Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Өмір Һәм өнер

Өмір Һәм өнер

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Адамзат тарихында өнердің қажеттілігі туралы сұрақ қайта-қайта көтеріліп отырған. Өнер бізге не үшін керек? Онсыз өмір сүре аламыз ба? Жауап әр кез қарапайым болатын: «О не дегеніңіз. Әрине, керек. Онсыз қиын», дейді. Ал одан да тереңірек «неге?» деген сұрақ қойылғанда, ойымыз он саққа бөлінеді. Ертеректе өнерді білім мен тәрбиеге қосалқы құрал ретінде ғана бағалады. «Жеткізу үшін шындықты, Өтірік қостық аздаған» деген Қадыр Мырза Әлі өлеңіндегідей, өнерді адамгершілік пен даналыққа жеткізер «бал қоспа» деп санады. Тіпті XVIII ғасырдың соңындағы ақындар оны дәл осылай сипаттап, халықты «алдап құтқару» идеясын алға тартты.

Антикалық дәуірден бері өнерді адам тәрбиесінің құралы деп қарағандар аз болмаған. Әдебиет сабағында әлі күнге дейін оқушыларға кейіпкерлерді үлгі етіп ұсынамыз: «біреуі – батыр, ойшыл, елін сүйген тұлға. Бұған еліктеуге болады. Ал екіншісі – теріс жолға түскен бейшара. Бұған ұқсамаңдар». Өнердің осындай педагогикалық қызметін жоққа шығара алмаймыз. Сонымен қатар өнер саясатта да, шешендікте де, идеологияда да үнемі пайдаланылып келген. Бұл жағынан ол – әрдайым көмекші, қызметші. Осы орайда «өнердің өзі мақсат бола ала ма?» деген сауал туындайды.

Бұл сұраққа хакімдер жауап беріп үлгерген, солардың ішінде мынадай ой бар: «Өнер ешқандай мақсатты көздемейді, ол өзіне-өзі қызмет етеді» деген. Біз мұны көбіне «эстетизм», «таза өнер» деп айдарлаймыз. Шынында да, мұндай көзқарас көбіне саясаттан, ғылымнан, пайдадан аулақ болуға шақырады. Алайда осындай түсініктің тереңірек негіздері де бар.

Осы тұста алдымыздан тағы бір сауал кесе-көлденең шығады. Өнер­дің өзі ізгі нәрсе ме? Бұл сұраққа да философия тарихында мынадай жауап берілген: өнер, көркемдік, шеберлік, әсемдік адамгершілікпен байланысты емес. Ізгілік – маңызды нәрсе, бірақ ол өнерді құрал ретінде пайдаланады және өнердің өзінен тыс тұрады.

Бұл сұрақтың өте маңызды бір қыры бар. Ол – дін мен өнер. Бұл хақында әдебиетші Юрий Лотманның пікірін айналып өте алмаймыз: «Дін мен адамгершіліктің өнерсіз де дербес құндылығы бар, бірақ олар оны пайдаланады. Мұнда да біз өнерді құрал ретінде көреміз. Ол біреуге қызмет етеді, ал осы тұрғыдан алғанда өнер адамгершілікке де, адамгершілікке жат дүниеге де қызмет етуі мүмкін. Осы тұста біз аса маңызды сұрақпен бетпе-бет келеміз: өнер өте қауіпті болуы мүмкін. Бұл – қару, ол атылады. Бірақ кімді атады? Бұл енді оның кімнің қолына түскеніне байланысты. Ойшылдардың көбі көне заманнан бері өнерге сақтықпен қараған. Мұнда біз антикалық философ Платонды еске аламыз, сондай-ақ Лев Толстой сияқты ойшылды да атауымыз керек. Бұл –  сауатсыз адамдар емес, бұл адамдар өнердің қуатты қару екенін, оның әртүрлі қолдарға түсуі мүмкін екенін жеткізген». Ал И.Кант өнер тек ізгі қолдарға ғана түсуі мүмкін, ал егер ол ізгіліктен ада қолдарға түссе, онда ол өнер болудан қалатынын айтады.

Кей кісілер «әлем халқы соғыстан көз ашпай жатыр, су басу қаупі жоғары, балалар аштан бұратылып жатқанда қайдағы өнер?» дейді. Рас. Бұл сөздің де жаны бар. XVIII ғасырдағы орыс ақыны Державин өнерді лимонадқа теңейді. Оны ішкен жақсы, бірақ ішпей-ақ та қоюға болады. Бірақ қазақ «сөз қадірі – өз қадірім»,  «өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін әспеттейді. Шашубай «Малға кедей болғанмен әнге баймын» десе, Қасым Аманжолов «өлеңнің отын жағып жылытармын, Өзімді, әйелім мен жас баламды» дейді. Демек, бұл – Гамлет айтатын жай ғана «сөздер, сөздер, сөздер...» ғана емес, Ахмет Байтұрсынұлы айтатын «Асыл сөз».

Өнермен қолы бостар ғана айналысады деген түсінік әуелден бар. Ежелгі фольклорлық кезеңде көптеген халықтың ақындары көбінесе соқыр болған. Өткен ғасырдың реалистік бағытта ойланатын ғалымдары «бұл – қисынды нәрсе, себебі соқыр адам пайдалы ештеңе істей алмайды, сондықтан ол – ақын. Мысалы, Гомер соқыр болған, ол соғыса алмайды, сауда жасай алмайды, теңізде жүзе алмайды, сондықтан өлең шығарады» деп шорт кескен. Бір қарағанда ақылға қонымды сияқты. Бірақ бұл XIX ғасыр адамының, позитивистік көзқарастың тұжырымы. Ал антикалық дәуірдің адамдары үшін соқыр – жұмыспен айналыса алмайтын адам емес, Құдаймен тілдесетін адам. Маңдайдағы емес, жүрегіндегі көзі ашылған жан. Құдай адамзатпен пайғамбарлар арқылы байланысқандай, ақындарды да дәнекер етіп сөйлесетін болған. «Ақындар айтып өтеді, Арманын бүкіл пенденің»  дейтін Серік Ақсұңқарұлы осыны меңзесе керек. Сондықтан Гомердің соқыр болуы оның ешнәрсеге жарамсыз екенін білдірмеді, қайта оның ең жоғарғы нәрсеге, яғни жақсы сауда жасайтындарға, теңізде керемет жүзетіндерге, қылыш пен найзаны шебер сілтейтіндерге сеніп тапсырылмайтын міндетке арналғанын көрсетті.

Осы дүниелерді сараптай келе, өнердің «лимонад» қана емесін ұғамыз. Өнер – бастан кешпегенді бастан кешу, тәжірибесіз жерде тәжірибе алу мүмкіндігі. Сіздің Алтын Орда заманын көзбен көре алмайтыныңыз белгілі, бірақ Мұхтар Мағауиннің аттас шығармасын оқып отырып хандық дәуірдің халін кешесіз. Ол болмаса Дениел Дефоның «Робинзонымен» бірге елсіз аралға тап болып, түйсігіңізге түнемеген сәттерді сезінесіз. Былайша айтқанда, күнделіктіден мүлде басқа өмірді сүресіз. Осылайша, бірнеше өмірді сүріп тастауға мүмкіндік аласыз. Соның бәрі сіздің санаңызға тәжірибе болып жинақтала береді. Ал шын өмірде күйтабақты қайта ойнату мүмкін емес. Әр жаңа жағдай – мүлде басқа. Тағы сол Лотманша айтсақ, «Біздің үлкен әрі тұрақты қасиетіміз – болашақты үнемі өткен шақ арқылы түсінуімізде». Сон­дық­тан да жасалып қойған өнер арқылы енді жасалатұғын өмірімізді бағдарлай аламыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 10:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see115

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see113

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары