Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қошанов: Шикізаттық тәуелділіктен арылуда мұнай газ секторы маңызды рөл атқаруы тиіс

Қошанов: Шикізаттық тәуелділіктен арылуда мұнай газ секторы маңызды рөл атқаруы тиіс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Энергетика министрлігі Парламент Мәжілісімен бірлесіп Ақтау қаласында ұйымдастырған Мұнай-газ машина жасау форумында сөз сөйледі. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ж.Жұмабеков

Форумды ашқан Мәжіліс төрағасы Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жаһандық мұнай нарығындағы жетекші елдердің біріне айналғанын атап өтті. Шетелдік белді компаниялармен бірлесіп ірі мұнай-газ жобаларын іске асырудың арқасында елімізде мыңдаған жоғары білікті инженерлер мен техниктер даярланды, ең озық технологиялар игерілді. Бүгінде біз мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, белсенді түрде өңдейміз. Елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар, мұнай-химия саласы қарқынды дамып келеді.

Ендігі кезекте Қазақстанның алдында жаңа стратегиялық міндет тұр, ол – сапалы тауар өндіруші әрі экспорттаушыға айналып, ел экономикасын шикізатқа тәуелділіктен арылту. Осы орайда, мұнай-газ секторы ерекше рөл атқаруға тиіс. Мәжіліс спикері бұл форум алдағы мақсатқа барлық мүдделі тараптардың атсалысуымен бірлесе қол жеткізу үшін ортақ шешім әзірлеуге бағытталғанын айтты.

«Алдымызда  Қазақстанды индустриялық қуатты мемлекетке айналдыру міндеті тұр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының ерекше назарында. Осы жолда Парламент заңнамалық тұрғыда қолдауды жалғастыра береді. Үкімет жұмысты сапалы ұйымдастырып, бизнес өз өнімін халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілетті етуге ұмтылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, Қазақстанның экономикалық дербестігі нығаяды, халқымыздың әл-ауқаты жақсарады», деді Ерлан Қошанов.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Энергетика министрлігінің дерегінше, форум аясында 440 миллион АҚШ долларының келісімшарттары жасалады деп жоспарланған.

Саладағы жалпы ахуалға тоқталған Мәжіліс спикері былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тек энергетика секторында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы қызмет пен тауар сатып алу көлемі 6 триллион теңгеден асқанын жеткізді. Оның 62 пайызы үш ірі компанияға – Теңізшевройл, KPO және NCOC үшеуіне тиесілі. Сөйтіп, отандық үлестің көлемі арта бастады. Бұл – Парламент пен Үкіметтің бірлескен жұмысының нәтижесі.

«Осы бағытта Энергетика министрлігі мен Мәжіліс депутаттары екі жыл бойы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2 жылда үш ірі компаниямен арада шамамен 900 миллион доллардың келісімшарты жасалды. Жүйелі нәтиже бар – тендерлік рәсімдерге ішінара өзгерістер енгізілді, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға басымдық берілді. Дегенмен, бұл жерде әлі де үлкен перспективалар бар, яғни бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыру керек», деп атап өтті Мәжіліс төрағасы.

Оның пікірінше, мұнай-газ машина жасау өндірісін одан әрі кеңейту үшін бірқатар нақты шаралар қабылдау қажет. Біріншісі – отандық өндірушілерге сатып алу рәсімдерін жеңілдетіп, ұзақ мерзімді келісімдер мен офтейк-келісімшарттар жасау. Екіншісі – отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарын күрделі жабдықтар шығаруға ынталандыру. Үшіншісі – ірі мұнай компанияларының қазақстандық тауар мен азық-түлік саласындағы қызметтерге көшуі. Бұл қазіргі қажеттіліктердің біразын өтеп, соның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жоспардағы міндеттерді жабады. Аталған мәселеде Қарашығанақ операторының жақсы тәжірибесі бар.

Мәжіліс спикері мемлекеттің мұнай-газ саласын кешенді қолдауы туралы айта келе, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске енгізілген жаңа түзетулерге тоқталды. Енді ірі жер қойнауын пайдаланушылар отандық мамандарға басымдық беруге міндетті. Бұған қоса, күрделі жобаларға елішілік құндылықтың үлесін анықтау бекітілді, Оф-тейк келісімшарттарда отандық үлестің ең төмен деңгейі бойынша талаптар күшейтілді. Сонымен қатар отандық өндірушілердің бірыңғай реестрі заңмен бекітілді.

Ерлан Қошанов өткен сессия барысында Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті жергілікті қамтуды арттыру бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарғанын еске салды. Мұнай-газ саласындағы ірі операторлардың есебі тыңдалды, олардың қорытындысы бойынша арнаулы хаттамалар жасалды. Өсімнің нақты индикаторлары айқындалып, орындау нәтижелерін депутаттар тұрақты түрде тыңдайтын болады.

Форумда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Норд Каспиан Оперейтинг» компаниясының басқарушы директоры Рую Джанкарло, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» Бас директоры Марко Марсили және басқалар сөз сөйледі.

Форум алаңында қазақстандық өндірушілердің көрмесі өтіп, 45 компания металл құрылымдар, құбырлар, сорғылар, мұнай-химия, химиялық жабдықтар және т.б. өнімдерін ұсынды.

Өңірге жұмыс сапары аясында депутаттар Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты мен «ҚазАзот» компаниясына барды. Бұған дейін олар Жаңаөзендегі «Каскор-Машзавод» мұнай жабдықтарын өндіретін жаңа зауыттың құрылысымен танысты, сондай-ақ Жетібай ауылында су тазарту стансасын салу жұмыстарын қарап шықты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 20:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see105

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары