Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жұмыс барысында табандылықпен қатар шынайы жанашырлық қажет әлеуметтік қызметкер

Жұмыс барысында табандылықпен қатар шынайы жанашырлық қажет әлеуметтік қызметкер

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Динара Ақбердіқызы – Ақтау қалалық №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мейірім мен кәсіби біліктілікті терең меңгерген мамандардың бірі. Ол әлеуметтің әлжуаз тобына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шараларын ұйымдастырып, ерекше балалардың ата-аналары мен қамқоршыларымен жұмыс істейді.

- Әлеуметтік қызмет көрсету, халықпен тікелей жұмыс істеу – бұл әдістемелік білім мен дағдыларды талап ететін еңбек. Адамдар қиын өмірлік жағдайда біздерге жүгінеді. Сондықтан әлеуметтік қызметкерлердің мінез-құлқы қоғамның сенімін нығайтуы керек. Сапасыз қызмет көрсету мен жанжалды жағдайлардың алдын алу үшін кәсіби этиканы сақтаймыз. Әсіресе, әрбір баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оған жеке бағдарлама жасау қажет. Жұмыс барысында табандылық, төзімділік пен кәсібилік қана емес, сонымен қатар үлкен жүрек пен шынайы жанашырлық қажет, – дейді әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Динара Ақбердіқызы.

Динара Ақбердіқызы қоғам игілігіне адал қызмет етіп, өңірде әлеуметтік саланы дамытуға айтарлықтай үлес қосып жүрген білікті маман. Адал қызметі үшін, ата-аналардың алғысына бөленген.

- Біздің жұмыс сырт көзге жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде, үлкен төзімділік пен табандылықты қажет етеді. Әлеуметтік әділдік пен гуманизм қағидатына иек артып, арнайы кәсіби этика мен моральдық тұрақтылықты, эмоционалдық теңгерімді жете меңгерген кадрлар бұл саланың негізін құрайды. Әсіресе психоневрологиялық ауытқуы бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, қоғамға кіріктіру, өмір сүру сапасын жақсарту білікті маманның бағыттауымен жүзеге асады. Денсаулығында ақауы бар балалалармен жасөспірімдердің қабылдау, түйсіну, білім, білік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды еркін қолдануға үйрету – біз сияқты мамандардың кәсіби дайындығына тікелей байланысты, - дейді ол. 

Кейде қарапайым адами қарым-қатынастың өзі - қамкөңіл жандардың көңіліне демеу болады. Әлеуметтік қызметкер мұхтаж жанды кез-келген жағдайда қолдауға әзір тұрады. 

- Әлеуметтік қызметкерлер тұрғындардың құқын қорғауға, жәрдемақыны рәсімдеуге, уақытша баспана іздеуге, азық-түлік пен киім-кешек жеткізуге көмектеседі. Олар сондай-ақ, күйзелісте жүрген адамдарға кеңес беріп, эмоционалдық алаңдаушылықтарды еңсеруге, психологиялық денсаулықты қалпына келтіруге қолдау көрсетеді. Азаматтардың жұмысқа орналасуына, жаңа дағдыларды үйренуге, қоғамға бейімделуіне ұйытқы боламыз, - дейді маман.

Ақтау қалалық №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 4 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқушылығы бар балаларға түрлі бағытта қызмет көрсетіледі. 

- Мен өз жұмысымның маңызын түсінемін. Әлеуметтік қызметкер ақыл-ой дамуында тежелісі бар балалармен қарым-қатынаста тек маман ретінде ғана емес, сондай-ақ қамқоршы, тәрбиеші, психолог, дос ретінде қызмет атқарады. Біз бұны қызметтік міндет деп емес, адамгершілік парыз деп есептейміз, - дейді Динара Ақбердіқызы.

Динара Ақбердіқызы тек балалар емес, жалғызілікті қариялар мен ерекше мұқтаждығы бар жандарға да қолдау көрсетіліп, жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады. Осы тұста, қоғам да осы жандарға мейірімділік танытса игі. 

- Бұл негізінде қоғамға ортақ парыз ғой. Десе де, жан жылуына мұқтаж жандарға әр кез мейірбандық танытатын мәртебелі мамандық иелері – әлеуметтік қызметкерлердің бұл істе үлесі басым екені сөзсіз. Олар – ізгілікке, жақсылыққа жаны құмар, өзгенің қайғысына ортақтасып, қиналған адам көрсе, қол ұшын созып, көп саралап жатпай, көмегін еш аямайтын жандар. Әлеуметтік қызметкерлердің осы салада тұрақтап қалуы да осы қасиеттерінде. Себебі, қызмет алушының бабын табу мақсатында қалтқысыз қызмет ету дене күшімен бірге психологиялық табандылықты аса қажет етеді. Бұл үлкен жүректі, ізгі адамгершілік қасиеттер бойына ұялаған, өзінен гөрі өзгелерге болсын дейтін адамның ғана қолынан келетін іс. Қызметте болсын, жеке өмірде, жалпы айналамызда осындай мейірімді адамдардың көп болғаны қандай ғанибет, - дейді әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Динара Ақбердіқызы.

Бұған дейін, Еліміздің үздік әлеуметтік қызметкерлері арасында байқау жарияланған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 12:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары