Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Ұлыбританияда пабтар салықтың өсуіне наразылық ретінде саясаткерлерді кіргізбей жатыр

Ұлыбританияда пабтар салықтың өсуіне наразылық ретінде саясаткерлерді кіргізбей жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ел бойынша мыңнан астам паб биліктегі Лейбористік партиядан сайланған депутаттарды кіргізбейтінін мәлімдеді. Бұл қадам қараша айында ұсынылған салық реформасына қарсылық ретінде жасалып отыр.

Наразылықтың көпшілікке мәлім мысалдарының бірі ретінде Англияның Лидс қаласындағы The Marsh Inn пабының иесін келтіруге болады. Оның бизнеске салынатын салығы 2,5 мың фунт стерлингке өскен. Бұған жауап ретінде ол Қаржы министрі Рэйчел Ривз бен оның әріптестеріне пабқа кіруге тыйым салды.

Бұл шешім өзге де мекеме иелері тарапынан қолдау тауып, наразылық жаппай сипат алды. Британдық БАҚ дерегінше, бойкотқа қазірдің өзінде мыңнан астам паб қосылған.

Науқанға танымал тележүргізуші Джереми Кларксон да қосылып, өз пабына депутаттардың кіруіне тыйым салды. Бұған дейін ол The Times газетіне берген сұхбатында Ұлыбританиядан кетуді ойлап жүргенін айтып, елде «салық, қылмыс пен ауру ғана үстемдік ететін кезең басталып келеді» деп айтқан болатын.

Наразылықтың негізгі себебі — коммерциялық жылжымайтын мүлікті үш жыл сайын қайта бағалау. Бұл процесс пабтар мен мейрамханалардың бағалау құнының қайта қаралуына әкеліп, соның негізінде бизнес салығы есептеледі.

Жаңа бағалаулар 2024 жылғы көрсеткіштерге сүйеніп жасалады. Ал алдыңғы қайта бағалау 2021 жылы, коронавирус пандемиясының шарықтау кезеңінде жүргізілген еді. Ол кезде қоғамдық тамақтану орындарының қызметі айтарлықтай шектелген болатын.

Сала өкілдері қонақжайлылық саласы үшін қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін төмендетуді және пандемия кезінде берілген кейбір салықтық жеңілдіктерді сақтап қалуды талап етіп отыр. Әсіресе COVID-19 кезінде локдаун салдарынан келген шығынды өтеу үшін енгізілген бизнес салығы бойынша 40 пайыздық жеңілдіктің жойылуы салық жүктемесінің күрт өсуіне әсер еткен басты себептердің бірі болды.

Үкімет стандартты салық жүйесіне қайта оралу бизнестің жағдайын қиындататынын мойындап отыр. Осы үдерісті жұмсарту үшін алдағы үш жылға арналған бюджетте 4,3 млрд фунт стерлинг көлемінде қолдау пакеті қарастырылған. Бұл қаражат төлемдердің күрт өсуін тежеуге және өтпелі кезеңді бірқалыпты етуге бағытталған. Мұндай қолдау болмағанда, келесі жылы пабтарға түсетін салық жүктемесі шамамен 45 пайызға артуы мүмкін еді.

Соған қарамастан, салалық ұйымдардың мәліметінше, уақытша қолдау шаралары ескерілсе де, келесі жылы пабтар үшін орташа бизнес салығы шамамен 15 пайызға өседі. Бұл бір пабқа қосымша 1,4 мың фунт стерлинг шығын әкеледі. Ал үш жыл ішінде орташа бір пабтың қосымша шығыны 13 мың фунт стерлингке жуықтауы мүмкін.

Экономикалық наразылық аясында, The Guardian газетінде жазылғандай, парламент депутаттары қоғамдық орындарда жиі дұшпандық көзқарасқа тап болып отыр. Өткен жылдың шілдесінде лейбористер билікке келгеннен кейінгі алғашқы 18 айда партияның рейтингі шамамен 34 пайыздан 18 пайызға дейін төмендеген.

Бұған дейін Ұлыбританияда тұрғын үй бағасы қатарынан екінші ай төмендеп жатқаны хабарланған еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see155

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see154

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see146

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see135

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see129

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see127

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see125

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see123

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see122

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see122

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see122

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see122

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see120

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see119

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see119

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see119

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see118

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see113

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары