Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Алматыда Сириус мектебі мен білім беру орталығының даму бағдарламалары таныстырылды

Алматыда Сириус мектебі мен білім беру орталығының даму бағдарламалары таныстырылды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасы және «Талант и успех» қорының жетекшісі Елена Шмелева, ғылыми және педагогикалық қауымдастық өкілдері қатысты.

«Сириус» мектебінде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша кіріктірілген бағдарламалар, сондай-ақ жасанды интеллект, ғарыш, инженерия және өмір туралы ғылымдар бағытындағы пәнаралық курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстандық оқушылар «Сириус» орталығының бағдарламаларына қазірдің өзінде қатысуда. 2024-2025 жылдар аралығында балалар «Үлкен перспективалар» ғылыми-технологиялық байқауының жобалық командаларында жұмыс істеді. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды.

Саммитке дарынды оқушылар мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтер қатысты. Саммит аясында мектеп пен орталық жобасының таныстырылымы, «Сириус» мамандарының дәрістері мен шеберлік сабақтары, «Үлкен перспективалар» байқауы жобаларының көрмесі, сондай-ақ мұғалімдерге арналған курс өтті.

Саммит бағдарламасы аясында оқушыларға арналған ғылыми-көпшілік дәрістер, «Сириус» жетекші сарапшыларының шеберлік сабақтары, математика және жаратылыстану пәндері педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы да өткізілді. Оқушылар генетикалық және ақпараттық технологиялардың дамуымен танысып, квадрокоптер немесе робот құрастырып, бағдарламалап көрді, мидың жұмыс істеу ерекшеліктерін зерделеп, «Сириус» білім беру орталығының академиялық және индустриялық серіктестерінен ұсынылған жобалық тапсырмалармен жұмыс істеді.

Фото: Үкімет

– Бүгін ғимараттың алғашқы кірпіші қаланды. Бұл жай ғана символдық қадам емес, бұл мектептің қалай құрылатынын айқындайтын практикалық жұмыстың басталуы. Ол білім беру бағдарламаларын қалыптастырудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Жоба жаратылыстану ғылымдары мен заманауи технологиялар саласына кіріктірілген бағыттарға негізделіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады,  деп атап өтті Аида Балаева.

Өз кезегінде «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасы және «Талант и успех» қорының жетекшісі Елена Шмелева Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндетті жүзеге асырып жатқанын айтты. 

– Үздік педагогтермен, ғалымдармен және технологиялық компаниялардың өкілдерімен бірлесе отырып, Қазақстан оқушыларының талантын дамытуға барлық жағдай жасалған зияткерлік, мазмұнды және қауіпсіз орта қалыптастырып жатырмыз. Қазіргі балалар кейде тәжірибелі мамандардың өзі қиналатын мәселелерді шешуге дайын. Сондықтан «Сириус» жобалық қызметті дамытуға ерекше мән береді. Біздің флагмандық жобамыз саналатын «Үлкен перспективалар» байқауы осының айқын дәлелдейді. Биыл байқау 11-рет өткізіліп, халықаралық мәртебе алды, - деді Елена Шмелева.

Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігі ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігімен бірлесіп Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында «Сириус» университетінің «Ғылыми-технологиялық білім беру көшбасшылары» атты екі жылдық магистрлік бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама дарынды балалармен жұмыс істеуге, жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша, соның ішінде педагогикада жасанды интеллектіні қолдану саласында мамандар даярлауға бағытталған. 

Бұған дейін Үкімет білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы қаржыландыру тетігін қайта қарастыратынын жазғанбыз. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 20:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see124

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары