Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Алматы тау кластеріне жыл сайын 3 миллион турист келеді

Алматы тау кластеріне жыл сайын 3 миллион турист келеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: Kazakh Tourism Development

Оның айтуынша, өткен жылы ел ішінде қонақүйлерге орналасқан туристер саны 8,6 миллион адамға жеткен. Сонымен қатар, еліміздегі орналастыру нысандарының саны артып, туристік инфрақұрылым кеңейіп келеді.

Спикер Алматының Қазақстандағы негізгі туристік және халықаралық әуе хабы ретіндегі маңызына ерекше тоқталды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы қонақүйлер мен орналастыру орындары шамамен 2,5 миллион туристке қызмет көрсеткен. Оның ішінде 1,7 миллион адам – ішкі туристер болса, 754 мыңнан астамы – шетелдік қонақтар.

Бүгінде Алматы халықаралық нарықтағы позициясын нығайтып келеді. Қала Орталық Азиядағы әуе қатынасы ең дамыған мегаполис саналады әрі Bloomberg пен CNN нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 25 туристік бағыттың қатарына енген.

Кейінгі жылдары Алматыға келетін туристердің демалыс ұзақтығы да артқан. Шетелдік қонақтардың шығыны 40 пайызға көбейіп, табиғи, тау және мәдени туризмге қызығушылық жоғарылаған. Туристердің басым бөлігі қалаға демалыс пен белсенді саяхат мақсатында келеді.

Жиында Алматы тау кластерінің Қазақстан туризміндегі стратегиялық маңызы ерекше айтылды. Бүгінде кластерге жыл сайын шамамен 3 миллион турист келеді. Оның ішінде 2,2 миллионы – отандық, ал 764 мыңы – шетелдік туристер. Кластер аясында көрсетілетін қызмет көлемі 199 миллиард теңгеге жеткен.

Тау кластерінің негізгі нысандарының бірі – Shymbulak Mountain Resort. Былтыр курортқа келушілер саны 1,4 миллионға жеткен. Мамандардың айтуынша, халықаралық туристердің Алматыға деген қызығушылығының 80 пайызы табиғатпен, таумен және белсенді демалыспен байланысты.

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді дамытудың үлгісіне айналуға тиіс

Сондай-ақ сарапшылар Қытай мен Ресей нарығын тау шаңғысы туризмін дамытудағы негізгі бағыттардың бірі ретінде атап өтті. Қытайда 12,8 миллионнан астам шаңғышы бар болса, Ресейде бұл көрсеткіш 3,6 миллион адамға жетеді. Осы нарықтың аз ғана бөлігін тартудың өзі Қазақстанға келетін туристер санын айтарлықтай арттыра алады.

Жоба аясында халықаралық спорттық жарыстар, мәдени фестивальдер, концерттер мен іскерлік форумдар өткізу мүмкіндігі де қарастырылып отыр. Бұл Алматыны Орталық Азиядағы тау және іскерлік туризм орталығына айналдыруға жол ашпақ.

Қоғамдық тыңдауда Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі бәсекелестікке де назар аударылды. Қырғызстандағы «Үш шың», Өзбекстандағы Amirsoy, Әзербайжандағы Shahdag және Грузиядағы Gudauri секілді ірі тау курорттары бүгінде қарқынды дамып келеді. Осыған байланысты Алматы тау кластерін дамыту Қазақстанның аймақтағы туристік көшбасшылығын сақтауда маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Спикердің айтуынша, әлемдік тәжірибеде тау шаңғысы инфрақұрылымына салынған әрбір доллар қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді әрі мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашады. Туристердің шығыны да басқа демалыс түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Министр: Almaty Superski нақты ережелері бар қоғамдық инфрақұрылым ретінде дамуы тиіс

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Үкімет Алматы тау кластерін 2025-2029 жылдары дамытуға арналған кешенді жоспарды бекітті. Құжат 73 іс-шараны қамтиды. Жоспар аясында көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, инвестиция тарту, қауіпсіздік, цифрландыру және туристік аймақтарды абаттандыру көзделген.

2029 жылға қарай шетелдік туристер санын 1,7 миллион адамға жеткізу, туризм саласындағы жұмыспен қамтуды 102 мың адамға дейін арттыру және 240 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тау кластерінің өткізу қабілеті тәулігіне 24 мың адамға дейін ұлғайып, тау шаңғысы трассалары мен аспалы жолдар саны көбеймек.

Еске салайық, бұған дейін қоғамдық тыңдаулар басталғанын хабарлағанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Мамыр 2026 10:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

23 Тамыз 2026 19:54see132

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see123

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see119

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

24 Тамыз 2026 20:33see118

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see117

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

24 Тамыз 2026 19:03see117

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see117

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see117

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see117

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see115

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see115

130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты

23 Тамыз 2026 10:15see115

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

23 Тамыз 2026 09:44see114

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see114

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

23 Тамыз 2026 07:16see114

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see113

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see113

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see113

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see113

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары