамамен 20%-ы ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сай келеді. Қалған полигондар ескірген инфрақұрылым мен қатаң бақылаудың жоқтығын көрсетеді.

Инфографика: Kazinform   Ауылдық жерлердегі қиындықтар

Ауылдық жерлердегі полигондар ерекше күрделі жағдайда тұр. Экология министрлігі редакция жолдаған ресми сауалға берген жауабына сәйкес, «рұқсат алу рәсімдерінің күрделілігі» көптеген полигондардың заңды түрде жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Сол себептен Үкімет Экология кодексіне түзетулер енгізіп, 350-бапқа сәйкес ауылдық елді мекендердегі полигондарға жеңілдетілген экологиялық талаптар мен арнайы рәсімдер белгілеуді көздеп отыр. Қазіргі таңда бұл түзету Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

Инвестициялық тартымдылығы төмен полигондарға жеке капитал тарту қиын болғандықтан, Үкімет утилизациялық төлем қаражаты есебінен 53 миллиард теңгеге шамамен 45 жаңа полигон салуды жоспарлап отыр. Бұл қадам ауылдық жерлердегі қалдықтарды заңды түрде жинау мен орналастыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ экологиялық қауіптің алдын алуға бағытталған.

Жасыл экономикаға көшу: мақсаттар мен жобалар

Қазақстан қалдықтарды басқару саясатын «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасымен үйлестіріп келеді. Министрлік мәліметінше, негізгі мақсат – 2030 жылға дейін қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40 пайызға, 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу. Сонымен қатар 2030 жылға дейін ел халқы толықтай қалдықтарды шығару қызметімен қамтылуы тиіс.

Фото: freepik.com

Қазіргі уақытта республика бойынша қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 61 жоба іске асырылып жатыр. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергия көзіне айналдыруға арналған жобалар да қарастырылуда. Аталған бастамалар тәулігіне 4 100 тонна қалдықты өңдеуге, 293,2 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға және 325 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

Сарапшылар не дейді?

Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіші ресми түрде 25,8% деп көрсетілсе де, сарапшылар бұл санның шынайылығына күмән келтіреді. Олардың пікірінше, ресми деректер қалдықтарды басқарудың нақты тиімділігін көрсетпейді.

Экологиялық консалтинг компаниясының басшысы Абай Еркебаланның айтуынша, Қазақстандағы қалдық мәселесі тек тұрмыстық қалдықтармен шектелмейді. Оның дерегінше, ел аумағында бүгінге дейін шамамен 34 млрд тонна өндірістік қалдық жиналған, ал жыл сайын бұл көлемге бірнеше млрд тонна қосылып отырады. Сонымен қатар 300 млн тоннадан астам радиоактивті, аса қауіпті қалдықтың сақталуы экологиялық қатердің ауқымын айқын көрсетеді. Дегенмен, сарапшы тұрмыстық қатты қалдықтарға жеке тоқталады.

- Тұрмыстық қалдықтардың өзі толық қайта өңделмейді. Қазақстанда осы күнге дейін 100 млн тоннадан астам қалдық жиналып қалған, ал жыл сайын 4,5–5 млн тонна қалдық түзіледі. 2024 жылы 4,6 млн тонна қалдық жиналып, оның тек 1,3 млн тоннасы ғана сұрыпталған. Алайда бұл көрсеткіш те шынайы жағдайды толық көрсетпейді: полигондар санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес емес, көп қалдық қайта өңделмей, көмілген күйінде қалады, – дейді сарапшы.

Фото: Абай Еркебаланның жеке мұрағатынан

Қазақстандағы қалдықтар әртүрлі: пластик, қағаз, құрылыс қалдықтары, ескі киім, металл және ас қалдықтары. Қалаларда арнайы контейнерлер қойылғанымен, адамдар әлі де сұрыптауға үйренбеген, көбінесе барлық қалдық бір жүк көлігімен араластырып әкетіледі.

Сарапшының айтуынша, қалдықтарды басқарудағы түйткілдердің бірнеше негізгі себебі бар. Біріншіден, Қазақстанда қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуге арналған ғылыми және инновациялық жобалар жеткілікті болғанымен, оларды іс жүзінде енгізуге жергілікті әкімдіктер мен полигон операторларының қызығушылығы төмен. Айыппұл мөлшерінің аздығы мен жауапкершіліктің әлсіздігі кешенді шешім қабылдауға ынта қалыптастырмай отыр.

Екіншіден, отандық ғалымдар ұсынған бірқатар тиімді технология әлі де стартап деңгейінен аса алмай келеді. Бұған қаржыландырудың жеткіліксіздігі немесе бөлінген қаражаттың мақсатсыз жұмсалуы себеп. Сонымен қатар, сарапшы «Жасыл даму» қорының қаржыны игеру тетіктерінің ашық еместігін атап өтті. Оның айтуынша, миллиардтаған теңгенің нақты қайда жұмсалғанына қатысты қоғамдық бақылау жоқ.

Абай Еркебалан қалдықтардың небәрі 25,8 пайызы ғана қайта өңделетіні ұзақ мерзімді экологиялық қауіп төндіретінін ескертеді. Сондай-ақ ол бүгінде ұсынылып отырған кейбір шешімдер, соның ішінде қалдықтарды жағу жобалары Экологиялық кодекстің негізгі қағидаттарына сәйкес келмейтінін айтты.

– Қалдықтарды жағу кезінде заманауи сүзгілер қолданылғанымен, ауаға метан, фуран, күкіртсутек секілді қауіпті заттар бөлінуі мүмкін.Ең тиімді жол – қалдықтарды барынша терең сұрыптау, органикалық қалдықтардан биогаз немесе энергия өндіру, сұрыпталған шикізатты қайта өңдеу. Бұл экологияны қорғаумен қатар, кәсіпкерлер үшін де тиімді, – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, ауылдық жерлерде қалдықтарды басқарудың екі жолы бар. Аудан орталығына жақын ауылдардан қалдықтарды ірі полигондарға жеткізу тиімді, ал шалғай елді мекендерде шағын, мобильді өңдеу құрылғыларын орнату қажет.

Тек заң талаптарын енгізу жеткіліксіз, өйткені бұл адамдардың әдетін өзгертпейді. Сондықтан қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру үшін бақылауды күшейту, халыққа ақпарат беру, түсіндіру жұмыстары мен материалдық ынталандыру қажет.

– Экологиялық мәдениет кейде мәжбүрлеу арқылы қалыптасуы мүмкін, бірақ ұзақ мерзімде ол білім мен түсіндіру арқылы бекітілуі тиіс. Қоқыс мәселесін шешу үшін нақты тәртіп пен жүйелі бақылау орнату керек, сол кезде ғана жер мен су таза болып, экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі, – деп түйіндеді Абай Еркебалан.

«Астанада қалдық дағдарысы қаупі бар»

Тәжірибелі экологтар қауымдастығының төрағасы Лаура Маликова елордадағы қалдықтарды басқару жүйесінің мәселелеріне назар аударды. Оның айтуынша, «Жасыл даму» бағдарламасы аясында бекітілген ережелер толық құрылмағандықтан, қалдықтарды жинау мен өңдеумен айналысатын компаниялар қаржылық қолдаусыз қалған.

Фото: Лаура Маликованың жеке мұрағатынан

– Жиналған утильалымның көп бөлігі тікелей қалдықтарды өңдеуге емес, басқа мақсаттарға жұмсалды. Мәселен, осының салдарынан Астана қаласында қалдықтарды сұрыптау желілері белгілі бір кезеңде мүлдем жұмыс істемей қалды. Қазіргі таңда елордада қалдықтардың небәрі шамамен 3%-ы ғана сұрыпталады, бұл - өте төмен көрсеткіш, – дейді сарапшы.

Эколог ресми статистика мен нақты ахуал арасындағы айырмашылыққа да тоқталды. Қалдықтарды қайта өңдеу үлесі ресми деректерден де әлдеқайда төмен болуы мүмкін.

- Ресми деректерде қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 25,8% деп көрсетілсе, іс жүзінде ол 3–4%-дан аспайды. Қолданыстағы қалдық көмілетін кейбір құтышалар толып кеткен, ал жаңа құтышалар әлі дайын емес. Бұл алдағы уақытта елордада қалдықтарды орналастыру мәселесін ушықтыруы мүмкін.

Егер жүйелі шешім қабылданбаса, Астана қаласында қалдық дағдарысы туындау қаупі бар. Мәселенің түпкі себебі – қалдықтарды басқару саласындағы жауапты институттардың, соның ішінде «Жасыл даму» қоры мен уәкілетті органдардың үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс істей алмауы, – деп атап өтті Лаура Маликова.

Сарапшының пікірінше, қалдықтарды сұрыптау жүйесін дамыту үшін жиналатын қаржыны мақсатты әрі ашық пайдалану, өңдеуші кәсіпорындарды нақты қолдау және мемлекеттік органдар арасындағы жауапкершілікті айқын бөлу қажет.

– Шын мәнінде, Қазақстанда толыққанды қайта өңделетін қалдықтардың үлесі 10–15%-ға да жетпейді. Сондықтан ресми деректерді толық әрі тәуелсіз тексеру керек. Қоғам да, инвестор да нақты жағдайды білуі тиіс. Көзбояушылыққа жол бермей, қалдықтарды басқару саласындағы шынайы деректерді ашық жариялау – тиімді экологиялық саясаттың басты шарты, – дейді Лаура Маликова.

Ауылдық жерлердегі қалдық полигондарына қатысты да жүйелі тәсіл қажет. Оның пайымынша, әр ауылға жеке полигон салу экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімсіз.

– Оның орнына екі-үш ауылға ортақ немесе екі ауданның арасында орналасқан бір орталық полигон салу тиімдірек, – дейді эксперт.

Қоқыстан энергия өндіру жобаларына қатысты Лаура Маликова бұл бастамаларды барлық жерде бірдей енгізуге болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жобалар қалдықтарды бөлек жинау жүйесі толық жолға қойылған қалаларда ғана тиімді әрі қауіпсіз іске асады.

– Алдымен қалдықтардың қайта өңдеуге жарамды бөлігін бөліп алу керек. Сондықтан энергия өндіру жобалары тек қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы жолға қойылған Астана, Алматы, Өскемен сияқты қалаларда ғана тиімді. Егер қалаларда ақылы қалдық қабылдау пункттері қайта ашылса, халық арасында сұрыптауға деген нақты ынта пайда болады, – дейді Лаура Маликова.

Қорыта келе, Қазақстандағы қалдық мәселесі тек полигондардың жетіспеушілігі немесе ескірген инфрақұрылымнан туындамайтынын түсінуге болады. Нақты шешім – қалдықтарды терең сұрыптау, ауылдық жерлерде мобильді өңдеу құрылғыларын орнату, халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қолдауды жүйелеу. Тек осы кешенді шаралар ғана қоқыс дағдарысын болдырмай, қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеу жүйесі толық жолға қойылмаған. Сарапшылар ресми статистика мен нақты ахуал арасындағы айырмашылыққа назар аударып, мәселені шешу үшін мемлекеттік қолдауды жүйелеу, өңдеуші кәсіпорындарды нақты қолдау, халықты ақпараттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажет екенін алға тартады. Тек осы шаралар қалдық дағдарысын болдырмай, қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік береді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қаңтар 2026 18:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see126

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see119

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see118

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see117

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see117

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see115

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see115

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see114

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see113

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see112

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see109

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see109

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see108

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see107

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see107

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see104

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see102

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see101

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see101

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары