Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Нарық талқысы: 2026 жылғы мәртебе өзгерісі таксистерге қалай әсер етеді?

Нарық талқысы: 2026 жылғы мәртебе өзгерісі таксистерге қалай әсер етеді?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстандағы ең ірі салалық іс-шара – «Такси Қазақстан 2025» қатысушылары такси нарығының тұрақты дамуының жаңа Салық кодексіндегі бірқатар ереже салдарынан баяулау қаупі бар екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты naryk.kz сайтына сілтеме жасап.

Форум қатысушылары атап өткендей, такси тасымалы ел экономикасындағы ең жылдам өсіп келе жатқан салалардың бірі. Бұған тұтынушылар тарапынан жоғары сұраныс, сондай-ақ платформалық жұмыспен қамтуды дамытуға қолайлы құқықтық орта мен заманауи IT-шешімдердің болуы әсер етуде. Сонымен қатар такси қызметі ірі қалаларда көлік қолжетімділігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Яндекс Такси Қазақстанның бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Алина Ниязованың айтуынша, бір такси қала көшелеріндегі 6–7 жеке автокөлікті алмастыра алады.

Саладағы басты процестердің бірі – экокөліктерді, ең алдымен, электрмобильдерді дамыту. «СПК «Алматы» АҚ жобалар департаментінің директоры Ұлан Өсербаев атап өткендей, Алматы қаласы жыл сайын 50–70 млн литр бензин тұтынады, сондықтан электр көліктеріне көшу экологиялық тұрғыдан аса маңызды.

Бұл бағытта нақты қадамдар бар. Алина Ниязованың айтуынша, бүгінде тек Yandex Такси Қазақстан брендімен 4 мыңнан астам көлік жұмыс істейді, ал өткен қыркүйекте олар 100 мыңнан астам сапар жасаған. Ең танымал үлгілер – Hongqi E-QM5 және BYD Qin Plus. Электр көліктері таксопарктер үшін іштен жану қозғалтқышы (ІЖҚ) бар көліктерге қарағанда тиімді. Yandex Такси Қазақстан деректері бойынша, ІЖҚ бар автокөліктердің орташа айлық жанармай шығыны 130 мың теңге болса, электр көліктерінде 78 мың теңге шамасында. ІЖҚ бар көліктердің жөндеу шығындары айына орта есеппен 36 мың теңге, ал электрмобильдерде шамамен 30 мың теңге.

Орта есеппен алғанда, электрмобиль тізгіндеген жүргізушілердің табысы ІЖҚ бар көліктерді айдайтын әріптестерінен 10 % жоғары.

Электр көліктерін дамыту автопарктің тозуы мәселесін де шешуге көмектеседі. Қазақстан Автомобиль одағының президенті Анар Мақашеваның дерегінше, еліміздің жолдарында бүгінде 5,8 млн көлік жүреді, оның 60 %-ы – 10 жылдан асқан, ал 40 %-ы – 20 жылдан астам пайдаланылып келе жатқан автокөліктер. Бұл бұрынғы қолданыстағы көліктердің төмен баж салығымен әкелінген кезеңінен қалған мұра.

Анар Макашева электрмобильдерді әкелуге кедендік баждың өсетіні жөніндегі қауесетті жоққа шығарды. Айтуынша, электр көліктерін импорттауға нөлдік мөлшерлеме Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында бекітілген және Қазақстанда ол тұрақты түрде сақталады. Сұраныстың артуы жаңа технологиялардың дамуын ынталандырады: жақын уақытта елімізде жүрісі 2 мың км-ден асатын көліктер пайда болуы мүмкін.

Нарықтың дамуына қолдау көрсетіп отырған факторлардың бірі – несие бағдарламалары. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Жандос Нұрғазинов хабарлағандай, бұған дейін такси саласында жалпы құны 80 млрд теңге болатын 2 мыңнан астам жоба қолдау тапқан. Тек Алматының өзінде шамамен 6 млрд теңгенің жобалары қаржыландырылып, нәтижесінде 3 мыңға жуық такси қала көшелеріне шыққан. Қазір 60% мемлекет және 40% жеке сектор қаржыландыратын жаңа құралдар іске қосылуда.

Форум қатысушыларының пікірінше, саланың осындай серпінді дамуы жаңа Салық кодексіндегі бірқатар ережеге байланысты баяулауы мүмкін. Қазақстан Таксопарктер және Курьерлік қызметтер қауымдастығының (ТКҚҚ) төрағасы Мейрам Абелкасов түсіндіргендей, елдегі таксопарктер екі үлгіде жұмыс істейді: біріншісі – өз автопаркі бар және көліктерді жүргізушілерге жалға береді; екіншісі – негізінен диспетчерлік қызмет атқаратын, жүргізушілерді жеке автокөліктерімен бірге жалдап жұмыс істейтін құрылымдар. Көп жағдайда жүргізушілер жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелген. Яндекс Go-ның жүргізушілермен серіктестік және платформалық жұмыспен қамтуды дамыту жөніндегі директоры Наталья Москвитинаның мәліметінше, бүгінде салада 108 мыңнан астам ЖК бар. Өткен жылы олар мемлекетке 8,3 млрд теңге салық төлеген. 2026 жылдан бастап арнайы мобильді қосымша (АМҚ) арқылы жұмыс істейтін арнайы салық режимін (АСР) қолданғандар автоматты түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесіне өтеді. Ал бірнеше АСР пайдаланатын, бірақ АМҚ-сыз жұмыс істейтін ЖК-лар не жеңілдетілген салық режиміне өтуге, не өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелулері тиіс.

Алайда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін айналым шегі АМҚ-сы бар АСР қолданатын ЖК-ге қарағанда өзгеше болады – айына 300 АЕК (1,18 млн тг) мөлшерінде, қазіргі жылдық 3528 АЕК (13,87 млн тг) шегімен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық бар. Сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтар-ақпанында жүргізушілер ЖК ретінде жұмыс істейтін болады, бірақ наурыздан бастап олар өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесіне өтеді, әрі бұл мәртебе алдыңғы екі айға да қолданылмақ. Мұндай күрделі ауысу жүргізушілер үшін түсініксіз. Бір айдағы айналым шегінен сәл ғана асу олардың өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесінен айырылып, қайтадан ЖК ашуға мәжбүрлейді.

Нәтижесінде жүргізушілер үшін құжат айналымы мен есеп дайындау айтарлықтай қиындайды. Бұған дейін жүргізушілердің салықтарын платформалар рәсімдеп, төлеп келген болса, енді бұл міндет әркімнің өзіне жүктеледі. Форумға қатысушылардың айтуынша, бұл кейбір таксистерді бейресми нарыққа қайта итермелеуі мүмкін. Қолданыстағы салық жүйесі жағдайында сала айқын және ашық бола бастаған еді – енді бұл жетістікке нұқсан келуі ықтимал.

Нарықтың орта және ірі қатысушылары үшін мәселе – жеңілдетілген салық жүйесін пайдаланатын ЖК-лер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жасалған төлемдерді шығын ретінде көрсету мүмкіндігі шектеулі. Көптеген қосалқы бөлшек жеткізушілер мен шағын сервис орталықтары дәл осындай режимде жұмыс істейді. Ірі платформалармен жұмыс істейтін шағын таксопарктердің бәсекеге қабілеттілігі төмендейді. Жаңа Салық кодексі күшіне енген соң, жалпыға бірдей белгіленген режимдегі компаниялар бұл құрылымдарға төлейтін барлық қаражат корпоративтік табыс салығына жатқызылады. Бұл шығындардың өсуіне, компаниялар табысының азаюына және түптеп келгенде бағаның өсуіне әкеледі.

Наталья Москвитинаның пікірінше, салық жүйесін неғұрлым икемді және түсінікті ету орынды болар еді:

2026 жылдың 1 наурызына дейін күтпей-ақ, 1 қаңтарда АСР-де АМҚ-мен жұмыс істейтін барлық ЖК-лерді автоматты түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесіне көшіру; Салық кодексіне бірнеше арнайы салық режимін қатар қолдану мүмкіндігін енгізу; Айналым лимитін айлық емес, жылдық негізге ауыстырып, 4080 АЕК-ке (16 млн тг) дейін ұлғайту.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов кәсіпкерлер палатасы Салық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша өз ұсыныстарын дайындап жатқанын және нарыққа өтпелі кезең қажет екенін атап өтті. Ол такси саласы өкілдерін бұл процеске белсенді атсалысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қараша 2025 17:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see119

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see118

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see117

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see114

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see112

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see112

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see107

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары