Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Тоқаевтың Вашингтонға сапары және Авраам келісіміне қосылуы саяси сигнал ма?

Тоқаевтың Вашингтонға сапары және Авраам келісіміне қосылуы саяси сигнал ма?

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен бірқатар араб елдері арасында жасалған «Авраам келісіміне» Қазақстанның қосылатыны туралы жаңалық халықаралық ортада таңданыс туғызды. Себебі Қазақстан — Таяу Шығыста емес, Еуразияның орталығында орналасқан мемлекет. Оның Ресеймен әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы (шамамен 4750 миль) және шығысында Қытаймен тағы мың шақырымға жуық шекарасы бар. Қазақстанның Израильге қарсы араб елдері сияқты тарихи қақтығысы болған емес. Керісінше, тәуелсіздігін жариялаған соң, 1992 жылы-ақ Израильмен дипломатиялық қатынас орнатқан. Arasha.kz редакциясы  Washington Post-қа шыққан материалдың қазақшасын ұсынып отыр.  

Сондықтан Вашингтондағы хабарлама — Қазақстан «Авраам келісіміне» қосылады деген — көпшіліктің көкейіне сұрақ тудырды: неге дәл қазір? Бұл ел Израильмен бұрыннан дипломатиялық байланысы бар болса, «бейбітшілік орнату» нені білдіреді? Әлде бұл қадам Таяу Шығысқа емес, АҚШ-пен жаңа деңгейдегі серіктестікке бағытталған белгі ме?

АҚШ-тағы саммит алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқаша сұхбат беріп, бұл шешімнің мәнін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл — Қазақстанның «Таяу Шығыстағы бейбіт диалог пен тұрақтылыққа қосқан шағын үлесі». Тоқаев бұл қадамды елдің ұзақмерзімді сыртқы саясатының жалғасы ретінде сипаттап, елдің дипломатиялық дәстүріне сілтеме жасады.

Шынында да, Астана бұған дейін де халықаралық келіссөздер алаңы рөлін атқарып келген: 2017 жылы Ресей, Түркия және Иран Сириядағы азаматтық соғысты реттеу процесін дәл осы қалада бастаған болатын. Кейінірек Астана Ресей мен Украина басшыларының кездесуі өтетін ықтимал алаң ретінде де аталды. Сондай-ақ Қазақстан Армения мен Әзірбайжан арасындағы татуласу процесінде маңызды рөл ойнады — бұл келісімге Трамп Ақ үйде қол қойылған кезде ерекше мән берген.

Символдық қадам ба, әлде нақты саясат па?

Тоқаевтың айтуынша, «Қазақстанның бұл келісімге қосылуы табиғи әрі қалыпты шешім». Дегенмен ол бұл қадамның нақты практикалық нәтижелерге әкелмеуі де мүмкін екенін мойындады. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның «Авраам келісіміне» қосылуы Таяу Шығыстағы бейбітшілікке емес, АҚШ-пен қатынасты нығайтуға бағытталған символдық қадам.

Қазіргі уақытта «Авраам келісімі» өз маңызын жоғалтып барады. Израильдің Газа секторындағы соғысы мен палестиналықтардың адам шығыны бұл процестің идеясын әлсіретті. Тіпті келісімнің белсенді қатысушысы болған Біріккен Араб Әмірліктері де, егер Израиль Батыс жағалаудағы аннексия саясатын жалғастырса, келісімнен шығуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ал Тоқаев бұған алаңдамайтынын білдірді. «Біздің бұл шешімге деген көзқарасымыз берік және өзгермейді. Қандай жағдай болса да, шешіміміз күшінде қалады», — деді ол.

Геосаяси есеп және АҚШ-пен жаңа серіктестік

Вашингтондағы сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстан бұл қадам арқылы Трамп әкімшілігіне «жақындық» танытып отыр. Quincy институтының зерттеушісі Елдар Мамедов бұл туралы:
«Қазақстанның Таяу Шығыс дипломатиясында ықпалы шамалы екенін Тоқаев жақсы біледі. Бұл келісім — АҚШ-қа бағытталған төмен шығынды, бірақ жоғары нәтиже беретін сигнал. Негізгі мақсат — Ресейге тәуелділікті азайту», — деп жазды.

АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы «С5+1» форматы Трамптың екінші президенттік мерзімінде қайта жандануда. Бұл жолы Трамп адам құқықтары мәселесін көтермей, оның орнына Қытай үстемдік еткен сирек металдар нарығына балама жеткізу тізбегін қалыптастыруға басымдық беріп отыр.

Тоқаев Вашингтонда АҚШ-пен жалпы құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер пакетін жариялады. Оған Boeing ұшақтарын, John Deere ауыл шаруашылық техникасын сатып алу және АҚШ-тың OpenAI мен Nvidia компанияларымен бірлесіп жасанды интеллект чиптерін өндіру жөніндегі келісімдер кіреді. Сондай-ақ Қазақстанның сирек металдар қоры мен вольфрам өндірісіне америкалық инвестициялар тарту туралы меморандумға қол қойылды.

Ресей мен Қытай арасындағы тепе-теңдік

Тоқаевқа Ресей мен Қытайдың ықпалынан алшақтау туралы сұрақ қойылғанда, ол дипломатиялық жауап берді:

«Біз өзімізді өте жайлы сезінеміз. Ресеймен стратегиялық серіктеспіз, Қытаймен мәңгі достық қарым-қатынастамыз. Екі елмен де сауда қарқынды дамуда, себебі Қазақстан — Еуразияның торабындағы маңызды ел», — деді ол.

Дегенмен сарапшылар Ресеймен қарым-қатынаста жасырын кернеу бар екенін айтады. Ресейдің Украинаға басып кіруі және ресейшіл медиа тарапынан Қазақстанға бағытталған сындар — осының айғағы. Кейбір ресейлік саясаткерлер тіпті Қазақстанның егемендігіне күмән келтірген болатын.

Соған қарамастан, Тоқаевтың Вашингтонға сапары Кремльге нақты белгі берді: Астана өз бетінше әрекет ете алады.

Virginia Tech профессоры Джерард Тоалдың пікірінше, «Ақ үйге барудың өзі — Мәскеуге тәуелсіздікті білдіретін саяси сигнал».

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қараша 2025 22:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see152

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see150

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see149

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see148

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see145

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see145

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see143

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see142

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see142

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see141

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see141

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see140

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see140

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see138
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары