Өскеменде тегін тамақ таратамын деп дүрбелең туғызған кәсіпкер қамалды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде жергілікті атқарушы органдармен келісілмей және қолданыстағы заңнаманы өрескел бұза отырып, аяқ киім дүкенінің ашылуы ұйымдастырылған. Соның барысында тегін тамақ тарату акциясы өткізіліп, аяқ киімдер төмендетілген бағамен сатылған.
— Ұйымдастырушының бұл әрекеті адамдардың бақылаусыз және бейберекет шоғырлануына әкеп соқтырды. Бұл қоғамдық тәртіптің бұзылуына және азаматтардың қауіпсіздігіне нақты қатер төндірді. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары дереу тексеру жүргізді, — делінген ақпаратта.
Жиналған материалдарды қарау қорытындысы негізінде ұйымдастырушы ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабымен (Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды.
Еске салсақ, осыған дейін Байқоңыр қаласы тұрғындарының үйінен 180-ге жуық діни әдебиет табылғаны хабарланған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 14:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















