Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Су энергетика ресурстарының жаңа картасы: Қазақстанның су қоры онжылдықтарға жете ме

Су энергетика ресурстарының жаңа картасы: Қазақстанның су қоры онжылдықтарға жете ме

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Климаттың өзгеруі салаға әсер етіп отыр

Қазіргі уақытта Қазақстандағы су ресурстары бассейндік ұстаным бойынша басқарылады. Ел ішінде сегіз су шаруашылығы бассейні айқындалған: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас.

Өзен суының жалпы ресурсы ел аумағында жиналған судан, сондай-ақ көршілес елдерден ағып өтетін трансшекаралық сулардан тұрады. Бұл көлемнің басым бөлігін жерүсті сулары құрайды, орташа көпжылдық көлемі 106 текше шақырымдыға жетеді. Бұл көлемнің 55,7 пайызы Қазақстан аумағында пайда болады, ал қалған 44,3 пайызы Қытайдан, Өзбекстаннан, Ресейден және Қырғызстаннан келетін өзен суы есебінен шоғырланады, яғни тікелей трансшекаралық өзендерге тәуелдіміз.

– Жағдай климаттың өзгеруінің әсерінен күрделеніп келеді, ол құрғақшылыққа, су тасқынына, су сапасының нашарлауына және таза ауыз судың қолжетімділігінің төмендеуіне ықпал етіп отыр», - деді Гидрогеологтер қауымдастығының президенті Данияр Жұмабеков.

Су ресурстары және ирригация министрлігі қазіргі көрсеткіштерді ескере отырып, алдағы жылдары сумен қамтамасыз ету тұрақтылығына қауіп төнетінін атап өтті. Негізгі тәуекелдерге жаһандық жылыну, трансшекаралық өзендердің жоғары ағысындағы елдерде суды пайдаланудың артуы, мұздықтардың ыдырауы және ұлттық экономикада суды көп қажет етуі жатады.

Қазақстан экономикасына қажет судың 90 пайыздан астамы жерүсті су көздерінен алынады. 2024 жылы жалпы су жинау көлемі 25,5 км³ болды. Осының 4,3 пайызы (1,1 км³) коммуналдық және тұрмыстағы қажеттіліктерге тиесілі. Жалпы, бұл секторда жерасты суларының ең жоғары үлесі, яғни 51,1 пайызы қамтылған. Өнеркәсіп бағытында судың 22,5 пайызы (5,7 км³) тұтынылды, бұл негізінен жерүсті суларының есебінен жабылды (94,7%). Ауыл шаруашылығы саласы ең ірі тұтынушы ретінде қала береді - жалпы жиналған судың 60 пайызын (14,7 км³) алды, оның 77,6 пайызы тұрақты суаруға пайдаланылады.

– Ресурстар бойынша жағдай өңірлерге қарай айтарлықтай өзгереді. Оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда (Ертіс және Балқаш-Алакөл бассейндері) сумен елеулі көлемде қамтамасыз етілген болса, ал Орталық Қазақстанда (Нұра-Сарысу бассейні) су деңгейі азырақ. Оңтүстік және батыс өңірлер көршілес елдердің су бөлу саясатына ең тәуелді аумақ болып қала береді, - делінген министрлік ақпаратында.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қай мәселеге мән беру керек?

Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су секторын дамытуды стратегиялық басымдық ретінде атап өтіп, су-энергетика ресурстарының жаңартылған картасын дайындауды тапсырды.

– Энергетика жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін тағы бір маңызды резерв – еліміздің су ресурстары. Оның әлеуеті тиісті деңгейде пайдаланылмай отыр. Ашығын айтсақ, осы аса маңызды бағыттағы жұмыстар бей-берекет жүргізіліп жатыр. Еліміздің қолда бар су қорына шұғыл түрде нақты бағалау жасаған жөн. Өйткені кеңес заманынан қалған мәліметтер әлдеқашан ескірді, - деді Мемлекет басшысы. 

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, жаңа Су кодексінің қабылдануы Қазақстанның су ресурстарын басқарудың ашық әрі жүйелі моделіне көшуіне мүмкіндік береді. Енді шешімдер нақты және болжамды су балансына негізделеді.

Негізгі тетік ретінде әрбір өңір үшін әзірленген су ресурстарын қорғау және пайдалану бойынша бассейндік жоспарлар, сондай-ақ су ресурстарын кешенді басқарудың бүкіл ел бойынша Бас жоспары болады. Су ресурстары және оны пайдаланудың әлеуеті, соның ішінде гидроэнергетикалық әлеуеті туралы деректер әрбір өзен бассейнінің нақты су балансына негізделіп жаңартылады.

Қазіргі кезде осы құжаттарды әзірлеу аясында келесі іс-шаралар қамтылған:

су ресурстары қорын бағалау және болжау; қолжетімді су ресурстары мен халықтың, экономиканың және экожүйелердің қажеттіліктері арасындағы теңгерімді есептеу; климат және трансшекаралық факторларды ескере отырып, тұрақты сумен жабдықтау мүмкіндіктерін талдау.

Бұл тұрғыда ведомство мамандары орта мерзімді перспективада мемлекеттік стратегия аграрлық секторда суды үнемдеуді жүзеге асыруға, гидротехникалық нысандарды қайта құруға және жерасты суларын пайдалану әлеуетін кеңейтуге бағытталатынын атап өтті. Мұның бәрі маусымдық және трансшекаралық тапшылық тәуекелдерін азайтады.

Сонымен қатар, 2026 жылы сегіз бассейндік жоспарды әзірлеуді және бекітуді аяқтау, ал 2027 жылдың үшінші тоқсанында Бас жоспарды әзірлеуді аяқтау, содан кейін Үкімет қаулысын қабылдау жоспарланған.

Қазіргі уақытта елде су шаруашылығы жүйесін кезең-кезеңмен жаңғырту шаралары жүзеге асырылып жатыр.

– Былтыр 700 шақырым су арнасы қайта жаңғыртылса, биыл тағы 986 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Төрт су қоймасы жаңартылды, осы жылы тағы да төрт нысанды жаңарту және үш жаңа су қоймасының құрылысы басталады. Су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспарына негіз болатын сегіз бассейндік жоспарды әзірлеу аяқталады, - деді Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Отандық сарапшылар суды үнемдеу технологияларын аграрлық секторға енгізу керек екеніне ерекше назар аударып отыр, себебі осы бағытта су шығыны көп. Осы орайда 2026 жылғы вегетациялық кезеңде 1 млрд текше метрге дейін тапшылық болуы мүмкін екенін ескерсек, үнемдеудің маңыздылығына екпін қою керек.

– Елдегі тапшылық судың айтарлықтай бөлігі көрші елдерден келетіндігіне байланысты. Екіншіден, су тиімсіз жұмсалады, яғни үштен екісі ауыл шаруашылығына бағытталады. Аграрлық секторда сумен қамтамасыз ету суару желілері арқылы беріледі, ал олардың көпшілігі бетонмен қапталмағандықтан, су көлемін жоғалту 50 пайызға дейін жетеді, - деп түсіндірді Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы Климаттың өзгеруі бағдарламасының менеджері Азамат Қауазов.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су-энергетика ресурстары картасы жөнінде

2026 жылдың 10 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жыл соңына дейін еліміздің су-энергетика ресурстарының картасы әзірленетінін мәлім етті.

- Суды үнемдеу мәселесі басым бағыт болып қала береді. Бүгінге суармалы жерлердің үштен бірінен астам бөлігі су үнемдеу технологияларымен қамтылған. Осының нәтижесінде өткен жылы 847 млн текше метр суды үнемдеуге қол жеткіздік. Алдағы уақытта жыл сайын қосымша 150 мың гектарға жуық алқапты қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте көрсеткіштердің әдейі бұрмалануына жол бермеу міндеті Су ресурстары және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің алдында тұр, - деді Үкімет басшысы.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында осыған дейінгі кемшіліктерге түсінік берді.

Осы ретте бұрынғы есептеулер негізінен кеңестік кезеңдегі жиынтық деректерге негізделген және қазіргі климаттың өзгеруін, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен өңірлік даму басымдықтарын ескермеген. Кеңес дәуіріндегі су ресурстарын пайдаланудың жоспарлары ведомстволық сипатта болды және стратегиялық жоспарлау жүйесіне тиісті деңгейде үйлестірілмеген.

Қазір бұл саладағы әдістер өзгерді: гидроэнергетикалық әлеует жаңартылған бассейндік су балансына, нақты жинақталатын судың көлеміне және жүйеленген даму мақсатына негізделіп бағаланады. Осы орайда ғылыми әрі аналитикалық ұйымдар Бас жоспар және бассейндік жоспарлар бойынша жұмысқа біртіндеп тартылып жатыр. Бұл өз кезегінде басқару және инвестициялық шешімдер үшін ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сумен қамтамасыз ету параметрлері және су ресурстарына рұқсат етілген жүктемелер осы құжаттар негізінде анықталады. Содан кейін энергетика саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган әрбір жобаны жеке бағалайды, яғни су балансын, экологиялық талаптарды және нақты өңірдің даму басымдықтарын басты назарға алады.

Айта кетейік, жақында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарларын әзірлеу басталғанын мәлім етті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Ақпан 2026 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see118

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see116

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see115

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see115

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see114

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see113

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see113

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see112

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see112

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see112

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see112

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see112

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see111

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see111

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see111

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see111

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see110

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see110

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see110

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары