Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Сауда серіктестігіне серпін

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Қазақстандықтар зейнетақы активтерін өз қалауы бойынша инвестициялай алады: заңға қол қойылды

Қазақстандықтар зейнетақы активтерін өз қалауы бойынша инвестициялай алады: заңға қол қойылды

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Құжат әлеуметтік қорғауды нығайтуға және зейнетақы жүйесінің, көші-қон саясатының, білім беру және денсаулық сақтау салаларының тетіктерін түзетуге бағытталған.

Түзетулер ҚР Кәсіпкерлік кодексіне, ҚР Еңбек кодексіне, ҚР Әлеуметтік кодексіне және Халық денсаулығы туралы Кодексіне енгізіледі.

Атап айтқанда, Әлеуметтік кодекс "зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері" деген жаңа баппен толықтырылды, онда зейнетақы активтері міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың өтініші бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдеріне инвестициялануы мүмкін делінген.

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар міндетті зейнетақы жарналары жəне (немесе) міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары жəне (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді басқарушыға зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін оны таңдау туралы өтінішті зейнетақы активтерінің таңдап алынған инвестициялық портфелін көрсетіп, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына береді.

Инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтері есебінен зейнетақы активтерінің бір жəне (немесе) бірнеше инвестициялық портфелінің түрін қалыптастырады:

консервативтік портфель;қалыпты портфель;тəуекелі бар портфель.

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалар, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар зейнетақы активтерінің бір немесе бірнеше инвестициялық портфелін таңдауға жəне сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға құқылы.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тəртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган айқындайды.

Көші-қон туралы заң Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер қазақстандық қызметкерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыратыны туралы жаңа тармақпен толықтырылды.

Бұл ретте тəлімгерлік деп халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган бекітетін қазақстандық жұмыскерлердің тəлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларына жəне шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарға сəйкес Қазақстан Республикасына жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға негіз болған кəсіптік білімін, дағдылары мен тəжірибесін қазақстандық жұмыскерге беру үшін шетелдік жұмыс күші қатарынан оған тəлімгер бекіту түсініледі.

Сондай-ақ, заңда "қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту немесе қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімнің күшін жою" атты жаңа тармақ пайда болды.

ҚР Үкіметі айқындаған өңірлердің қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайтын жергілікті атқарушы органдары мынадай:

өтініш берушілер ұсынған құжаттарда қамтылған деректердің (мəліметтердің) анық еместігі анықталған;өтініште көрсетілген əкімшілік-аумақтық бірлікте қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы болмаған;өтініш берушілерді қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына бірнеше рет енгізу фактісі анықталған; қандастың не қоныс аударушының қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған;үміткерлер осы Заңның 20-бабында, 53-бабының 1 жəне 2-тармақтарында белгіленген шарттарға сəйкес келмеген жағдайларда қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тартады.

Қандасқа не қоныс аударушыға жəне оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қатысты қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың тиісті күнтізбелік жылға арналған өңірлік квотасына енгізу туралы шешімнің мынадай:

қандас не қоныс аударушы жəне олардың отбасы мүшелері (бар болса) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударудан ерікті бас тартқан жағдайда оның бас тарту туралы өтініші негізінде;қандас не қоныс аударушы жəне оның отбасы мүшелері (бар болса) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келмеген;қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін қандастардың не қоныс аударушылардың осы Заңның 20-бабында жəне 53-бабының 1 жəне 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сəйкес келмейтіні анықталған;қандастың не қоныс аударушының жəне (немесе) оның отбасы мүшелерінің (бар болса) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде тұрақты тұру жəне тұрғылықты жері бойынша тіркелу бөлігінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының талаптары мен нормаларын бес жыл бойы жүйелі түрде (екі жəне одан көп рет) бұзғаны анықталған жағдайларда күші жойылуға тиіс.

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының күшін жою туралы шешімді өңірдің қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдаған жергілікті атқарушы органы шығарады.

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының күшін жою туралы хабарламада қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімнің қолданысын тоқтатудың себептері мен күні көрсетіледі.

Бұдан бөлек, өтінішті қабылдаудан және көшуге субсидиялар төлеуден бас тартуды, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды, экономикалық ұтқырлық сертификаттарын, сондай-ақ жұмысқа орналасуға арналған субсидияларды өтеуді не жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеуді көздейтін бап қосылды.

Жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидияны жұмыс берушіге беруден бас тартуға:

жұмыс берушіде жалақыны төлеу бойынша алты айдан астам, сондай-ақ банк немесе оның филиалы алдында есепке жазылған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша анықтама берілген (егер тұлға екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті болса, аталған анықтама осындай банктердің əрқайсысынан ұсынылады) күннің алдындағы үш айдан астам берешегінің болуы;жұмыс берушінің құжаттардың толық емес топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы жəне (немесе) олардағы деректердің (мəліметтердің) сəйкес келмеуі;Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес ізденушімен жасалған еңбек шарттары бойынша мəліметтердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде болмауы;жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидия төлеу үшін қажетті құжаттардың жəне (немесе) мəліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес келмеуі негіз болады.

Заң бірқатар мақалалар мен нормаларды қоспағанда, екі айдан кейін күшіне енеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Шілде 2026 14:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see142

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see140

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see128

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see122

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see122

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see121

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see121

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see121

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see120

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see120

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see118

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see117

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see117

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see117

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see115

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see115

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see115

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see115

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see114

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары