Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Антына адал дәрігер

Антына адал дәрігер

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Күні бүгінге дейін 5 мыңға жуық операция жасаған білікті травматолог дәрігер Ербол Шыршықбай алғыс арқалап жүрген абзал жан. Гиппократ антына адалдық танытып жүрген оған үлкендердің ақ батасын, кішілердің ризашылығын алу күнделікті дағды.

Ербол Нұрғалиұлының дәрігер атануына о баста асыл әжесі әсер етіпті. Әжесі Рыскүл пойызбен келе жатып, Қарағанды медицина университетінде дәрігер мамандығын оқып жатқан студентпен сапарлас болады. Жас жігіттің үлкенге деген құрметі мен тәлім-тәрбиесіне іштей риза болып, өмірге келген немересінің құрметіне Ербол деп атын қойып, дәрігер болып, елдің алғысында жүретін ер-азамат болсын деп ырымдапты. Сол әзиз ананың ақ батасы мен ниеті қабыл болып, немересі де Қарағандыдағы медицина университетінен оқып, шыңдалады.

Жас кезінде Ербол әскери салаға әуес болыпты. Әкесі Нұрғали мен анасы Алтынгүл медицина саласын таңдауға бағытын беріпті. Әкесі үнемі Қарағанды қаласында табысты еңбек етіп жүрген ауылының мақтанышы Жәнібек есімді дәрігерді үлгі қылыпты. «Жәнібектей болсаң, біздің арманымыз – сол», деген әке аманатын орындайды. Бір қызығы, сол үлгі тұтқан дәрігерінің Х.Мақажанов атындағы аурухананың шұғыл жарақат бөлімшесінде травматолог болып еңбек еткенін кейін біліп, тағдыр сәйкестігіне таңырқапты.

Оңтүстік өңірден Арқаға аманат арқалап келген ол 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне «Жалпы медицина» мамандығы бо­йынша оқуға түсіп, одан соң «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатураға қабылданады. Кәсіби білімін тереңдетіп, травматология және ортопедия (ересектер және балалар) мамандығы бойынша резидентураға түсіп, оны да сәтті тәмамдайды.

Жалындап тұрған жас жігіттің еңбек жолы студент кезінде басталады. Х.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығының шұғыл жарақат бөлімшесінде тәжірибе жинақтауға барған ол алдымен санитар, кейін мейіргер ретінде екі жыл жұмыс істейді.

Резидентурада оқып жүрген кезінде, Теміртау қаласындағы Орталық ауру­ха­наның травмпунктінде травматолог дәрігер болып еңбек етеді. 2020 жылдан бастап Х.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханада қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде жедел травматологиялық пунктте, жедел қабылдау бөлімінде, ересектер ортопедиясында, буындар артроскопиясы, балалар жарақаты, комбустиология және іріңді травматология бөлімшелерінде жұмыс істеп, біліктілігін арттырады. Кейінгі үш жылда шұғыл жарақат бөлімшесінде еңбек етіп жүр.

Тәжірибелі травматолог өз саласын­дағы кез келген операция түрін жасайды. Оның ішінде буындарды эндопротездеу, жарақат кезіндегі сүйек сынықтарын заманауи технологиялармен бекіту, тізе және иық буындарының артроскопиясы, қол, аяқ және жамбас сүйектеріне реконструктивтік операция­лар жасайды.

Кәсіби даму жолында шетелдік тәжіри­бені меңгеруге де ерекше мән береді. 2020 жылы Түркия Респуб­ли­­ка­сының Бурса қаласында «Ірі буындар артроскопиясы» бойынша, 2023 жылы Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы, Қазан қаласында тізе және иық буындарының артроскопия­сы бойынша біліктілігін арттырады.

Расында, білікті маман, тәжірибелі травматолог, ардақты азаматқа рахмет алу – үйреншікті үрдіс. Мәселен, 86 жастағы Дамила Мұхажанова есімді әже операциясы сәтті өткен соң, қолын жа­йып, ақ батасын жаудырыпты. Ақпанда жауған ақ жауын мұз болып қатып, соның салдарынан жарақат алғандар көп болды. Дамила әжей де ауласында тайып құлап, сол жақ сан сүйегін ауыр жарақаттап алады.

– Сол күні маған жабық репозиция және сол жақ сан сүйегіне гамма-стерженьмен блокталған интрамедуллярлы остеосинтез операциясы жасалды. Операция жоғары кәсіби деңгейде өтіп, қазіргі таңда жағдайым жақсарып, біртіндеп аяққа тұрып келемін. Ең алдымен, Ербол есімді дәрігердің біліктілігі, адамгершілігі маған үлкен демеу болды. Осындай күрделі сәтте кәсіби көмек көрсетіп, аяғымнан тік тұруыма себепкер болған травматолог дәрігерге аналық ақ батамды жаудырдым. Үлкен адамға бұл – оңай жағдай емес. Елгезек Ербол баламның еңбегі жансын, – дейді Дамила әжей.

Өткен аптада Оралсын Жалназар­ұлы есімді жас жігіт те мұздан тайып құлап, оң тізесін жарақаттап алады. Содан ауырсынып, жарақат алған тұсы ісініп, ауруханаға түседі.

– Тексеру нәтижесінде шұғыл түрде операция қажет екені айтылды. Дәрігерлердің кәсіби түсіндіруі мен қолдауы маған сенім берді. Маған оң жақ тізе буынына артроскопиялық операция жасалып, медиальды менисктің зақымдалған бөлігіне парциалды резекция жүргізілді, буын ішіне санация жасалып, блокада жойылды. Операция жеңіл өтті. Қазіргі таңда оң жақ тізем оңалып келеді. Осы орайда қолы алтын дәрігер Ербол мырзаға ризашылығымды жеткізгім келеді, – дейді Оралсын.

Ал білікті травматолог үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, бата алуды бала кезден үйреткен әке-анасына ризашылығын жеткізеді.

– Травматолог дәрігер ретінде әрбір күн мен үшін үлкен жауапкершілік пен сенім. Жарақат алған науқастың ауыр­сынуын жеңілдетіп, оның қайтадан еркін қимылдап, қалыпты өмірге оралуына себепкер болу – біз үшін міндет әрі мәртебе, – дейді травматолог Ербол Нұрғалиұлы.

Осылайша, асыл жар, ардақты әке Ербол Нұрғалиұлы елдің алғыс-батасымен бақытқа кенеліп келеді.

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Дананың сөзі ұраныма айналды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы

Қоғам • Бүгін, 09:40

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25

Еселенген жақсылық

Пікір • Бүгін, 09:20

Ауғанстан азаматтарының ықыласы

Қоғам • Бүгін, 09:15

Мейірбан жұртыма ризамын

Қоғам • Бүгін, 09:10

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see148

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see147

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see146

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see144

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see142

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see142

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see134

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see128

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see125

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see125

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see125

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see122

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see119

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see118

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see116

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see116

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see115

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see113

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see113

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары