Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Болашақ мектебі: Қазақстан білім беру арқылы тұрақтылықты қалай нығайтады

Болашақ мектебі: Қазақстан білім беру арқылы тұрақтылықты қалай нығайтады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Қазақстандағы бастауыш және орта білім берудің кепілдік берілген көлемі жүйесінің қазіргі жай-күйін қалай бағалайсыз?

— Ел Конституциясында азаматтардың тегін орта білім алу құқығы бекітілген, сондай-ақ мемлекет мектептердің дамуына белсенді инвестиция салуды жалғастырып келеді.

Білім беру процестерін цифрлық технологиялар белсенді түрде толықтырып жатыр. Бізде электронды оқыту платформалары, электронды журналдар мен қашықтан білім беру жүйелері құрылды.

Осы жылдың ақпан айынан бастап 165 мың қазақстандық педагог ChatGPT — ChatGPT EDU білім беру нұсқасына қол жеткізді. Сонымен қатар, жаңа мектептердің құрылысы жалғасуда және оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге арналған бағдарламалар іске асырылып отыр.

Дегенмен, «қала-ауыл» қағидаты бойынша оқыту сапасындағы, инфрақұрылымдағы және Интернетке қолжетімділіктегі теңсіздікті атап өту маңызды. Бұл ретте ауыл мектептері қалалық оқу орындарынан айтарлықтай қалыс келеді. Мектептердің шамадан тыс жүктелуі байқалып отыр, кейбіреулері екі ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр, бұл жағдай балаларға теріс әсер етеді.

Мұғалімдердің тапшылығы мәселесі әлі де ауылдағы мектептерде өзекті. Жалақының өсуіне және педагогикалық білім беру реформаларына қарамастан, бұл бағытта осындай мәселе бар. Осы орайда бұл деректер UNESCO және World Bank зерттеулерімен де расталды. Олардың мәлімдеуінше, Қазақстан білім берумен қамтудың жоғары көрсеткіштерін байқатып отыр, алайда жүйенің одан әрі дамуы үшін оқыту сапасын көтеруді және өңірлік теңсіздікті қысқарту маңызды.

— Тегін білім беру мен елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы қалайша өзара байланысты болады?

— Орнықты даму мақсаттары бойынша сарапшы ретінде айтарым, сапалы білім мен тұрақты даму өзара қатар тұрған басымдықтар. 2030 жылға дейінгі жаһандық күн тәртібінің 4-мақсатында сапалы білім беруді қамтамасыз ету басым бағыт ретінде айқындалуы бекер емес. Тұрақтылықты үш өлшемде ажыратуға болады.

Фото: Анастасия Палагутина

Біріншіден, әлеуметтік тұрақтылық. Білімге тең қол жетімділік әлеуметтік теңсіздікті азайтады және қоғамда әділ әлеуметтік құрылымды қалыптастырады. Сапалы білім таңдалған мамандықта жетістікке жетуге және перспективалы мансап құруға нақты мүмкіндік береді, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс төмендейді.

Екіншіден, экономикалық тұрақтылық. Білімді халық әртүрлі салада білікті жұмыс күшін қалыптастырады, бұл экономиканың өнімділігін арттырады және ел экономикасының әртараптандырылуы мен бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді.

Үшіншісі — инновациялық даму. Мектептегі сапалы дайындық ғылым, технология және кәсіпкерліктің негізіне айналады. Инновация экономиканы ілгерілетеді, халықаралық серіктестіктер орнатуға және халықаралық имиджді нығайтуға әсер етеді.

— Жаңа Конституцияның жобасы білім беру жүйесін одан әрі дамытуға негіз бола ала ма?

— Конституциялық нормалар білім беру саясатын қалыптастыруда іргелі рөл атқарады. Жаңа Конституцияда Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында бастауыш және орта білім алуға кепілдік беріледі және бұл мемлекеттің ұзақ мерзімді міндеттемелері үшін негіз жасайды, яғни саяси өзгерістерге қарамастан баланың білім алу құқығын қорғайды.

Егер Конституциялық кепілдіктер заңнамалық және институционалдық реформалармен (мысалы, мектептерді жаңғырту, мұғалімдерді даярлау, цифрлық платформаларды дамыту) сүйемелденетін болса, бұл өз кезегінде білім беру жүйесін дамытудың қуатты ынталандыру тетігіне айналады.

— Реформалар мен конституциялық кепілдіктердің үйлесімі Қазақстанның имиджіне қалай әсер етеді?

— Нақты білім беру реформалары мен конституциялық кепілдіктердің үйлесуі елдің ішкі және халықаралық беделіне әсер ететіні сөзсіз. Ел ішінде қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімі артып келеді, әлеуметтік әділеттілік сезімі күшейіп, білім беру дамудың ұзақ мерзімді басымдығы ретінде қабылданып отыр.

Балаларымыздың әртүрлі пән бойынша өңірлік әрі халықаралық жарыстардағы жетістіктерін көріп отырмыз және бұл білім беру сапасының көрсеткіші. OECD және World Bank бағалуына қарасақ, білімге инвестиция мен білім алуға құқықтық кепілдік мемлекеттердің орнықты дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы.

Біз білім берудің жаһандық рейтингтерін көріп отырмыз және еліміздің осыған қатысуы өте маңызды. Халықаралық аренада елдің адами капиталға инвестиция салатын мемлекет ретіндегі имиджі нығаяды, халықаралық серіктестер мен білім беру бағдарламалары алдында тартымдылық артады, сондай-ақ елдің адами капиталды дамытудың жаһандық рейтингтеріндегі позициясы жақсарады.

Айта кетейік, жақында Сыртқы істер министрлігінде ҚР Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған Орнықты даму саласындағы ынтымақтастық негіздемелік бағдарламасының Басқарушы комитетінің отырысы өтті. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Наурыз 2026 12:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары