Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

AMANAT партиясы 4 миллион азаматты Әлеуметтік әмиянмен жұмыс істеуге жаппай оқытуды бастайды

AMANAT партиясы 4 миллион азаматты Әлеуметтік әмиянмен жұмыс істеуге жаппай оқытуды бастайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«AMANAT» партиясында өткен отырыста мемлекеттік қолдаудың нақты әрі ашық көрсетілуіне арналған цифрлық қызмет – «Әлеуметтік әмиян» жобасын одан әрі дамыту мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Партия мүшелері 4 миллионнан астам адамды қамтитын ауқымды оқыту жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанды үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойды. Мемлекет басшысы әрбір азаматтың лайықты табысқа қол жеткізіп, сапалы әлеуметтік қызметтер алуына барлық жағдай жасалып жатқанын ерекше атап өтті.

Бұл басымдықтар бүгінде жүзеге асып жатқан нақты жобаларда көрініс табуда. Осындай құралдардың бірі – Әлеуметтік әмиян.

«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының директоры Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл жоба ата-аналарға, созылмалы аурумен ауыратын азаматтарға және басқа да санаттағы адамдарға бюрократиялық кедергілерсіз тиісті қолдауды алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік саясаттың тиімді цифрлық құралына айналды.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жүйеде ыстық тамақпен қамтылған 1,6 млн бала және электрондық рецепт арқылы дәрі-дәрмек алатын 2 миллионнан астам ересек адам тіркелген.

«Әлеуметтік әмиянды мектептерде енгізу, біріншіден, қағаз құжаттардан толықтай бас тартуға мүмкіндік берді, бұл қаражаттың жұмсалуын ашық етуге жол ашты. Екіншіден, ата-аналар балалардың мектеп асханасына барғаны туралы және күнделікті ас мәзірі жайында ақпарат алып отыр. Яғни, балалардың тамақтануына ата-аналар тарапынан қоғамдық бақылау жасауға тиімді жағдай жасалды.

Біз әрбір адамның өзіне тиесілі әлеуметтік қолдаулар туралы ашық әрі нақты ақпаратқа қол жеткізуін қалаймыз.

Алайда ата-аналар бұл жүйеге белсенді араласпаса, кері байланыс бермесе, жүйе толыққанды жұмыс істей алмайды.

Қазан-қараша айларында небәрі 19 мың ата-ана мектептегі тамақ сапасына баға берген, бұл жалпы ата-аналардың небәрі 0,04 пайызы ғана. Ал дер кезінде жүргізілген бақылау – мектеп асханаларындағы улану секілді резонанстық жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолы», – деді ол.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрайымы Айнұр Юсупова бүгінде 6,7 мыңнан астам мектепте оқушылардың мектеп асханаларында тамақтануын есепке алатын аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылғанын айтты.

«Аппараттық-бағдарламалық кешен – бұл мектептің кіреберісіне қойылған турникеттер. Бала бет-әлпетін тану жүйесі арқылы өтеді. Осындай турникеттер мектеп асханасының кіреберісіне де орнатылған. Жүйе асханаға қай уақытта, қай сыныптан және қай бала кіргенін тіркейді. Осы 910 мың бала – дәл осындай бақылау жүйесі (СКУД) арқылы тіркелгендер. Ал мұндай жүйелер орнатылмаған шағын жинақталған мектептерде оқушыларды сәйкестендіру арнайы қосымша арқылы жүргізіледі», – деді ол.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов дәрілік қамтамасыз ету жүйесін цифрландыру нәтижелерін таныстырып, соңғы үш жылда 15,8 млн рецепт жазылғанын, оның ішінде 12,8 миллионы немесе 81 пайызы тек Әлеуметтік әмиян арқылы берілетінін атап өтті. Ол электронды рецептің пациенттер үшін, әсіресе диспансерлік есепте тұрғандар үшін үлкен жеңілдік болғанын айтты, өйткені бұрын олар қағаз құжатты жаңарту үшін емханаға жиі баруға мәжбүр болатын.

«Біздің мақсатымыз – цифрландыру деңгейін 90 пайыздан асыру. Біз бұл бағытта сенімді түрде алға жылжып келеміз және оның елеулі әсерін көріп отырмыз: дәрі-дәрмектер қолжетімді бола бастады, барлық үдерістер айқын әрі ашық болды. Министрлік азаматтарға тегін дәрі-дәрмекті тек әлеуметтік дәріханалардан ғана емес, сонымен қатар жекеменшік дәріханалардан да алуға мүмкіндік беретін пилоттық жобаны кеңейтуде.», – деді ол.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева цифрлық шешімдер әрбір азаматқа, ол қай жерде тұрса да, қандай әлеуметтік мәртебеде болса да, қолжетімді болуы керек екенін айтты.

«Өнім енгізілсе де, енгізілмесе де, біз өзімізді цифрлық оптимистер қоғамына жатқызамыз. Бірақ кез келген цифрлық құрал ыңғайлы, түсінікті және қауіпсіз болуы тиіс екенін ұғуымыз керек. Партия әр адамның, әр қосымшадағы басқан қадамын бақылап, оларға жаңа технологияларды игеруге көмектесуі керек. Біздің «Цифрлық қоғам» атты партиялық жобамыз осы мақсатпен жасалды», – деп атап өтті ол.

Талқылауға Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова да қатысты. Оның айтуынша, ата-аналар жаңа жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсініп, оның мүмкіндіктерін қолдана білуі қажет, әйтпесе цифрландыру өзінің мақсатына жете алмайды.

Өңірлердің өкілдері де өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар Әлеуметтік әмиянды енгізудің жергілікті деңгейде қаншалықты экономикалық әсер беретіні туралы айтты. - Қыркүйек, қазан айларында қала 460 миллион теңге үнемдеген. Қаладағы 151 мектепте аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылғандықтан, төлем бұрынғыдай тізім бойынша емес,  балалардың тамақтануына сәйкес нақты жүргізілген,- деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек. 

Үнемделген қаражат қайтадан білім саласын дамытуға бағытталады. Сонымен қатар, ол Әлеуметтік әмиян жүйесіне мектеп формаларын, канцеляриялық тауарларды және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған басқа да қолдау шараларын енгізуді ұсынды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов өңірде қосымша білім беру бағытында (ваучерлер енгізілген) шамамен 500 миллион теңге, сондай-ақ мектептердегі ыстық тамақты цифрлық есепке алу арқылы тағы 200 миллион теңге үнемделгенін атап өтті.

Актөбе облысынан түскен мәлімет бойынша, әлі күнге дейін ата-аналардың шамамен 10%-ы Әлеуметтік әмияннан келетін хабарламаларды  алаяқтық ретінде қабылдайды. Облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырханның айтуынша, бұл  - жүйеге деген сенімді арттыру үшін жаппай оқыту қажет екенін көрсетеді.

Жиынды қорытындылай келе, «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының директоры шамамен 4 миллион адамды қамтитын кең ауқымды жаппай оқу науқанының басталғанын жариялады.

Әр өңірде бірнеше мектеп және емханада, министрлік мамандары әлеуметтік педагогтерді, ата-аналарды және тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтарды оқыту жұмысын жүргізеді. 

Алдағы уақытта өңірлер оқытуды келесі жылдың соңына дейін өздері ұйымдастырады, ал сапа бақылауы қағаз жүзіндегі есептер арқылы емес, тек Әлеуметтік әмиянның деректері бойынша – ата-аналардың белсенділігі мен кері байланысына негізделеді.

«Мемлекет жыл сайын әр балаға – балабақшадан бастап студентке дейін – үлкен қаржы бөледі, енді әр отбасы бұл сомаларды өздерінің цифрлық профильдерінде көре алады, бұл әлеуметтік саясаттың мүлдем жаңа деңгейдегі ашықтығын қамтамасыз етеді», – деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 18:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see130

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see127

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see126

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see117

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see115

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see114

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see113

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see112

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see111

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see111

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see111

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see111

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see110

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see110

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see109

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see108

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары