Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Батыр емеспін, палуанмын: Жапониядағы қазақ спортшысының ұстанымы

Батыр емеспін, палуанмын: Жапониядағы қазақ спортшысының ұстанымы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алдымен, спортшы өмірінен аз-маз дерек бере кетсек. Ол 1997 жылы 24 маусымда Алматыда туған. 18 жасына дейін дзюдомен және қазақша күреспен айналысқан. 2015 жылы сумомен шұғылдану үшін Жапонияға қоныс аударады. Нихон университетінде оқи жүріп, студенттік клубта өнер көрсеткен. Ал 2021 жылы кәсіпқой спортқа ауысты. Жақсы нәтижелері мен жоғары жетістіктерінің арқасында 2023 жылы сумоның жоғары дивизионы Макуутиге енген. Император Кубогын 12 рет жеңіп алған. Бойы – 196 см, салмағы – 178 келі.

– Осыдан 10 жыл бұрын, 18 жасқа тола сала, сумомен айналысу үшін Жапонияға аттаныпсыз. Үйренісу қиын болған жоқ па?

– Негізі, қиын болды. Мәдениеті, тілі басқа ел. Жапондар кірпияз халық деп айтуға болады. Олардың өмір салтына бірден үйренісіп кету оңай емес. Алайда университетте оқығанда, жатақханада тұрдым. Онда ішкі ережелер болды. Соларға бағынып, тәртіп бұзбадым. Шетелде жүргендіктен, сол жақтың өмір салтын, дәстүрін меңгеріп, сыйлау керек.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

– Былтыр желтоқсан айында Мемлекет басшысы Жапонияға барған ресми сапары кезінде Токиода өзіңізбен кездесті. Осы кездесуден соң, сізді көпшілік айрықша тани бастады. Сол сәттегі әсеріңіз есіңізден кетпейтін болар?

– Президентпен кездесеміз деп мүлде ойламаппын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға сапары алдында біз басқа қалада жаттығуда болдық. Кәсіпқой спортшы болғандықтан үнемі оқу-жаттығу жиындарында жүреміз. Мемлекет басшысымен кездесетінімізді естіген соң, Токиоға бардық. Қобалжу болды. Өмірімнің ең есте қалар сәттерінің бірі екені анық.

– Сумоның жоғары дивизионы Макуутиде «Кинбодзан Харуки» деген лақап атпен өнер көрсетесіз. Бұл қандай мағына береді?

– Кинбодзан «алтын тау» деген мәнді білдіреді, бұл - бапкерімнің туған жері Кумамото префектурасындағы тау. Ал Харуки деген – бапкерімнің жақын досы. Кезінде мықты спортшы болған. Лақап атым осыдан шыққан.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

– Дохёге (сумо кілемі) барыс бейнесімен шығатыныңызды білеміз. Мұны жапондар қалай қабылдайды?

– Өзім Алматыда, таулы жерде туып-өскендіктен, тау патшасы барыс бейнесін таңдадым. Логотипті дизайнерге арнайы тапсырыспен жасаттық. Жапондар жылы қабылдады. Олар барысты ерліктің белгісі ретінде көреді.

– Сумо – қазақ елі үшін әлі де мәлім де беймәлім спорт. Оқырманға қызық деп ойлаймын, сумошының күн тәртібі қандай болады?

– Жапония Сумо федерациясының мүшесі болғандықтан, сол жақтың тәртібіне бағынамын. Көшеге жоғары сапалы матадан тігілген кимономды киіп, арнайы шаш үлгімді жасап шығуға міндеттімін. Ал жарыс кезінде төбемде гүл секілді түйіліп тұратын өзге шаш үлгісі жасалады. Оны жасату үшін ертерек барып, сайыс алдында дайындаламыз.

Ал күн тәртібіміз жөнінде айтсам, күн сайын сағат 08:00 мен 11:00 арасында жаттығамыз. Түскі уақытта демалып аламыз да, түстен кейін 16:00-мен 18:00 арасында тағы жаттығамыз. Сумо үздіксіз әрі табанды еңбек пен қатаң тәртіпті талап етеді. Өйткені, бұл спортта бәсеке өте жоғары.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

– Ал сумошылардың рационы қалай?

– Калориясы көп тағамдар жейміз. Мамандар сумошыларға берілетін тағамдардың құрамын есептеп, бәрін реттеп қойған. Мысалы, бүгін тауық еті берілсе, ертең балық өнімі ұсынылады. Жапонияға қазы-қарта, жал-жая тәрізді ет өнімдерін алып кіруге рұқсат етілмейді. Мұндай тәртіпке ағзамыз үйренісіп қалды. Бірақ қазақтың етін бәрібір сағынамыз. Ал құрт, жент, тары секілді ұлттық тағамдарды елден алып барамыз.

– Қазақстанға жиі келіп тұрасыз ба?

– Иә, елді қатты сағынамыз. Қазақстанға келгенде, ауасын жұту, топырағын басу кәдімгідей қуат береді. Алайда жиі келе алмаймын. 1-2 жылда бір келемін. Өйткені, Жапония Сумо федерациясында бір жылдық жоспар алдын ала құрылады. Уақытымыз өте тығыз.

– Жоспар демекші, спортшы ретінде қандай мақсаттарыңыз бар?

– Мұратым – анық, мақсатым – айқын. Әйтсе де, әзірге айта алмаймын. «Арық сөйлеп, семіз шыққанды» жөн көремін.

– Болашақта шәкірт тәрбиелеу ойда бар ма?

– Кәсіпқой спортта сумошылар, әдетте, 33-34 жасқа дейін жүреді. Дегенмен, спортты нақты қоятын уақыты әр палуанның денсаулығына, шамасына байланысты. Спорттық мансабымды аяқтағаннан кейін, шәкірт тәрбиелеп, қазақ сумошыларының санын да, сапасын да арттыруға үлес қосқым келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды қазір де бастап жатырмыз.

– Ал жапондардың сумоға, яғни өздерінің ұлттық спортына ықыласы қалай? Әлі де кең танымал ма? Әлде көп жағдайда әлемге тараған дзюдоның көлеңкесінде қалып қоя ма?

– Жапондарда мынадай сөз бар: «Әлемге танылғың келсе, дзюдомен айналыс. Жапонияға танылғың келсе, сумомен шұғылдан». Айтқым келгені – сумоның жапон халқы үшін айрықша орны бар. Жапонияға дүниенің әр түкпірінен спортшылар келіп, сумомен кәсіби тұрғыда айналысады. Бұған жергілікті халық «ұлттық спортымыз әлемге танылып жатыр» деп қуанады.

Фото: Ерсін Балтағұлдың жеке архивінен

– Өзіңізді «батыр» деп атауға келіспейді екенсіз. Бұған не себеп?

– Меніңше, батыр деп ел қорғаған азаматтарға айту керек. Мысалы, Қабанбай батыр сияқты басқа да бабаларымызды атасақ болады. Ал біз – палуанбыз. Елдің көк туын көтеретін спортшымыз.

– Қандай тілегіңіз бар?

– Еліміз өркендей берсін. Біз, барлық спортшы, көк байрағымызды биікке көтере берейік. Осындай сумошы бар екен деп іздеп жатқан халыққа алғыс айтам, бұл – біз үшін зор мәртебе.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Ақпан 2026 14:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see119

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see117

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see116

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see116

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see115

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see114

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see114

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see113

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see113

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see113

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see113

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see113

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see112

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see112

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see112

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see111

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see111

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see111

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see110

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары