14,3 тонна залалданған күнбағыс тұқымы елге кіргізілмеді
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау мемлекеттік инспекторлары қауіпті өнімнің ішкі нарыққа енуінің жолын кесті.
— Беларусь Республикасынан (шығарылған елі — АҚШ) жеткізілген көлемі 14,3 тонна күнбағыс тұқымын тексеру барысында оның күнбағыс фомопсисі ауруымен залалданғаны анықталды, — делінген хабарламада.
Бұл ауыл шаруашылығы дақылдары үшін айтарлықтай қауіпті, ол өнім түсімінің азаюына және өнім сапасының төмендеуіне соқтырады.
Өнім иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жіберілді.
Зиянды өнімдердің ел аумағына өтуіне жол бермеу, шекарадағы фитосанитариялық бақылауды күшейту жолында жұмыстар жалғасады.
Еске сала кетейік, былтыр егілген күнбағыс алқабы рекордтық көрсеткішке жеткен болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 17:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















