Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Boeing ке жеткізген бала арман

Boeing ке жеткізген бала арман

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда бастаған кәсіби жолын халық­аралық авиация индустриясында жеті жылдан бері жалғастырып келе жатқан Ұлжан үшін инженерия – біліммен қатар, сан түрлі дағды тоғысқан күрделі сала.

– Әлемдегі ең ірі авиация ком­пания­ларының бірінде инженер болып жұмыс істеу, оның ішінде ұшу аппараттары мен әскери қорғаныс жаттығуларына арналған жабдық­тар конфигурациясын басқару аб­солют­ті дәлдік пен жоғары жауап­кер­шілікті талап ететіні анық. Бұл бағыттағы инженерлік міндеттердің азаматтық авиация жобаларынан қандай айырмашылығы бар?

– Boeing компаниясында жұ­мыс барысында бізге бағыт беретін бес негізгі құндылық бар. Олар – қауіпсіздік пен сапа, сенім, адам­дарға көңіл бөлу, жауапкершілік және инновация. Менің тәжіри­бем­де осы құндылықтардың бір­еуі­не болса да жеткілікті көңіл бөл­меу жұмыстың нәтижесіне әсер етуі мүмкін. 

Қорғаныс саласындағы жоба­лар­дың азаматтық авиация жоба­ларынан айырмашылығы – олар­дың басымдықтары мен та­лап­тарында. Азаматтық авиацияда ең алдымен жолаушылардың қауіп­сіздігі, сенімділік, сертификаттау, тиімділік және коммерциялық авиа­ция талаптарын сақтау маңыз­ды болса, қорғаныс саласында мін­деттер әлдеқайда күрделі әрі жиі өзгеріп отырады. Мұнда ар­найы жабдықтармен жұмыс істеу, әртүрлі жүйенің өзара үйле­сім­ін қам­тамасыз ету және нақты опера­циялық жағдай­ларға немесе оқу-жат­тығуларға сәйкес келетін кон­фи­гурацияларды дайындау сияқты талаптар бар. 

– Әскери жаттығуларға арнал­ған жабдықтар нақты ұрыс жағдай­ын емес, соған барынша жақын сцен­арийлерді модельдеуге көмек­теседі. Мұндай жүйелерді әзірлеу мен конфигурациясын басқаруда қандай талаптар ерекше маңызды?

– Оқу-жаттығу жүйелері нақты жағдайларды қауіпсіз түрде ими­тациялауы керек. Сондықтан олар­дың конфигурациясы модель­дейтін жабдықтың және нақты жұмыс жағдайларының сипатта­маcын барынша дәл көрсетуге тиіс. Конфигурация мен деректерді басқару тұрғысынан алғанда, жүйе­ге енгізілетін кез келген өзге­рісті қатаң бақылауда ұстау өте маңызды. Әрбір өзгеріс міндетті түрде құжатталып, сынақтан өткі­зіліп, дұрыстығы тексеріліп, тиісті түрде бекітілуі керек. Сонда инже­нерлер мен операторлар жүйеде нақты қай конфигурация қолданы­лып тұрғанын әрдайым біледі.

Сонымен қатар жүйелер өзге­ріс­терге бейімделе алатындай болуы қажет, өйткені оқу-жаттығу сценарийлері мен миссия талап­тары уақыт өте өзгеруі мүмкін. Ал қандай да бір өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда, инженерлер қол­да­нылып отырған нұсқадан бастап зауытта орнатылған бастап­қы параметрлерге дейінгі барлық деректің өзгеру тарихын қада­ғалай алуға тиіс.

– Boeing-тегі жұмыс сіздің инженерлік көзқарасыңызды қалай өзгертті? Бұл ортаға келгеннен кейін мамандығыңызға немесе өз мүмкін­дігіңізге бұрынғыдан басқаша қарай бастаған тұстарыңыз болды ма?

– Алғашқы кезде ақпараттың көлемі мен жүйенің күрделілігі маған оңай болған жоқ. Ең маңыз­ды құжаттар мен талаптарды толық түсініп, олардың бір-бірімен қалай байланысты екенін меңгеруге ша­ма­мен жарты жылдай уақыт кетті. Бір байқағаным, компанияға жаңа­дан келген қызметкер ретінде сізде ерекше мүмкіндік болады: бір жағынан, бұрыннан қалыптасқан шешімдердің артықшылықтарын көресіз, екінші жағынан, олардың әлсіз тұстарын да тез байқайсыз. Себебі сіз өзіңізбен бірге басқа тәжірибе мен жаңа көзқарас алып келесіз. Бұл кейде бұрыннан қалыптасқан процестерге жаңаша қарап, оларды жақсарту жолдарын көруге көмектеседі.

Өзімді жұмыста еркін сезініп, осы ортада өз орнымды тапқа­нымды түсінген сәттің бірі – бір­неше мәселені байқап, оларды жай ғана көрсетіп қана қоймай, нақты іске асыру жоспарына негізделген практикалық шешімдер ұсына алған кезім. Алайда Boeing ком­паниясында тіпті салыстырмалы түрде шағын өзгерістің өзін енгізу үшін нақты әрі қатаң тәртіпке негізделген процесс бар. Мысалы, қандай да бір өзгеріс енгізу қажет болса, алдымен Change Request, яғни өзгеріс енгізу туралы өтінім жасалып, ол бірнеше тараптың қарауы мен мақұлдауынан өтуі керек. Бұл процесс арнайы кезде­сулер арқылы да, компанияда белгіленген жүйелер арқылы да жүзеге асырылады. Осы кезеңдер­дің барлығы аяқталғаннан кейін ғана өзгерісті іске асыруға қажетті бюджет пен ресурстар бөлінеді. Кейде бұл процесс ұзақ уақыт алуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе оның не үшін қажет екенін түсіндім. Авиация сияқты күрделі салада сырт көзге болмашы болып көрі­нетін өзгерістің өзі техникалық жағдайға, жұмыс процесіне, қар­жыға немесе ең бастысы, қауіпсіз­дікке әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай шешімдерді жан-жақты қарастырып, тиісті тексерулерден өткізу – жұмыстың маңызды бөлігі.

Сондықтан Boeing ком­пания­сындағы жұмыс тәжірибем инже­нер болу тек мықты техникалық білімге ие болу деген сөз емес екенін түсіндірді. Инженер үшін сол білімді командамен жұмыс бары­сында дұрыс қолдана білу, күрделі процестерден жол табу, өз идеяңды нақты әрі түсінікті жет­кізу және оны іс жүзінде пайдалы нәтижеге айналдыру да маңызды. 

– Boeing-тегі корпоративтік мәд­ениеттен сізге ең қызық немесе Қазақстандағы жұмыс тәжіри­беңіз­ден мүлде өзгеше көрінген қандай нәрсе болды?

– Boeing-тің корпоративтік мәдениетіндегі маған ерекше ұна­ған тұстардың бірі – қауіп­сіздікке, белгіленген процестерге және ашықтыққа үлкен мән берілетіні. Бізге жұмыста қандай да бір мәселе туындауы мүмкін деп ойласақ, оны ашық айтуға үнемі мүмкіндік бері­леді. Тіпті бұл жобаның мерзімін ұзартып немесе басшылық қабыл­даған шешімге қатысты сұрақ туын­датуы мүмкін болса да, өз жұ­мысыңа деген кәсіби жауапкер­шіліктің бір бөлігі ретінде қабыл­данады. Бұл жағынан алғанда, мен­ің Қазақстандағы жұмыс тәжі­ри­бемнен белгілі бір айырмашы­лықты байқадым. Қазақстанда кейбір ұйымдарда иерархиялық басқару тәсілі басым. Мұндай ортада қызметкерлер басшылық­тың шешіміне күмән келтіруге немесе мәселені ашық көтеруге кейде сақтықпен қарайды. 

– Алдыңғы сұрақтың жалғасы болсын. Батыс қоғамында өмір сүру сіздің жалпы дүниетанымыңызды қалай өзгертті: бұрынғы қай ұста­нымдарыңыздан бас тарттыңыз және бойыңызға қандай жаңа құнды­лықтар сіңді?

– Батыс қоғамында өмір сүру менің дүниетанымыма сөзсіз әсер етті. Мен үшін ең маңызды өзгеріс­тің бірі – кез келген дүниеге қатыс­ты сыни ойлауға дағдыландым. Қандай да бір мәселені шешудің немесе белгілі бір нәтижеге жету­дің міндетті түрде бір ғана дұрыс жолы бар деген түсініктен де арыл­дым. Сонымен қатар жеке еркіндік пен жеке жауапкершіліктің мәнін тереңірек түсіндім. Адамның өз таңдауын еркін жасау құқығын құрметтей отырып, сол таңдаудың салдарына жауап беру де маңызды деп есептеймін. Сондай-ақ өз шекараңды белгілей білу және басқа адамдардың жеке шекарасын құрметтеу қажет екенін ұғындым. Әртүрлі мәдениет өкілдері бірге өмір сүретін орта теңдік, төзімділік және өзара құрмет сияқты құнды­лықтарға деген көзқарасымды да күшейтті. Әсіресе тәжірибесі, өмір салты немесе көзқарасы менікінен мүлде өзгеше адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы әр адамның өзіндік ерекшелігін құрметтеудің маңызын түсіндім.

– STEM саласында әйелдердің азды­ғын олардың таңдауы деп қа­былдауға бола ма, әлде оларға әсер ететін әлеуметтік  және мәдени фак­торлар бар ма? Сіз өз жолыңызда осы факторлардың ықпалын байқа­дыңыз ба?

– Менің ойымша, мұндай ық­пал­дардың көбі бала кезден баста­латын сияқты. Себебі бұл кезде адам әлемді және өзінің кім екенін енді танып, түсіне бастайды. Мысалы, баланың ойыншықтары, оқитын кітаптары, теледидарда немесе әлеуметтік желіде көретін контенті оның гендерлік рөлдер туралы түсінігіне әсер етуі мүмкін. 

Өз балалық шағыма қарап отыр­­сам, алғашқы қызығушы­лық­тарымның көбі инженерия мен авиациямен тікелей байланысты болған екен. Мен Lego конструк­торларымен, ойыншық ұшақтар­мен көп ойнадым. Тіпті біз балалар болып қайық қылып ойнаған АН-2 ұшағының шын дөңгелектері де болған. Мұның бәрі менің қызығу­шылығымды арттырып, заттардың қалай жұмыс істейтінін түсінуге деген ынтамды қалыптастырды. Оқитыным да негізінен аэроди­на­мика туралы кітаптар болатын. Бір ғана Barbie қуыршағым болды. Ойын кезінде оны үнемі «науқас» қылып, өзімді дәрігер ретінде елестететінмін. Сөйтіп, бір кездері дәрігер болуға да қызыққаным бар. Өкінішке қарай, бір күні қуырша­ғым сынып қалды да, мен қайтадан Lego-ға оралдым.

Алайда менің өмір жолыма ең үлкен әсер еткен адам әкем еді. Әскери және азаматтық авиация саласында жиырма жылдан астам тәжірибесі бар әкем маған жай ғана қолдау көрсетіп қойған жоқ, сонымен бірге бала кезімнен осы мамандықтың қыр-сырын және онымен бірге келетін жауап­кер­шілікті түсінуге мүмкіндік берді.

– Қазақстандағы авиациялық білім беру мен халықаралық стан­дарттар арасында әлі де алшақтық бар ма? Boeing сияқты гигантқа жұмысқа кіргенде қазақстандық білімнің қай тұсы көмектесті, ал қай тұсын өз бетіңізбен оқуға тура келді?

– Меніңше, Қазақстандағы білім беру жүйесі мен халықаралық стандарттардың арасында әлі де белгілі бір айырмашылық бар. Әсіресе бұл практикалық тәжірибе мен өндірістік ортаға жақын болу жағынан байқалады.

Қазақстанда алған білімім ма­ған аэродинамика, әуе кемелерінің жүйелері, математика және техни­калық коммуникация сияқты не­гіз­гі пәндер бойынша жақсы тео­рия­лық база қалыптастырды. Boeing компаниясында жұмыс бастаған кезде осы білімнің көп көмегі тиді. Сонымен қатар кейбір дүниелерді жұмыс барысында, арнайы оқыту бағдарламалары мен өз бетімше іздену арқылы үйренуге тура келді. Мысалы, жергілікті әскери стандарттар, арнайы бағ­дар­ламалар мен құралдарды пайда­лану, техникалық құжаттамамен жұмыс істеу тәртібі сияқты дағды­лар­ды тәжірибе барысында меңгердім.

Жалпы алғанда, Қазақстанда алған білімім мен алғашқы жұмыс тә­жірибем маған берік теориялық негіз қалыптастырды деп айта ала­мын. Ал халықаралық компанияда жұмыс істеу сол білімді іс жүзінде қолдануға және практикалық әрі кәсіби дағдыларымды одан әрі дамытуға мүмкіндік берді.

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан 

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:21
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Тамыз 2026 05:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see155

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see155

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see153

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see151

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see150

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see149

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see142

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see136

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see133

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see133

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see133

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see130

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see127

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see127

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see126

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see124

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see123

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see121

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see121

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары