Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сауда серіктестігіне серпін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Жеңіске 20 миллисекунд қалғанда жеттім : қазақтың жас таеквондошысы тарихи жетістігі жайлы айтты

Washington Post Маңғыстау туралы мақала жариялады

Washington Post Маңғыстау туралы мақала жариялады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Америкалық журналист Дженнифер Мюллер Маңғыстауға жасаған сапарынан кейін, «Washington Post» газетіне көлемді мақала жариялады. Тілші аталған өңірдің табиғи ерекшеліктері мен тарихи баянын тақырып етті. Автор Маңғыстаудың жақпар-жақпар жартастарын АҚШ-тағы Монумент-Вэлли ұлттық паркімен салыстырып, жоғары баға берген, деп жазады Egemen.kz.

«Біз аралаған аңғар ежелгі заманда Тетис мұхитының табаны болған. Кейін жер қыртысы қозғалып, Пангея бөлініп, су кейін шегінді. Сөйтіп мыңдаған жылдар бойы табиғат алып тас мүсіндерді қалыптастырды. Жазықтың ортасынан қылыштай өткір жартас шоқылар, үстірттер мен иілген күмбезге ұқсас биіктер бой көтереді. Бұл аймақ соншалықты ұзақ уақыт бойы құрғақ әрі иен қалғандықтан, миллиондаған жылдық тарихтың ізі әлі күнге дейін анық көрінеді», деп жазады саяхатшы-журналист.

Тілшінің тіліне тиек болып отырған Тетис суы – мезозой дәуіріндегі алып мұхит-тұғын. Ол қазіргі Еуразия мен Африка-Арабия аралығын алып жатқан. Жер қыртысының қозғалысына байланысты азайып, бір жола тартылып кеткен. Қазіргі Маңғыстау дәл осы Тетис мұхитының астында жатқан. Ғалымдар оны теңіз жануарларының қалдықтары арқылы дәлелдеген.

Бұл нәрсе Америкадан келген журналисттің де назарын аударған. Бұған қоса Дженнифер Мюллер Маңғыстаудағы керуен-сарайлардың қирандыларын, сопылық ғибадатханалары мен жерасты мешіттерін асқан таңданыспен басылымға жариялаған.

«Ғалымдар олардың қалай пайда болғаны жөнінде әлі күнге дейін ортақ пікірге келген жоқ. Ал маған бұл алқап бір кездері құдайлардың ойын алаңы болған деген нұсқа көбірек ұнайды», деп жазады журналист.

Автордың айтуынша, ұзақ уақыт бойы бұл өңір халықаралық туристердің назарынан тыс қалып келген, алайда бүгінде оған деген қызығушылық артып отыр. Сапар барысында журналист Ресей, Қытай және Италиядан келген туристерді жолықтырғанын айтады. Ал америкалық саяхатшылар бұл бағытты енді ғана тани бастаған. Журналист жолсерігі Антон Дикиннен білгенінше, ол он жылдан астам уақыт бойы өңірде тур ұйымдастырып жүрсе де, АҚШ-тан келген қонақты әлі кездестірмеген.

Дженнифер Мюллер бір түнді «киіз үй мотелінде» өткізгендерін айтады. Алайда кейін топ мүшелерінің бәрі бір ауыздан далада, табиғат аясында оянғанды қалар едік деген ойға келген. Бұл Маңғыстауға келетін саяхатшылардың өңірге ең алдымен бірегей табиғатпен және адам қолы тимеген кеңістіктермен қауышу үшін ат басын бұратынын көрсетеді.

Айта кетейік, «Washington Post» 1877 жылы Вашингтон қаласында құрылған. Алғашында аймақтық басылым болғанымен, уақыт өте келе The Washington Post ұлттық әрі халықаралық деңгейдегі, қоғамдық пікір мен саяси күн тәртібіне елеулі ықпал ететін басылымға айналды. 2025 жылғы жағдай бойынша The Washington Post басылымының шамамен 2,5 миллион цифрлық жазылушысы бар. Бұл сайттың ақылы аудиториясы мен цифрлық жаңалықтарға жазылған оқырмандар санын көрсетеді. Ал баспа нұсқасының таралымы – күнделікті шамамен 97 мың дана.

Бұдан екі апта бұрын АҚШ-тың жетекші Дюк университетінің газетінде қазақ фольклоры туралы мақала жарық көрген еді.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 00:30

«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды

Спорт • Кеше

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: төлемдер көбіне қандай мақсаттарға жұмсалып жатыр?

Қаржы • Кеше

Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды

Қылмыс • Кеше

Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді

Шымкент • Кеше

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Әлем • Кеше

Ақтауда ер адамды соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Кеше

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді

Отбасы • Кеше

Талдықорғанның өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті

Партия • Кеше

Ұстаздар қолданыстағы заңның түйткілді тұстарын атады

Ғылым • Кеше

Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады

Қоғам • Кеше

Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр

Партия • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 11:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see146

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see131

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see127

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see125

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see125

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see125

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see124

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see123

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see123

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see122

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see121

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see121

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see121

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see120

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see120

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see119

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see119

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see119

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see118

Жеңіске 20 миллисекунд қалғанда жеттім : қазақтың жас таеквондошысы тарихи жетістігі жайлы айтты

08 Қазан 2026 20:53see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары