Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Ұйқысыздық дерті дендесе...

Ұйқысыздық дерті дендесе...

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ұйқысыздық адам психикасы, иммунитеті, жұмыс өнімділігі мен жалпы өмір салтын біртіндеп құлдыратып жатқан ғасырдың үнсіз дерті дерсің. Ұйқының бұзылуына мән беріп, мәселе ретінде қарамаудың салдары да ауыр зардаптарға әкеледі. Ұйқысыздық кезінде не істеу қажетін, қандай медициналық тексеруден өту керегін білесіз бе?

ResMed 2026 Global Sleep Survey (Әлемдік ұйқы сауалнамасы) дерегінше, зерттеуге қатысқан адамдар­дың 83 пайызы тұрақты және сапалы ұйықтауда негізгі ке­дергілерге тап болатынын мойын­даған. Респонденттердің 39 пайызы ұйқысыздықты тудыратын басты фактор ретінде стресс пен мазасыздану, 22 пайызы жұмыстың ауыр жүкте­месі, 21 пайызы ұйық­­тар алдында электрон құрылғыларды пай­да­лану, 19 пайызы үй шаруашылығының міндеттері, 18 пайы­зы ұйқының бұзылуы деген негізгі бес се­бепті алға тартқан. Аталмыш сауалнама­­ны тыныс алу жолдары мен ұйқы бұ­­­­зы­­лыстарын емдеуге арналған меди­­­­циналық жабдықтар шыға­ра­тын әлемге әйгілі ResMed компа­ниясы жыл сайын өткізіп келеді. Биыл 13 елден қатысқан 30 мың адамның ішінде әйелдердің 48 пайызы және ерлердің 42 пайызы түнде ұйықтай алмай қиналатынын айтқан. 

Климаттың да ұйқыға әсері бар

Climate Central ұйымының зерт­теуінше, кейінгі кезде түнгі тем­ператураның артуы мен кли­мат­тық факторлардың әсері де ұйқы уақытының қысқаруы мен сапасының нашарлауына себеп болып отыр. Мәселен, климаттың өз­геруі салдарынан 2020-2025 жыл­дары ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны жылына орта есеппен 56 сағат ұйқыдан (шамамен 7 толық түн) айырылған. Сонымен қатар талданған 1 300-ден аса қаланың бә­рінде дерлік климаттың өзге­руіне байланысты ыстықтан ұйқы­ның бұзылуы 1970-жылдардың басымен салыстырғанда, кем де­генде екі есе өскен. Ұйқының ең көп жоғалуы Таяу Шығыс пен Оң­түстік-Шығыс Азияға тиесілі, онда адамдар жылына орта есеппен 55-тен 91 сағатқа дейін аз ұйықтаған. Кейінгі бес жылда Италияның Неа­поль қаласының тұрғындары ыстық салдарынан жыл сайын 51 сағат ұйықтамаған. Ұйқы ағзаның күндізгі қалыпты жұмысы үшін ма­ңызды рөл атқарады, алайда тем­пература төмендемесе, дене күй­зеліс күйінде қалып, ағза қал­пына келіп үлгермейді. Автор­лар­дың айтуынша, нашар ұйқы көңіл күйдің, когнитивті қабілеттердің және жұмыс өнімділігінің төменде­уіне, жүрек-қан тамырлары мен иммундық жүйе аурулары қаупінің артуына әкеп соқтырады. Әрине, ұйқыға көптеген фактор әсер етеді, дегенмен жаһандық температу­раның көтерілуі де орасан қауіпке айналды, тіпті түнгі ыстықтың әсерінен бірнеше сағат дұрыс ұйық­тай алмаудың өзі денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізеді.

«Бұл туралы ертең ойланамын»

Ұйқысыздықтың бір себебі ұзақ уақытқа созылған стресc пен маза­сыздық екені түсінікті. Qalam қо­ры­ның 2023 жылғы әлеуметттік зерт­теуіне сәйкес еліміздегі жас­тар­дың 70 пайыздан астамы тұрақ­ты стресс, ұйқысыздық және апа­тияға ұшырайтыны анықталған. Ал ма­засыздық пен ұйқының бұзы­луына әлеуметтік және тұрмыстық қиын­дықтар, табыстың аздығы, қар­жы­лық қысым мен несие алу се­беп ре­тінде көрсетілген. Зерттеу дере­гін­ше, жастар үшін несие алу өмір сүрудің негізгі құралына ай­налған, әсіресе айына 200 мың тең­геден аз табысы бар жандар үшін несие алудан басқа амал жоқ. Осылайша, қар­жылық мәселелер де ұйқының бұ­зылуына әсер етпей қоймайды. Психолог Лаура Нариманнан да осы жөнінде пікірін білген едік.

– Жұмыс, қаржы проблема­лары, отбасындағы реніш, бала қамы – осының бәрі адамның үнемі уайымдауына себеп болады. Әсіресе гипержауапкершілігі жо­ғары, бәрін бақылауда ұстайтын және перфекционист адамдардың негізгі ішкі сенімі: «Мен бәрін мін­сіз орындауым керек. Қателесуге болмайды». Олар өзіне шамадан тыс талап қояды, бәрін бақылауға тырысады, көп уайымдайды және өзіне демалуға да рұқсат бермейді. Соның салдарынан жүйке жүйесі үнемі кернеуде болып, мазасыздық пен ұйқының бұзылуына әкелуі мүмкін, – дейді ол.

Маман ұйқысыздық пен маза­сыздық себебін түсініп, салдарын емес, себебін жоюға көңіл бөлу ке­рек дейді, психологтың да көме­гіне ерте жүгінген жөн деген пікірде. 

– Жүректі махаббатқа толты­рып, өмірді және адамдарды қалай бар, солай қабылдауға тырысы­ңыз­дар. Біз басқаларды өзгерте алмай­мыз. Барлық мәселені түнде ше­шудің қажеті жоқ. «Желмен өткен» («Унесенные ветром») фильміндегі кейіпкер Скарлетт О’Хараның әй­гілі бір сөзі бар: «Бұл туралы ертең ойланамын». Кейде дәл осындай ұстаным ойды тыныштандырып, жақсы ұйықтауға көмектеседі. Бүгін ұйықтап, ертең тұру қажет, ал бізде керісінше, бүгін жатып, бүгін тұрады, – дейді психолог.

Сонымен қатар Лаура Нариман шамадан тыс ақпарат қабылдау да ұйқы сапасына әсер ететінін айтады. 

– Менің ойымша, қазір халық арасында ұйқысыздыққа душар бол­ғандардың көбеюінің бір себебі – ақпараттың тым көп болуы.  Адам­дар күні бойы әлеуметтік желіден түрлі жаңалық оқиды. Оның қата­рында тек жақсы жаңалық емес, соғыс, апат, қайғылы оқиғаларға қ­а­тысты жағымсыз ақпар көп. Мұ­ның бәрі адам психикасына әсерін тигізеді. Ми тынышталып, демалу орнына, қабылдаған ақпаратты өңдей береді. Соның әсерінен ұйық­тап кету қиындайды, ұйқы­ның сапасы төмендейді. Сол себеп­ті де ұйықтар алдында кем дегенде 1-2 сағат бұрын телефонды алысы­рақ қойып, әлеуметтік желіге кір­меуге тырысқан дұрыс. Бұл мидың тынығып, ұйқы са­пасын жақсар­туға көмектеседі, – дейді психолог. 

Ұйқы – дененің сигналы

Берклидегі Калифорния уни­верситетінің неврология және пси­хология профессоры Мэттью Уол­кер биыл әйгілі ұлыбритания­лық The Guardian басылымына мы­надай пікір білдірген екен: «Ұй­қысыздық  – жай ғана түнгі фи­зио­логиялық бұзылыс емес, ол – адам миының «эмоционалдық фильтрі­нің» істен шығуы. Түнде дұрыс ұйықтамаған ми күндіз қауіп-қа­терді үш есе ұлғайтып қабылдайды. Нәтижесінде, ұйқысыздықпен ауы­ратын адам әлемді объективті түрде емес, созылмалы қауіп режи­мінде көре бастайды. Біз ұйқыны реттеу арқылы адамға оның ақыл-ойының эмоцияны басқару қызметін қалпына келтіреміз», – дейді. Демек, ұйқының маңызы біз ойлағаннан да жоғары. Бүгінде ұйқы медицинасы тар бейінді оқшауланған сала емес, зерттеулер мен клиникалық тәжірибенің ала­ңына айналды, сала сомнология, неврология, кардиология, психиат­рия және басқа да салалармен тоғысты. Ұйқы бұзылыстарын анықтау мен емдеуде де жасанды интеллект және метаболикалық терапиялар үлкен рөл атқара бас­тады. Біз медицина ғылымдарының кандидаты, невролог-нейро­фи­зио­лог Ләззат Танашевадан ұйқы­сыз­дық жайында сұрап білген едік, оның айтуынша, ұйқы сапасының нашарлауына ешқашан бейжай қарауға болмайды. Медицина маманы оны былай түсіндірді:

– Ұйқының қиындауы аптасы­на кемінде үш рет болса, үш айға со­зылса және күндізгі қалыпты жұ­мыс істеуге кедергі келтірсе, бұл – емдеуді қажет ететін созылмалы ұй­қысыздық. Негізгі себептер – күйзеліс, мазасыздық, ұйқы режи­мі­нің бұзылуы, кешке кофе ішу, ұйықтар алдында гаджетті үнемі пайдалану, менопауза кезіндегі әйел денесінің ысуы, қалқанша безінің аурулары, түрлі ауру мен кейбір дәрі-дәрмектің әсері. Кейде адам ұйқысыздықтан зардап ше­ге­тініне сенеді, шын мәнінде, қо­рыл­дау мен тыныс алудың қиындауы­нан ұйқысы бұзылуы мүмкін. Түнгі ұйқыны ғана мәселе деуге болмай­ды, ұйқының қиындауы – дененің ауру туралы сигналы, – дейді ол.

Маманның кеңесінше, ұйық­тап жатып, тұншығып қалсаңыз, тыныс алуыңыз қиындаса, жаяу немесе көлік жүргізіп бара жатып көзіңіз ілініп кете беретін болса, түнде ұстама пайда болса, бірнеше күн қатарынан ұйықтай алмасаңыз, есте сақтау, сөйлеу қабілетінің қиындағанын байқасаңыз, дереу дәрігерге бару керек. Ұйқысыздық мазалағанда, маманмен әңгіме­ле­су­дің өзі мәселеңізді реттеуі мүмкін. 

– Сомнологтың негізгі құралы – құрылғы емес, науқаспен егжей-тегжейлі әңгімелесу. Науқастың қашан жатып, қашан оянатынын, ұйықтап кету үшін қанша уақыт кететінін, қаншалықты жиі ояна­тынын, қорылдайтынын, таңертең өзін қалай сезінетінін және қандай дәрі-дәрмекті ішетінін анықтау маңызды. Мен көбіне-көп пациен­тіме екі апта бойы ұйқы күнделігін жүргізуді ұсынамын. Кейде ол қым­бат тексеруге қарағанда себ­е­бін дәл анықтайды. Ал электро­эн­це­­фало­гра­фия әдетте қа­ра­па­йым ұйқы­сыздық үшін қажет емес. Ол эпи­лепсия, түнгі ұстамалар не­месе басқа неврологиялық бұзы­лысқа күдік туындаған жағдайда жасалады, – дейді невролог-нейрофизиолог.

Пациенттер әдетте медицина­лық тексеру мен анализдердің көп­тігінен шаршайтынын, сол себепті ауруханаға дер кезінде бара алмай­ты­нын айтып жатады. Ләззат Тана­ше­ва, негізінен, медициналық тек­се­руде кең ауқымды зерттеуді емес, дәлдіктің маңызды екенін ескертеді. 

– Білікті дәрігер ағзадағы бел­гілерге қарап-ақ жалпы қан ана­ли­зі, анемияны жоққа шығару үшін ферритин талдауы, гипотиреоз және гипертиреозды анықтауға ар­налған талдауды тапсыруды ұсы­нады, кейде көрсетілім бойынша В12 дәрумені және D дәруменін тек­серу керек. Маңыздысы – тек­серудегі дәлдік. Полисомногра­фияны тек қажет жағдайда жасай­ды. Полисомнография – түні бойы жүргізілетін кешенді ұйқы зерттеуі. Арнайы сенсорлар тыныс алуды, қандағы оттегі деңгейін, жүрек пен мидың жұмысын, көздің, бұлшық­еттің және аяқтың қозғалысын ба­қылайды. Бұл зерттеу әсіресе қо­рыл, тыныс алудағы үзілістер, ұй­қы кезіндегі қалыптан тыс қоз­ғалыстар және ұзақмерзімді, ем­деуге төзімді ұйқысыздық үшін ма­ңызды, – дейді маман.

Ұйықтататын дәрі мәселені шешпейді

Ұйқысыздыққа душар болған жандар кейде мәселені реттеу үшін дәрігердің тағайындауынсыз ұйық­татын дәрі ішіп жатады. Алайда дәрі еш уақытта мәселені шеш­пей­ді. Неврологтың түсіндіруінше, кейбір ұйықтататын дәрілер ұзақ және бақылаусыз қолданған кезде тәуел­ділікке әкелуі мүмкін, сонда алдың­ғы доза енді көмектеспейтін бола­ды, ал дәріні ішуді тоқтатқан­нан кейін ұйықтау тіпті қиынға соғады.

– Дәрі ішу денедегі дабылдың себебін түсінбей өшірумен тең. Ұйқыға арналған таблеткалар ұйқы апноэсімен ауыратын адамдардың тыныс алуын бұзады. Созылмалы ұйқысыздықтың негізгі емі – ког­ни­тивті мінез-құлық терапиясы. Ол мидың қалыпты ұйқы режимін қалпына келтіруге көмектеседі. Емдеудің мақсаты – адамды кез келген жағдайда ұйықтату емес, оның табиғи ұйқы режимін қалпы­на келтіру, – дейді Ләззат Танашева.

Маманның айтуынша, ұйқы бұ­зы­лысының артында ауыр диаг­ноздың да жасырынуы мүмкін. Сол себепті ағзадағы кез келген белгіге көңіл аударғаныңыз абзал. Ұйқым нашар деп жүргенде, ұйқы апноэсі, жүрек-қан тамырлары аурулары­ның асқынуы, темір тампшылығы, қал­қанша безінің дисфункциясы сын­ды дертпен бетпе-бет келуіңіз мүм­кін. Сол себепті де ұйқысыздық сип­то­мымен емес, себебімен күресіңіз.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 05:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары