Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Ақтөбелік ғалымдар зиянды заттарды ондаған есе азайтатын технология әзірледі

Ақтөбелік ғалымдар зиянды заттарды ондаған есе азайтатын технология әзірледі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымдары өндіріс орындарынан бөлінетін зиянды қалдықтарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін жаңа газ тазарту технологиясын әзірледі. Зерттеу нәтижесінде енгізілген шешім өндірістік түтін құрамындағы шаң мен зиянды заттардың көлемін ондаған есе төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жобаны өндірісте енгізу жұмыстары Ақтөбе, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы бірқатар өнеркәсіптік нысандарда жүргізіліп жатыр. Әзірленген технология металлургия, энергетика, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру салаларына бейімделген. Сонымен қатар экологиялық шешімдер Ақсу ферроқорытпа зауытында, «Қазхром» ТҰК АҚ кәсіпорындарында және еліміздің басқа да өндірістік нысандарында қолданылып келеді.

Ғылым комитетінің мәліметінше, технология Ақтөбе ферроқорытпа зауытында қолданылғаннан кейін өндірістік түтін құрамындағы шаң мен зиянды компоненттердің мөлшері шамамен қырық есеге дейін азайғаны анықталды. Нәтижесінде атмосфераға тарайтын өндірістік шаң мен газдардың басым бөлігі сүзгіден өткізіліп, ауаға әлдеқайда тазартылған күйде шығарылады. Бұл өндірістік кәсіпорындардың экологиялық жүктемесін төмендетуге және қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындауға ықпал етеді.

Жобаның маңызды ерекшеліктерінің бірі — оның импортты алмастыратын отандық технология ретінде жүзеге асырылуы. Бұған дейін мұндай газ тазарту жүйелері көбіне шетелден жеткізілетін. Жаңа әзірлеме Қазақстан кәсіпорындарына дәл сондай тиімді жабдықты отандық ғылыми және инженерлік әлеует негізінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Ғалымдар мұндай нәтижеге сүзгі-қаптарды жаңаша регенерациялау жүйесін енгізу арқылы қол жеткізген. Аталған технология сүзгі материалын қорғауға, тазарту тиімділігін арттыруға және жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүйе өндірістік процестің тұрақтылығын сақтауға бағытталған инженерлік шешімдермен толықтырылған.

Зерттеу жұмыстарына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жетекші ғалымдары қатысып жатыр. Атап айтқанда, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Марат Иманғазин, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Бағдагүл Уахитова және коммерцияландыру және стартаптар департаментінің директоры Нұрбек Дүймұханов жобаның ғылыми және технологиялық бағытын үйлестіреді. Жоба экологиялық қауіпсіздік талаптарына және «жасыл» технология қағидаттарына сәйкес келеді.

Жоба университет пен Қарағанды қаласындағы «KazEnergoMashEkologia» ЖШС арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады. Негізгі сүзгілеу жүйесінің құрастыру жұмыстары компанияның өндірістік базасында жүргізіледі.

Жоба аясында ғалымдар Ақтөбе ферроқорытпа зауытының № 1 балқыту цехында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижелері негізінде газ тазарту жүйесінің жобалық-конструкторлық шешімдері әзірленді. Ғылыми есеп Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында тіркеліп, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру конкурсына қатысуға мүмкіндік берді.

Жоба 350 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа ие болды. Сонымен қатар өнеркәсіптік серіктес тарапынан 123 млн теңгеден астам қосымша инвестиция тартылған. Екі жыл ішінде жалпы құны шамамен 380 млн теңгені құрайтын газ тазарту жабдықтары әзірленіп, өндірісте қолданылып келеді.

Айта кетелік Қазақстан ғылыми инфрақұрылымды күшейтпек. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Сәуір 2026 10:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see141

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see139

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see127

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see121

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see121

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see120

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see120

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see120

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see119

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see117

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see117

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see116

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see116

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see115

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see114

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see114

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see113

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see113

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see113

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары