Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

2036 жылға қарай Роскосмос айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

Әкім Индербор халқының алдында қалай есеп берді

ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты

Ешкімді әуреге салмай, ұйықтап кетсем деп армандайтын : танымал ақын Асанәлі Әшімов туралы айтты

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, артынша өлтірген: айыпталушы өмір бойына түрмеге тоғытылды

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының шаруалары мал ұрлығының ашылмайтынына шағымданды

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

Севоран препаратын қолдану мәселесі қайта қарала ма ДСМ жауабы

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

Қос бағытты қамтыған Phygytal спорт

Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өспейтінін мәлімдеді

Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

Президент ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне назар аударды

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

Доллар бағамы бірнеше күннен бері құбылып тұр

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

Әлемнің экс бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды

Расул Қоспанов: Президент өңірлік саясатқа басымдық береді

Расул Қоспанов: Президент өңірлік саясатқа басымдық береді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстан көршілес елдермен және барлық мүдделі мемлекеттермен достық қарым-қатынас пен жан-жақты ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Біздің мақсаттарымыз бен басымдықтарымыз өзгермейді. Бұл – елдің егемендігін нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге бағытталған міндеттерді жүзеге асыру. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлімдеді. Президент өңір мен елдің дамуына қатысты, Қазақстан экономикасының сапалы өсіміне бағытталған бірқатар міндеттерді айқындады. Осы мәселелерді саяси сарапшы Расул Қоспановпен талқыладық.

– Расул Аманғалиұлы, Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытудың маңызын атап өтті. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін қажет екені айтылды. Саланың келешегіне қатысты пікіріңіз қандай?

– Елдің экономикалық стратегиясындағы негізгі міндеттердің бірі – әртараптандырылған экономикаға көшу. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында да, халыққа арнаған Жолдауларында да инвестиция тарту мен жаңа салаларды дамыту мәселесіне бірнеше рет ерекше мән берілді. Қазіргі таңда мемлекет қазақстандықтардың денсаулығын басты басымдықтардың бірі ретінде қарастырып отыр.

Осы тұрғыда Тараз қаласында фармацевтикалық кластердің ашылуы көңіл қуантады. Бұған дейін фармацевтикалық өндірістің негізгі шоғырланған орны Шымкент қаласында, поляк инвесторлары басқарған зауыт болатын. Іс жүзінде еліміз бір ғана кәсіпорынға тәуелді болды деуге болады. Иә, басқа өңірлерде шағын өндірістер болды, алайда толыққанды кластер қалыптаспаған еді.

Соңғы 10 жылда Қазақстандағы фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 4,6 есеге артты. Бұл – әсерлі көрсеткіш. Алайда соған қарамастан, еліміздің дәрі-дәрмекке деген сұранысының 80 пайыздан астамы әлі де импорт есебінен қамтамасыз етіледі. Негізгі жеткізушілер – Ресей, Қытай, Еуропа елдері мен Үндістан.

Сондықтан менің ойымша, инвесторлар үшін бұл салаға назар аударудың уақыты келді. Қазақстанда фармацевтикалық өндірістерді дамытуға қолайлы жағдай жасалған, әрі мемлекет бұл бағытқа мүдделі. Бұл – табысты әрі болашағы зор сала. Сонымен қатар «Бәйтерек» қоры ұлттық инвестициялық холдинг ретінде қайта құрылды. Ол жыл сайын шамамен 15 ірі жобаны сүйемелдеп, жеңілдетілген қаржыландыру ұсынатын болады. Бұл – Қазақстанда өндіріс ашқысы келетін компаниялар үшін елеулі қолдау. Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кластер секілді экономикалық маңызы бар бастамаларды мен толығымен қолдаймын.

– Мемлекет басшысы Жамбыл өңірінің экономикасын нығайтуды тапсырды. Президенттің айтуынша, бұл үшін барлық мүмкіндік бар. Облыстың инвестициялық әлеуетін қалай бағалайсыз?

– Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуінде биыл өңірге шамамен 600 млрд теңге инвестиция тартылғанын атап өтті. Жалпы, Президенттің айтуынша, жұмыс ауқымды түрде жүргізіліп жатыр, алайда қол жеткізілген қарқынды бәсеңдетуге болмайды. Мемлекет басшысы инвестициялық бағытқа бекерден-бекер басымдық беріп отырған жоқ. Перспектива бар.

Жамбыл облысы – Қазақстан үшін айрықша өңір. Экономикалық тұрғыдан алғанда, бұл – минералды тыңайтқыштар өндірісінің ірі орталығы. Ал еліміздің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру және қайта өңдеу деңгейін 80 пайызға жеткізу секілді ауқымды міндеттер тұр. Осы тұрғыда сапалы минералды тыңайтқыш өндірісі мен олардың тұрақты жеткізілімі аса маңызды. Жамбыл облысы бұл жүйеде шешуші рөл атқарады.

Қазақстан экспортына зер салсақ, жамбылдық тыңайтқыштардың Бразилияға, Латын Америкасының басқа да елдеріне және Еуропаға дейін жеткізілетінін көреміз. Сонымен қатар облыс аумағында, Сарысу ауданында әлемдегі ең ірі фосфорит кен орындарының бірі орналасқан. Бұл кен орнына шетелдік инвесторлар белсенді түрде қаржы құюда. Президенттің инвестициялық саясатқа және шетелдік капитал тартуға үнемі айрықша көңіл бөлетіні белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, Жамбыл облысы секілді өңірлердің маңызы ерекше.

– Жамбыл облысы инвесторларды несімен тартымды етеді?

– Меніңше, мұнда екі негізгі фактор бар. Біріншісі – географиялық орналасуы. Өңір маңызды көлік тораптарының тоғысында орналасқан, Өзбекстан және Қырғызстанмен шектеседі. Бұл елдер де ауыл шаруашылығы өнімдеріне бай.

Сонымен қатар жуырда Жамбыл облысында қытайлық халықаралық «Fureng Group» компаниясының жүгеріні терең өңдейтін кәсіпорын салатыны жарияланды. Инвестиция көлемі шамамен 800 млрд теңгені құрайды, ал болашақта 1500 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл – инвесторлардың шикізатты тұрақты жеткізу мен оны қайта өңдеуге жоғары қызығушылығын көрсетеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстігі белгілі бір кезеңде қажетті көлемде шикізатпен қамтамасыз ете алмаса да, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан секілді достас елдер бұл кәсіпорындарға өз өнімдерін жеткізуге мүдделі.

Екінші фактор – қуатты шикізат базасының болуы. Минералды тыңайтқыштардан бөлек, өңірдің аграрлық әлеуеті де жоғары. Мәселен, Қазақстанда өндірілетін қанттың шамамен 40 пайызы Жамбыл облысына тиесілі. Ал елімізде қант тапшылығы бар, қажеттіліктің 80 пайызына жуығы импорт арқылы өтеледі. Мұндай жағдайда осы салаға салынған инвестициялар ерекше тартымды бола түседі.

2025 жылға арналған Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әкім есебіне сәйкес, өңір өнеркәсіп өндірісі бойынша Қазақстанда алдыңғы қатарға шығып, үшінші орынға ие болды. Бұған дейін облыс көршілес өңірлерден айтарлықтай қалып қойған еді. Шығысында – дамыған Алматы облысы, батысында – сирек металдарға бай Түркістан облысы орналасқан. Жамбыл облысы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның оңтүстігіндегі аутсайдер ретінде қабылданып келді. Алайда бүгінде өңірге инвестиция ағыны айтарлықтай артты.

Осы орайда «Fureng Group» зауытының құрылысы ерекше назар аудартады. Кәсіпорын әлі іске қосылмағанына қарамастан, қазірдің өзінде облыстағы ірі салық төлеушілердің біріне айналды. Бұл – құрылысқа салынған ауқымды инвестициялардың нәтижесі. Мен бұл кәсіпорын еліміздің экономикасын нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Себебі әңгіме жүгеріні терең өңдеу, яғни глютен мен басқа да құнды химиялық компоненттер өндіру туралы болып отыр. Бұған дейін Қазақстанда негізінен бидайды ұнға айналдырумен ғана шектеліп келдік. Мұны терең өңдеу деп айту қиын. Ал қытайлық инвесторлардың жобасы – бұл шикізатты терең өңдеудің мүлде жаңа деңгейі, қосылған құны жоғары өндіріс.

– «Жасанды интеллект пен цифрлық экономика – алдыңғы қатарлы елдерге тән негізгі үрдістер», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Қазақстанды үш жыл ішінде Цифрлық мемлекетке айналдыруды басты мақсаттардың бірі ретінде атады. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде қазақстандықтардың 90 пайызы интернетке қол жеткізе алады. Бұл – елдің цифрлық дамуына тікелей әсер ететін маңызды көрсеткіш. Президент бұл мәселенің маңызын бірнеше рет атап өткен. Цифрландыру – әрбір азаматқа тікелей қатысты сала.

Қыркүйек айындағы Президент Жолдауын еске алсақ, оның жартысына жуығы Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыруға арналған ұсыныстар мен міндеттерден тұрды. Мемлекет басшысы үш жыл ішінде бұл мақсатқа жетуге болатынын айтты. Бұл – өте өршіл, бірақ жүзеге асуы мүмкін міндет. Себебі цифрландыру бар жерде сыбайлас жемқорлық азаяды, ал салық түсімдері артады.

Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы онлайн форматта көрсетіледі. Халықаралық рейтингтерде біз посткеңестік кеңістікте цифрландыру деңгейі бойынша көш бастап тұрмыз. Электронды үкіметті дамыту индексінде 24-орынды иелену – зор жетістік. Әрине, цифрландыру белгілі бір тәуекелдерді де алып келеді, соның ішінде алаяқтық схемалардың көбеюі байқалады. Алайда бұл прогрестен бас тартуға себеп емес. Жуырда қабылданған Цифрлық кодекс осы тәуекелдер мен саланың әлеуетін қатар ескереді.

Қазақстан аймақта алғаш болып Илон Масктың «Starlink» компаниясымен тікелей келісімшарт жасасты. Соның арқасында спутниктік интернет технологиялары еліміздің шалғай ауылдарында енгізіле бастады. Кейбір елді мекендерге талшықты-оптикалық желі тарту техникалық жағынан да, экономикалық тұрғыдан да тиімсіз. Мұндай жағдайда спутниктік интернет – оңтайлы шешім. Мемлекеттің барлық азаматқа, әсіресе оқушыларға білімге қолжетімділік жасауы өте маңызды. XXI ғасырда интернеттің болмауы – айтарлықтай артта қалу. Сондықтан Starlink-тің шалғай өңірлерде енгізілуі – қажетті әрі уақтылы қадам.

Сонымен қатар OpenAI компаниясымен, яғни GPT чат-ботын және жасанды интеллект саласындағы озық шешімдерді әзірлеушімен келісім жасалды. Бұл келісім Қазақстанда мұғалімдерді оқытуға арналған жаңа сервисті енгізуді көздейді. Арнайы педагогтарға бейімделген ИИ-чат алғаш рет біздің елде іске қосылады. OpenAI-дың дәл Қазақстанды пилоттық жоба ретінде таңдауы – жоғары сенімнің айғағы.

– Мемлекет басшысы Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беріп, Тараз қаласындағы әскери мектеп-интернатқа оның есімін беру туралы шешім қабылдады. Президент мұндай оқу орындарын барлық өңірде ашу қажет екенін айтты. Бұл бастамалардың маңызын қалай бағалайсыз?

– Бұл – тарихи әділдіктің қалпына келуі деп сеніммен айтуға болады. Президенттің бастамасымен қазақ халқының ұлы перзенті Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ол Мәскеу түбіндегі шешуші шайқаста ерекше ерлік көрсетті. Ұзақ уақыт бойы оның Кеңес Одағының Батыры атағын алмағаны әділетсіздік болды.

Бауыржан Момышұлының Жамбыл облысының тумасы екені де ерекше символдық мәнге ие. Мемлекет басшысының дәл осы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында батырға жоғары атақ беруі – маңызды қадам. Енді оның есімі Тараздағы жаңа әскери мектеп-интернатқа берілмек. Бұл оқу орны жастарды әскери-патриоттық және идеологиялық тұрғыда тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.

Президенттің айтуынша, 2019 жылдан бері елде шамамен 1300 жаңа мектеп салынды, оның 130-дан астамы биыл пайдалануға берілді. Бұл мәселеге Жамбыл облысында да ерекше көңіл бөлінуде. Бұрын өңірде үш ауысымда оқитын мектептер көп болғаны белгілі. Қазір «Жайлы мектеп» жобасы аясында алты мектеп салынды: үшеуі – Таразда, екеуі – Қордай ауданында, біреуі – Байзақ ауданында. Олар заманауи спорт залдарымен, футбол алаңдарымен, кинотеатрлармен және басқа да инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұндай мектептер халық саны қарқынды өсіп жатқан оңтүстік өңірлер үшін аса қажет. Болашақ ұрпаққа салынған инвестиция ұзақ мерзімді мультипликативтік нәтиже береді.

– Президент Тоқаевтың пікірінше, мықты өңірлер – мықты мемлекеттің негізі. Қазақстанда өңірлердің теңгерімді дамуы үшін жасалып жатқан қадамдарды қалай бағалайсыз?

– Президент Тоқаев өңірлік саясатқа айрықша мән беріп келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда республикалық бюджетке донор болып отырған үш өңір ғана бар: Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысы. Үкімет жоспарына сәйкес, алдағы жылдары бұл қатарға Маңғыстау мен Павлодар облыстары қосылуы тиіс. Донор өңірлер саны артқан сайын ұлттық экономиканың тұрақтылығы да күшейе түседі.

Мемлекет басшысы шетелге жасаған сапарларында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін халықаралық бизнес өкілдеріне үнемі таныстырып келеді. Бұл ретте тек жалпыұлттық көрсеткіштер ғана емес, жекелеген өңірлердің мүмкіндіктері де көрсетіледі. Әрбір жаңа кәсіпорын – жүздеген, тіпті мыңдаған жұмыс орны. Бұл халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ең бастысы – мұндай жобалар негізінен шетелдік инвестиция есебінен жүзеге асады. Қаржы Түркиядан, АҚШ-тан, Франциядан, Қытайдан, Ресейден келіп жатыр. Ал сол кәсіпорындарда қазақстандықтар жұмыс істеп, заманауи технологиялар мен үздік тәжірибелерді меңгереді. Бұл, әсіресе, Жамбыл облысы секілді өңірлер үшін өте маңызды.

Биыл француздың «Alstom» компаниясы Шу қаласында заманауи жабдықталған сервистік депо ашты. Бұл орталықта тек Қазақстаннан ғана емес, бүкіл өңірден келетін теміржол техникасына қызмет көрсетіледі. Осындай жобалар басқа өңірлерде де іске асса, қуанар едім.

– Президенттің айтуынша, Қазақстанның мақсаттары өзгермейді. Өңірлердің халықаралық аренадағы рөлі қандай?

– Қазақстан өзін орта держава ретінде қалыптастыруды көздеп отыр. Бірақ бұл мәртебеге шын мәнінде жету үшін алдымен өз өңірлерімізді, әсіресе артта қалған аймақтарды экономикалық тұрғыда нығайту қажет. Біз ең алдымен Орталық Азия елдеріне ықпал ете алатын деңгейге жетуіміз керек. Кавказ аймағымен де байланыс күшейіп келеді, оған Орта дәліздің дамуы ықпал етуде.

Өкінішке қарай, еліміздің геологиялық әлеуеті әлі толық зерттелмеген. Егер жер қойнауын терең зерделесек, жаңа ресурстар табылып, оларды игеру арқылы бюджетке салық түсімдері артар еді. Бұл өз кезегінде мектептер салуға, халықты қолдауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының ұстанымымен толық келісемін: күшті өңірлер – күшті Қазақстанның негізі. Біз аумағы жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған елміз, сондықтан еліміздің кез келген түкпірінде тұратын азаматтар астана тұрғындарымен тең деңгейде өмір сүруге тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қысқы Олимпиадаға қанша лицензиямен барады

Спорт • Бүгін, 20:57

Премьер-министр: Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, ел экономикасы даму үстінде

Үкімет • Бүгін, 20:33

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты

Президент • Бүгін, 20:13

Абай және жас ұрпақ

Абай • Бүгін, 19:55

Қоғамды ізгілікке бастаған әлеуметтік жобалар жинақ ретінде жарық көрді 

Қоғам • Бүгін, 19:28

2025 жылдың негізгі қорытындылары

Білім • Бүгін, 19:12

Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Президент • Бүгін, 18:45

Жаңа жылдың тарихы қандай?

Қоғам • Бүгін, 18:30

Қандай аумақта отшашуды атуға тыйым салынады?

Қоғам • Бүгін, 18:00

Қазақстанның үздік футболшылары кімдер?

Футбол • Бүгін, 17:57

«Мәскеу көз жасыңа сенбейді» фильмінің жұлдызы Вера Алентова қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 17:53

Жоғары оқу орнында өзіне-өзі қызмет көрсететін кітапхана ашылды

Әдебиет • Бүгін, 17:40

Президент: Биыл 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды

Президент • Бүгін, 17:35

Дияр Нұрғожай бразилиялық спортшымен күш сынасады

Спорт • Бүгін, 17:31

Президент: Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады

Президент • Бүгін, 17:21

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 22:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

24 Желтоқсан 2025 15:49see107

2036 жылға қарай Роскосмос айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

25 Желтоқсан 2025 02:32see107

Әкім Индербор халқының алдында қалай есеп берді

24 Желтоқсан 2025 18:33see106

ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты

24 Желтоқсан 2025 22:19see106

Ешкімді әуреге салмай, ұйықтап кетсем деп армандайтын : танымал ақын Асанәлі Әшімов туралы айтты

25 Желтоқсан 2025 02:35see105

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, артынша өлтірген: айыпталушы өмір бойына түрмеге тоғытылды

24 Желтоқсан 2025 22:20see105

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының шаруалары мал ұрлығының ашылмайтынына шағымданды

24 Желтоқсан 2025 15:21see105

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

24 Желтоқсан 2025 14:46see105

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

24 Желтоқсан 2025 14:44see105

Севоран препаратын қолдану мәселесі қайта қарала ма ДСМ жауабы

25 Желтоқсан 2025 15:48see105

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

25 Желтоқсан 2025 14:20see105

Қос бағытты қамтыған Phygytal спорт

25 Желтоқсан 2025 02:41see105

Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өспейтінін мәлімдеді

24 Желтоқсан 2025 04:05see105

Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

25 Желтоқсан 2025 02:42see105

Президент ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне назар аударды

25 Желтоқсан 2025 16:48see104

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

25 Желтоқсан 2025 12:29see104

Доллар бағамы бірнеше күннен бері құбылып тұр

25 Желтоқсан 2025 17:29see104

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

25 Желтоқсан 2025 14:11see104

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

25 Желтоқсан 2025 14:13see104

Әлемнің экс бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды

24 Желтоқсан 2025 04:05see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары