Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Гаухар БЕЙСЕЕВА: Қазақстан ODA саясаты арқылы халықаралық беделін нығайтып келеді

Гаухар БЕЙСЕЕВА: Қазақстан ODA саясаты арқылы халықаралық беделін нығайтып келеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгінде сыртқы саясатта жұмсақ күш, институционалдық тұрақтылық пен инвестициялық ахуал мемлекет дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық факторға айналып отыр. Қазақстан кейінгі жылдары осы бағытта, әсіресе «Дамуға ресми көмек» (ODA – Official Development Assistance) саясаты аясында белсенді әрекет етіп келеді. Бұл саясаттың маңызы, еліміздің ұстанымы туралы сыртқы істер саласында 20 жылдан аса еңбек еткен, тәжірибелі дип­ломат Гаухар Бейсеевамен әңгімелескен едік.

– Халықаралық қатынас­тарды, әріптестікті нығайтуда «Дамуға ресми көмек» маңызды құрал саналады. Бірақ бұл ұғым әлі де көпшілікке беймәлім. Осы саясаттың еліміз үшін мән-маңызын түсіндіріп берсеңіз.

– «Дамуға ресми көмек» сая­сатының мәнін түсіну үшін алдымен оның пайда болу тарихына тоқталған жөн. Бұл саясаттың негізі Екінші дүниежүзілік соғыс­тан кейін Еуропа елдері ауыр экономикалық дағдарысқа ұшы­раған кездері қаланды. Осы тұста АҚШ алғашқылардың бірі болып бірқатар мемлекетке гу­мани­тарлық көмек көрсетті. Кейін бұл «Маршалл жоспары» деп аталып, мұның астарында кеңестік ықпалға қарсы тұру идеологиясы тұрды. Осылайша, Америка өзінің сая­си және экономикалық әсерін сақ­тауды көздеді.

Уақыт өте келе ODA-ның саяси реңі күшейіп, 1969 жылы оның арнайы стандартын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйы­мының (ЭЫДҰ) комитеті әзірле­ді. Бекітілген критерийлерге сәйкес дамушы елдерге ІЖӨ-нің 0,7%-ын бөлу ұсынылды. Алайда бұл межеге Германия мен Франция секілді санаулы елдер ғана жетті. Олар да өзгелерге қолдау көрсетуге ұмтылды.

Қазақстан да тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдарында дәл осы көмектің игілігін көрді. Германия бастаған бірқатар мемлекет қаржылай, техникалық және кадрлық қолдау жасады. Мәселен, KfW банкі мен GTZ (қазіргі GIZ) арқылы инфрақұрылым, ден­саулық сақтау, білім және экология салаларына көмек көрсетті. Шетелдік сарапшылармен бірле­сіп, заңнамалық реформалар, мемлекеттік басқару, қаржы жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргі­зілді. Бұл іс-шаралар халық­аралық аренада «Дамуға ресми көмек» аясында жүзеге асты. Нәтижесінде, елімізге шетелдік инвестициялар тартыла бастады.

– Қазақстанның ODA саясатына белсенді қатысуы қашан басталды?

– Шамамен 2000-жылдары еліміз экономикалық өсімге қол жеткізді. Осылайша, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстанға қаржылай және техникалық көмек көрсете бастады. Оған қоса бірқатар халықаралық ұйымның елдегі өкілдіктерінің шығынын өтеді. Бірақ ұзақ уақыт бұл көмек халықаралық есепке тіркелмей келді. Өйткені мем­лекеттік органдар оның «Дамуға ресми көмек» санатына жататынын жете түсінбеді.

Сөйтіп, 2014 жылы ODA-ға қатысудың құқықтық негіздерін ұлттық деңгейде бекітетін «Да­муға ресми көмек туралы» заң қабылданды. Бұл халықаралық стандарттарға сай болуға, жаһан­дық үдерістерге белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Қа­зақстан – Еуразия бойынша ЭЫДҰ бағдарламасының доноры қызметін өз мойнына алған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет. Елдің ODA саясатын үйлестіру Сыртқы істер министр­лігіне жүктелді.

Қазақстанның дамуға ресми көмек саясатына қатысуының бірнеше стратегиялық аспектісі бар. Біріншіден, бұл аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған: су ресурс­тарын бірлесе пайдалану, сауда кедер­гілерін азайту, ауыл шаруашы­лығын дамыту секілді мәселелерде қолдау көрсету. Екіншіден, ұлттық мүддені ілгерілету: отандық технология мен өнімді нарыққа шығару, үздік тәжірибелерді тарату мүмкіндігі туады. Үшіншіден, жаһандық деңгейде ел беделін арттырады, донор мемлекет ретін­дегі мәртебесін нығайтуға сеп болады.

2020 жылы Қазақстан ODA аясында екіжақты және көпжақты арналар арқылы шетелдерге жалпы көлемі 37,11 млн долларды құрайтын көмек көрсетті, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 43,56 млн долларға жетті. Бұл қадам еліміздің Орталық Азиядағы эко­номикалық және саяси байланыс­тарын нығайтып, өңірлік интеграцияны тереңдетуге өз үлесін қосты.

– Кей азаматтар «Неге бұл көмекті өз ауыл-аймақ­тары­мызға жұмсамаймыз?» деп сұ­райды. Бұған не дейсіз?

– Орынды сұрақ. Алайда халықаралық тәжірибе көрсет­кендей, белгілі бір даму деңгейі­не жеткен мемлекеттер әлемдік қауымдастық алдында көмек беруші ретінде де әрекет етуге тиіс. Бұл – елдің жаһандық дең­гей­дегі жауапкершілігі. Мұндай қолдау тетігіне қарастырылатын қаражат мемлекеттік бюджеттің өте аз бөлігін құрайды. Тіпті кейде бұл отандық компаниялардың демеушілігімен де жүзеге асады. Мысалы, Түркияның Газиантеп қаласында жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналып мектеп салынуда, оны қазақстандық компания қаржыландырып, құры­лысын өзі жүргізіп жатыр. Ал Әзербайжанның Физули қала­сындағы балаларға арналған өнер орталығын «BI Group» компаниясы салды. Жалпы, еліміз кейінгі жылдары инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға атсалысып келеді.

Есесіне, Қазақстан дипло­матиялық байланыстарды нығай­тады, халықаралық ұйымдар­дағы ұстанымын күшейтеді, эко­номикалық ықпалын кеңей­теді. Яғни стратегиялық тұрғы­дан тиімді қадам. Айтпақшы, елі­­міздің осы уақытқа дейін жа­сал­ған көмектері «орта державалар» қатарына енуіне септес­кен. Түптеп келгенде, мұның бәрі азаматтарымызға қолайлы жағдай жасауға бағытталып отыр.

– Қазіргі геосаяси ахуал әлем елдерінен ерекше сақтық пен салмақты саясатты талап етеді. Осы тұрғыда Қазақстанның жұм­сақ күш саясаты мен ODA тетіктерін пайдалану арқылы халықаралық аренадағы орнын нығайтуы қаншалықты тиімді?

– Қазіргі күрделі халықаралық жағдайда елдердің сыртқы саясаты тек әскери-экономикалық әлеуетпен емес, сондай-ақ жұмсақ күш құралдарын тиімді қолдана білуімен де бағаланады. Бұл тұрғыда Қазақстан ODA саясаты арқылы өзінің халықаралық беделін жүйелі түрде нығайтып келеді. Бұл мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру секілді салаларда нақты көрініс тауып отыр. Мәселен, былтыр Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға гуманитарлық және техникалық көмек көрсетуді жалғастырды. Негізгі басымдық аймақтық ынтымақтастық пен цифрлық трансформация­ны ілгерілетуге бағытталды. Халық­аралық серіктестермен бірлескен жұмыс көмектің көлемі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беріп, Орталық Азия елдері арасында тәжірибе мен озық шешімдерді бөлісуге жағдай жасады. Бұл өз кезегінде өңірде тұрақты әрі өзара тәуелді экономикалық байла­ныстардың дамуына көмек­теседі. Ал еgov және Kaspi сияқты цифрлық шешімдердің экспортталуы аймақтық ықпалдың өскенін көрсетеді.

Оның үстіне Орталық Азия­ның жүрегінде орналасқан Қа­зақстан транзиттік көпір ретінде стратегиялық орнын тиімді пайдаланып отыр. ЕО, Ресей, Қытай, АҚШ және Түркия сияқты елдермен қарым-қатынасын дамыта отырып, көпвекторлы сыртқы саясат стратегиясын ұстанып ке­леді. Әрі бұл прагматикалық ұста­ным ODA сияқты бейбіт құрал­дарды таңдауымен толық қабы­сады. Нақты жобалар, ай­мақ­тық ынтымақтастық және институ­ционалдық әлеует арқылы Қазақ­стан өңірлік тұрақтылық пен сенім­ді серіктестік моделін ұсынып отыр.

Демек қазіргідей аумалы-төкпелі кезеңде «Дамуға ресми көмек» – еліміздің халықаралық деңгейдегі жауапты ұстанымын жүйелей түсетін стратегиялық құрал. Сондай-ақ бұл жұмсақ күш­тің жаңа буындағы тиімді жолы дер едім.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Зейін ЕРҒАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары