Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

АМӨЗ Экология министрлігінің бірқатар қорытындысымен келіспеді

Болат Назарбаевтың ұлы қайта банкрот болғысы келеді: ол қанша теңге қарыз?

Болат Назарбаевтың ұлы қайта банкрот болғысы келеді: ол қанша теңге қарыз?

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану үшін сотқа қайта жүгінді. Ол мемлекетке кемі 63 миллиард теңге қарыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану үшін сотқа қайта жүгінді. Ол мемлекетке кемі 63 миллиард теңге қарыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Нұрбол Назарбаев сотқа арыз түсіріп, өзін банкрот деп тануды сұраған. 17 ақпанда сот өтінішті қабылдап, "сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы" азаматтық іс қозғаған.

Істі сот талқылауына дайындау аясында Нұрбол Назарбаев 2026 жылғы 3 наурызда сағат 15:10-ға шақырылған. Іске үшінші тарап ретінде Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тартылған.

Анықтама: банкрот - қарызын өтей алмайтын адам. Егер сот банкрот деп таныса, қарыздары есептен шығарылып, өмірді "жаңадан бастауға" мүмкіндік беріледі.

Оның қарызы қанша және активтерді қайтаруға қандай қатысы бар?

Нұрбол Назарбаевтың атқарушылық өндіріс бойынша кемінде екі берешегі бар:

61 854 480 596 теңге. Оның ішінде 55 миллиард теңгені мемлекет кірісіне - арнайы қор есебіне аударылуға тиіс.

Нақтылап кетейік, арнайы мемлекеттік қор заңсыз алынған деп танылып, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен толықтырылады. Оған қаражатты активтерді қайтарумен айналысатын уәкілетті органдар, соттар, сондай-ақ, сот шешімдерін орындаған жеке және заңды тұлғалар аударады.

Екінші берешек - 1,6 миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттік баж (ол да мемлекет кірісіне төленуі керек).

Жалпы қарызы 63,7 миллиард теңгеге жетеді.

Банкрот болу үшін не қажет?

Қарыз есептен шығарылуы үшін берешек 5,5 миллион теңгеден (1600 АЕК) көп болуы және борышкердің белгілі бір мүлкі болуы керек.

Сот банкроттығының мәні мынадай: борышкердің қолындағы мүлік (пәтер, көлік, бизнес, құнды заттар және т.б.) сатылып, түскен қаражат кредиторларға қарыз көлеміне қарай бөлінеді. Егер мүлік жеткіліксіз болса, қарыз толық жабылмауы мүмкін.

Барлық бөлу рәсімі аяқталғаннан кейін сот адамды банкрот деп танып, қалған қарыздың қалдығын есептен шығара алады. Егер Назарбаев банкрот атанса, оған:

5 жыл несие алуға тыйым салынады; 3 жыл бойы қаржы жағдайы бақылауда болады; қайта банкрот болуға тек 7 жылдан кейін құқылы болады.

Ескерту: кей қарыздар есептен шығарылмайды: алимент, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян өтемі, қылмыстық істер бойынша залал, сот шешімімен белгіленген бюджетке міндетті төлемдер.

Бұған дейін екі сұрауы сәтсіз болған

Назарбаевтың банкроттыққа қатысты талпыныстары 2025 жылдың күзінен басталған. Былтыр қыркүйекте сот ұқсас істі қабылдағанымен, кейін қараусыз қалдырған.

"2025 жылғы 19 қарашадағы ұйғарыммен Назарбаев Нұрбол Болатұлының төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтініші қараусыз қалдырылды", - делінген соттың ресми сұрауға берген жауабында.

Ол бұл қаулыны жою үшін қайта шағымданғанымен, одан да бас тартылған. Демек, қазіргі өтініш - оның банкроттықты мойындатуға үшінші әрекеті.

15 млрд теңгелік мүлікке тыйым салынғаны туралы не белгілі?

Бұл іспен қатар, "Алтын Орда" базарының бұрынғы иесі Айдарбек Құсайынов Нұрбол Назарбаевты сотқа берген. Ол Назарбаевтың "негізсіз баюы мүмкін" екенін айтып, қаражатты қайтаруды талап еткен.

Сот шешімі шыққанға дейін қаражатты сақтап қалу үшін Назарбаевтың мүлкі мен шоттарындағы ақшасына талап сомасы шегінде - 15 млрд теңгеге тыйым салынған. Сот тыйым болмаса, ол болашақта шешімді орындамауы мүмкін деп есептеген.

Нұрбол Назарбаев туралы не белгілі?

Нұрбол Назарбаев - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Болат Назарбаевтың ұлы. 2017 жылға дейін құқық қорғау органдарында қызмет етіп, Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары болған. Кейін кәсіпкерлікке бет бұрып, елдегі ең бай бизнесмендер тізіміне енген.

"Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені" рейтингінде:

2024 жылы - 49-орын, 2025 жылғы мамырда - 57-орын алған.

2025 жылғы мамырда оның дәулеті шамамен 179 млн доллар деп бағаланған. Ол Prime Capital Invest, Prime Capital Holding ЖШС-терінің иесі, сондай-ақ, "PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы" ЖШС-нің тең құрылтайшысы ретінде көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 14:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see130

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see122

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

08 Қазан 2026 12:03see110

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see109

АМӨЗ Экология министрлігінің бірқатар қорытындысымен келіспеді

08 Қазан 2026 13:35see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары