Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Құран тізбегі операциясы қалай жүргізілді?

Құран тізбегі операциясы қалай жүргізілді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Кеңес дәуіріндегі мұ­сылман дінба­сы­ла­ры­на қарсы ең ірі саяси репрессия «ОМДБ ісі» («Дело ЦДУМ») деп аталады. Бұл 1936–1938 жылдары Уфада­ғы Орталық мұсылмандар дін басқармасының (ОМДБ) басшыларына қарсы НКВД-ның қолдан ұйымдастырған саяси қуғыны еді. Осы іс бойынша мұсылман қайраткерлері, атап айтқанда ОМДБ төрағасы, мүфти Ризаитдин Фахрет­дин, төрағаның орынбасары Кашаф Тәржімани, сондай-ақ Мағди Мақұлұлы, Мухлиса Буби секілді қазилар да қамау­ға алын­ды. Қазақстанның дін ісі 1917 жылдан бастап, арасында үзіліс сала отырып, 1936 жылға дейін Уфадағы Діни басқармаға қараған болатын. Қуғын-сүргін басталған кезде Мағди Мақұлұлы мүфтияттағы қазақ қазиы еді.

НКВД тергеушілері дін қайраткерлерін тұтқындау опе­рациясына «ОМДБ ісі» деген атау берді. Тергеушілер алдымен Ризаитдин мүфтиді «контр­революциялық ұйым­ның идеялық жетекшісі» деп танып, оған қысым көр­сет­ті. Сол қысым салдарынан жасы сексенге таяған Ризаит­дин хазірет өмірден өтті. Мүфти бақилық болған соң, кезек онымен бірге қызмет істеген мүфтияттағы беделді қазилар Кашаф Тәржімани мен Мағди Мақұлұлына кел­ді. Енді тергеушілер осы екеуін «контрреволюциялық ұйымның негізгі басшылары» деп қарастырды. Кашаф қажыға ұйымның Татарстан мен Башқұртстандағы, Мағди қажыға Орталық Азия мен Қазақстандағы ұяшықтарын ұйымдастырды деген жала жапты. Сонымен қатар ОМДБ қазиларына «жапон барлаушыларымен байланыс жасады», «панисламистік көтеріліс дайындады», «Кеңес өкіметін құлатпақ болды» деген секілді айыптар тағып, ату жазасына кесті.

Мағди қажы атылған соң, қайғының қара бұлты Қазақ­с­тан­дағы діндарларға төнді. 1937–1938 жылдары олардың үстінен «Құран тізбегі» («Цепь Корана») деп аталатын операция жүргізілді. Бір қызы­ғы, «Құран тізбегі» Уфадағы «ОМДБ ісі» операциясы аясында жүргізілді. Бұл іс бойынша 300-ге жуық дін адамы тергеуге алынды. Оларға да «жапон агенттерімен байланыс құрды», «панисламистік көтеріліс да­йындады» деген секілді айыптар тағып, басым бөлігін ату жазасына кесті. Тергеушілер сонымен қатар оңтүстік өңірлердегі діндарларды құрықтауға ар­нал­ған «Сопы» операция­сын жүргізіп, Аппақ ишан бас­таған бір топ дін қайраткерін қудалады.

2023 жылы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия 12 томнан тұратын «Алашорда ісі. 1920–1940 жылдар. Құжаттар мен материал­дар» көптомдығын жарық­қа шығарған еді. Осы көптом­дық­­тың оныншы кітабына ХХ ғасырдың 20–40-жылдарын­дағы дінбасылар мен дін қайрат­­кер­ле­ріне қарсы жүзеге асырылған қуғын-сүргінге қарсы архив құжаттары (қаулылар, хаттама­лар, актілер, т.б) топтастырылды. Соның ішінде біз айтып отыр­ған «Құран тізбегі», сондай-ақ «Сопы», «Филиал» секілді сол кездегі ірі операциялардың тер­геу істері жинақталды. Осы тергеу істеріне сүйене отырып, «Құран тізбегі» операциясының қалай жүргізілгенін баяндайық.

Бұл операция негізінен Қазақ­станның бірнеше өңірін­де жүргізілді. Уфадағы қазилар Кашаф Тәржімани мен Мағди Мақұлұлынан тапсырма алып, солар құрған «контрреволю­ция­лық панисламистік көте­рілісшіл тыңшылық-дивер­сиялық ұйымның Батыс Қазақ­стан өңіріндегі қанатына же­тек­шілік етті» деген жаламен Қуанай Қосдәулетов, Хасан Нұрмұхамедұлы, Сағидолла Ізтілеуов бастаған бір топ дін қайраткері қуғындалды. Қуа­най мен Хасан хазіреттерге «жапон тыңшыларымен байланыс орнатты», «панисламис­тік ұйымның Батыс Қазақстан облысындағы жетекшілері­нің бірі болды» деген айып тағыл­са, Сағидолла хазіретке «Түр­кия­­да оқыған кезінде Энвер-пашамен кездесіп, түрік барлау қызметінің тыңшысы ретін­де қызмет етті» деген мүлдем қисынсыз жала жабылды. Іле-шала Ізтілеуовтің ізімен Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының молда­лары Нығметолла Ибрагимов пен Ғатаулла Байғұлов істі бол­ды. Ғатаулла молданың ісі бойынша айыптау қо­ры­тындысында оның Тәржі­ма­ни, Мақұлұлы және Ізті­ле­уов­тен нұсқау алып, «контр­революциялық пан­и­с­ламис­тік ұйымға дем бер­гені» көр­сетілген. Айып­тау қоры­тын­дысында «Бұл ұйым­ның мақ­саты – Жапония­ның ықпалы­­мен қарулы көтеріліс ұйымдас­ты­ру арқылы кеңес өкіметін күшпен құлату, Қазақ­станда дінге негізделген буржуазиялық мемлекет құру» деп жазылған.

Дәл осындай жаламен Гурьев облысы Теңіз ауданы­ның (қазіргі Атырау облы­сының Құрманғазы ауданы) молдалары Ғафар Боран­құлов, Мұхамбетшәріп Бекбаев, Қайырқұл Жүсіпов, Исламғали Ақботин қамауға алынды. Олардың ісінің айыптау қорытындысы Ғатаулла Байғұловқа жапқан жаладан айнымайды. Төртеуінің Тәржімани, Мақұлұлы және Ізтілеуовтен нұсқау алғаны, «Жапонияның әскери көмегімен кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтеріліс дайындамақ болғаны» көрсетілген. Осылайша, төртеуі де 1937 жылы 16 желтоқсанда атылды. Ал 1938 жылы осы ауданның тағы бір топ молдасы Рахмет Достанов, Нұрғали Сағындықов, Сейітқали Салиев, Шамбыл Мурзин, Саташ Есен­гелдиев ұсталып, олар да ату жазасына кесілді. Сонымен қа­тар Гурьев облысының Бақсай ауданынан – Оразан Өтебаев, Ерғали Әренов, Кенжеғұл Ес­ниязов, Ыбыраш Машагузов, Жылыой ауданынан – Медин Нұғманов, Берді Құлбаев, Есбосын Бекениязов, Дәуітбай Наурызбаев, Маңғыстау ауданынан – Жалмағамбет Сү­лей­менов, Есбол ауданынан – Нұғыман Хасанов, сондай-ақ Гурьев қаласынан Яхия Ерім­бетов, Хұсайын Әлиев, Заиратдин Садыратдинов, Омар Құлтаев атылды. НКВД бәріне де «тыңшылық әрекет етті», «кеңес жауларының тапсырмасын орындады», «кеңес өкіметіне қарсы жұмыс істеді» деген секілді айыптар тақты.

«Құран тізбегі» ісі бойынша Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі діндарлар да қуғындалды. Атап айтар бол­сақ, Қызылқұм ауданынан – Сыздық Хансейітов, Ахмет Жұманазаров, Мұсахан Тоғ­манов, Әулие-Ата ауданы­нан – Жүніс Қасқарауов, Мирзоян ауданынан – Мубар­хан және Мұзафар Заит­хановтар, Түлкібас ауданынан – Қабыл Жақыпов, Сүгірәлі Қадыров, Сайрам ауданынан – Юсупхан Умартюряев, Гүлтөрехан Ишанханов, Камал Абжалилов, Алматы қаласынан – Ғазиз Көбеев, Лепсі ауданынан – Төлебай Жүнісов, Бекен Сиалқанов, Арыс ауданынан – Сыдық Хансейітов, Созақ ауда­нынан Әлкен Жәңгірқожаев бастаған діндарлар қамауға алынды. НКВД тергеушілері оларды ақгвардияшы Мұс­тафа Шоқаймен, Бұхара мен Түркістанды азат ету ұйы­мы­ның мүшесі Мубаш­шир Сейіт­хановмен, Орталық мұсыл­мандары дін бас­қар­ма­сының мүшесі Мағди Мақұлұлымен, басқа да тұлғалармен бай­ла­ныс орнатты, сондай-ақ Қазақ­станның оңтүстік аймағындағы тыңшылық ұйымдарды ұйымдастырды деп айыптады. Бір қызығы, Уфадағы мүфтилікке мүлдем қатысы жоқ ишан-ахундар Гүлтөрехан Ишанханов пен Сыдық Хансейітовтің істерінде Мағди Мақұлұлының аты аталады. Гүлтөрехан ишан тергеу жауабында «Сыдық ахуннан өзі құрған панисламистік ұйымды Мағди қазимен келісіп жүргізгенін естігенін» айтса, Сыдық ишан тергеу жауабында «Мағди қазидің Меккеге барып келген соң, Ибн Саудтың тапсырмасымен панисламистік жұмыстар жүргізуге кіріскенін» атап көрсеткен.

Мұның бәрі нені біл­діреді? Бұл істердің көпші­лігінде неге Мағди қазидің аты аталады? НКВД тергеу­ші­лері Қазақстандағы дін қызметкерлерін түбірімен құрту мақсатында әлдебір панис­ламистік ұйымды ойлап тауып, ол ұйымды Жапония, Түр­кия және Сауд Арабия­сы бас­­қарады деген пікір қа­лып­тастыруға тырысқан. Ұйым­ның Қазақстандағы жетекшісі ретінде Мағди Мақұлұлының есімін атап, оған «қазақ даласындағы дін қызметкерлерін кеңес өкіме­ті­не қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыруға үгіттеді» деген айып таққан. Әрине, мұның бәрі де сол кездегі қауіпсіздік қызметінің ойдан шығарып, қолдан құрастырған қиялға толы көп өтірігінің бірі еді.

Атышулы «Құран тіз­бегі» ісі бойынша зерттеу жүр­гізген тарихшы Юлия Гусева Қазақстанның дін ісі репрессия басталғанға дейін Орталық мұсылмандар дін басқармасының құрамында болғанын, сондай-ақ мүфтият жанында Қазақ қазияты (бөлімі) жұмыс істегенін айта келіп, «Құран тізбегі» ісін «ОМДБ ісімен» тығыз бай­ланыстырғанын алға тартады. Ол былай дейді: «Құран тіз­бегінен» бөлек, Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстандағы панисламистік ұйымдар туралы іс материалдарында (1937–1938 жылдар) ОМДБ жетек­ші­ле­ріне де айыптар тағыл­ған. Тәржімани мен Мақұл­ұлы ­«жа­пон барлауымен байла­ныс­та болып, кеңес өкіметіне қарсы панисламистік ұйым­ның жергі­лікті ұяшықтары­мен байланыс орнатушы­лар ретінде» көрсетілген. Тер­геушілер құжаттарында дәл осы ұяшықтар КСРО аума­ғындағы ОМДБ филиалдары ретінде белгіленген тәрізді. Уфада құрылды делін­ген контрреволюциялық ұйым­ның Қазақстанда және өзге өңірлерде филиалдары болған. Тергеушілер ұйымның Қазақ­стан­дағы жетекшісі рөліне ұлты қазақ Мағди қазиді таңдап, оны Орталық Азия діндарларын кеңес өкіметіне қарсы үгіттеді деп айыптаған». Осылайша, кеңес билігі Мағди Мақұлұлы мен қазақ даласындағы бас­қа да дін қайраткерлерін кінәлі деп танып, сол арқылы дін қайраткерлерін түбі­рімен жоюға тырысты. Тарихшы Юлия Гусева: «Қазақстанның қуғын-сүргіннің негізгі нысан ретінде таңдалуы кездейсоқ емес еді. Себебі ол ОМДБ-мен ең тығыз байланыста болды әрі исламдық дәстүр тұрғысынан салыстырмалы түрде анағұрлым жаңғырған өңір саналды. Сол үшін де Қазақстан соның зардабын тартты», дейді.

Бұл деректер кеңестік қуғын-сүргіннің жай ғана саяси науқан емес, ұлттың рухани тірегін күйретуге бағытталған қасақа­на әрекет болғанын аңғарта­ды. Мағди Мақұлұлы секілді дін қайраткерлеріне тағылған айып­тар нақты дәлелден гөрі, кеңес билігінің дін мен ұлттық санадан қауіптенген үрейінің көрінісі еді. Сондықтан «ОМДБ ісі» мен «Құран тізбегі» тәрізді қолдан жасалған істерді зерттеу тек өткеннің қасіретін тану ғана емес, қазақ руханиятына жасалған қиянатты ұғыну деп білеміз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 10:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары