Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Қалқаман 2 шағынауданын мәжбүрлі түрде сүру қаупі жоқ “Алматыбасжоспар“

Қалқаман 2 шағынауданын мәжбүрлі түрде сүру қаупі жоқ “Алматыбасжоспар“

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алматының Қалқаман-2 шағынауданындағы жеке сектор тұрғындары қаланы дамытудың бас жоспарында жер телімдерінің санаты "жеке тұрғын үй құрылысынан" "көпқабатты тұрғын үй құрылысына" ауысқанын кездейсоқ біліп қалған. Алдымен үй иелері бұл жаңалықты өз чаттарында талқылап, кейін көшеге жиналып, видеоүндеу жариялады.

Поделиться

TengriHome тілшісі олардың мәлімдемесін мұқият зерделеп, әкімдік пен басқа да бейінді ұйымдарға құрылысқа қатысты сауалдар жолдады, сондай-ақ жеке секторда тұратын және үйлері бұзылуы мүмкін барлық азамат үшін пайдалы ақпарат жинақтады.

Қалқаман-2 тұрғындары неге үндеу жариялады?

Қалқаман-2 тұрғындарының видеоүндеуінде екі негізгі мәлімдеме болды:

біріншіден, олар өз шағынаудандарында тұрғын үй кешендерінің салынуына қарсы; екіншіден, олардың үйлері тектоникалық жарық үстінде орналасқан, сондықтан ол жерде көпқабатты нысандар салуға мүлдем болмайды.

Олар өз жер телімдерінің мақсаты өзгергенін былтыр желтоқсанында Алматының Бас жоспарын түзету бойынша өткен тыңдауларда білген. Талқылауға ұсынылған картада шағынаудан аумағы енді жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҮҚ) үшін емес, көпқабатты құрылыс үшін қарастырылғаны көрініп тұрған. Сөз сөйлегендердің айтуынша, осы себепті 1500-ге жуық үй бұзылуы мүмкін болған.

"Алматыбасжоспар" (ғылыми-зерттеу институты - ред. еск.) Жаңа жыл алдында осы Бас жоспарды бекітпек болғанда, біз бұл өзгерістер туралы білдік. Аудандық сәулетшіден: "Неге бізде ЖТҮҚ орнына көпқабатты құрылыс пайда болды?" деп сұрадық. Ол мұның 2023 жылы бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕЖЖ) негізінде екенін түсіндірді. Бірақ біз бұл ЕЖЖ-ны ешқашан көрмедік, ол туралы естімедік те, сондықтан мұның бәрін заңсыз деп санаймыз", - дейді Қалқаман-2 тұрғындары.

Оларды мына мәселе толғандырады: 20 жыл ішінде барлық инфрақұрылымы, соның ішінде коммуникациялары, жолдары, электр желілері тартылған дайын массивті неге ЖТҮҚ мәртебесінде қалдырмасқа?

Сонымен қатар, Қалқаман астында тектоникалық жарық бар екені бәріне мәлім болса, бұл жерге көпқабатты шағынаудан салуды кім жоспарлауы мүмкін деп адамдар аң-таң.

Қалқаман-2 шағынауданы тұрғындарының видеоүндеуінен скриншот. Видео TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған

Видеоүндеуді зерделей келе, редакция бейінді ұйымдарға - Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасына, сондай-ақ "Алматыбасжоспар" ҒЗИ-ға сауалдар жолдады.

Бұған дейін Massaget TV YouTube-арнасында Қалқаман-2 шағынауданы туралы репортаж жарияланған болатын:

Тектоникалық жарықтар туралы

"Алматыбасжоспар" Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, Қалқаман-2 массивінің аумағында тектоникалық жарықтар бар екенін растады:

"Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, тікелей тектоникалық жарық өтетін учаскелерде көпқабатты құрылыс жоспарланып отырған жоқ. Мұндай аймақтар үшін рұқсат етілген қабат санынан (төрт қабат) жоғары ғимараттар салуға тыйым салынады".

ҒЗИ тектоникалық жарықтың Қалқаман-2-ге қалай әсер ететінін айтып берді: ол Абай даңғылы бойымен, ал шағынауданның төменгі бөлігінде - Айымбетов, Тәжібаев және Шәрденов көшелері бойымен өтеді.

Жер телімдері мақсаты неге өзгерді?

"Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарын түзету" жобасына сәйкес, Қалқаман-2 шағынауданы Оңтүстік-Батыс полиорталықтың маңызды бөлігіне айналады", - деп жауап берді "Алматыбасжоспар" жобалар жөніндегі директоры Данияр Есқалиев.

Полиорталықтық - бұл Алматыда жарияланған және Бас жоспарға енгізілген "шет аймақсыз қала" даму принципі. Оған сәйкес, барлық қажетті инфрақұрылым аудан ішінде дамуы тиіс. Бұл тұрғындардың түрлі қызметтер мен жайлы орта үшін қала орталығына бару қажеттілігін жою үшін жасалады. Алматыда осындай бес тартылыс орталығы пайда болуы тиіс: Солтүстік, Батыс, Оңтүстік-Батыс, "Тарихи орталық" және "Шығыс қақпа".

Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы TengriHome сауалына былай деп жауап берді: әкімдіктің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, Қалқаман-2 аумағы О-1, Ж-5, ОЦ-3 аймақтарында орналасқан.

Анықтама: О-1 - бұл білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру-спорт нысандары, мәдениет және өнер мекемелері. Ж-5 қабат саны 6–12 қабат болатын көппәтерлі тұрғын үй құрылысын білдіреді. ОЦ-3 - бұл жергілікті орталықтардың аумақтары, сондай-ақ саябақ аймақтары.

Осы түсіндірмелерге сүйене отырып, қалқамандықтардың қаупі негізді деген қорытынды жасауға болады. Бірақ басқарманың жауабында аталған жобаларды іске асыру мен айтылған аудандастыру Қалқаман-2-де таяу уақытта емес, алыс болашақта жүзеге асатыны айтылған - Бас жоспар 2040 жылға дейін есептелген.

"Қазіргі уақытта аталған барлық жобаларды іске асыру үшін инвесторлар жоқ", - деп нақтылайды Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қалқаман-2-де мәжбүрлі бұзу жұмыстары бола ма?

Бүгін инвесторлар жоқ болса, ертең пайда болуы мүмкін бе? Жекеменшік үй иелері сүру және құрылыс жоспарларын қалай қадағалап отыруы керек?

"Алматыбасжоспар" ҒЗИ жобалар жөніндегі директоры Данияр Есқалиев тек Қалқаман-2 тұрғындарына ғана емес, барлық алматылықтарға қаланың Бас жоспарындағы өзгерістерді қадағалап отыруға кеңес береді:

"Бас жоспар ұзақ мерзімді қала құрылысын жоспарлау құжаты болып табылады және аумақты дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайды. Жобалық шешімдер кезең-кезеңімен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қосымша қарауға және келісуге жататын егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу арқылы жүзеге асырылады".

Сондай-ақ ол Қалқаман-2 шағынауданы мәжбүрлеп бұзу аймағына кірмейтініне назар аудартады.

"Меншік иелерінің ерікті келісімінсіз жеке үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілмейді", - деп уәде берді ҒЗИ жобалар жөніндегі директоры.

Ал егер, деп нақтылайды "Алматыбасжоспар" мамандары, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу мәселесі туындаса, ол Жер кодексінің нормаларына сәйкес қаралады.

Сүруден бас тартуға бола ма?

Жақында ғана TengriHome "Үйі мәжбүрлі түрде сүруге іліккен қазақстандықтар қалай дұрыс саудаласуы керек?" екенін жазды.

Сол кезде заң кеңсесінің басшысы Татьяна Зырянова ережелердің мынадай екенін түсіндірді: егер жерді мемлекет алуды жоспарласа, одан бас тарту мүмкін емес:

"Заңмен мемлекет мұқтажы үшін алу жүргізілуі тиіс екені айқындалған. Сіз үйіңіз бен учаскеңіз немесе тек учаскеңіз үшін ұсынылған бағамен келісуге немесе келіспеуге құқылысыз. Егер бағалаудан кейін ұсынылған өтемақы көлемі көңіліңізден шықпаса, бұл мәселені сотта шешесіз".

Ал жеке құрылыс салушы, заңгердің сөзінше, меншік иелерінің келісімінсіз жерді сатып алып, мүлікті бұза алмайды - ол тұрғындармен келісуі керек. Сондықтан, егер шағынаудан мәжбүрлеп бұзуға жатпаса, тұрғындар өз учаскелерін сатып алу туралы ұсынысқа келісу-келіспеуді өздері шешеді.

Сонымен қатар "Алматыбасжоспар" жобалар жөніндегі директоры Данияр Есқалиев кейінгі қала құрылысы құжаттарын әзірлеу кезінде қоғамдық талқылаулар барысында түскен немесе жазбаша жіберілген тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулері ескерілетініне сендіреді.

Авторы: Елена Бахарева 

Дайындаған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Алматы шағым шағынаудан тұрғындар басқарма

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 09:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары