Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Ара өлімінің көбеюі экожүйені бұзып жатыр шетелдегі қазақ баспасөзі

Ара өлімінің көбеюі экожүйені бұзып жатыр шетелдегі қазақ баспасөзі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Өзбекстан елшісі Алматы әкімімен кездесу өткізді — ӨзА

Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Бахтиёр Ибрагимовтың Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған бірқатар кездесу өтті.

«ӨзА» ақпарат агенттігінің «Dunyo» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, кездесулерге Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, тиісті мекемелер, іскерлік орта және сарапшылар қатысты.

Фото: ӨзА

Келтірілген деректерге сүйенсек, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен өткен кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілген. Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты тереңдету және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды Өзбекстанмен әріптестіктің жоғары қарқынын ерекше атап өтіп, 2025 жылғы қараша айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары, сондай-ақ 2025 жылғы наурыз айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары екі ел өңірлері арасындағы байланыстарды айтарлықтай жандандыра түскенін айтқан.

Мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматы мен Өзбекстан өңірлері арасындағы тауар айналымы 20 пайызға өсіп, 850 миллион АҚШ долларынан асты.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Өзбекстан алғаш рет жер серігі мен космонавтын ғарышқа ұшырады» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Фото: ӨзА

Аталған ақпарат көзінің дерегінше, тәуелсіз Өзбекстан тарихында тұңғыш рет отандық жасанды жер серігін орбитаға шығару және өзбек азаматынан тұңғыш космонавтты ғарышқа аттандыру жөніндегі тарихи бастама жария етілді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев Өзбекстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында мәлімдеген.

— Бүгін сіздерге тағы бір маңызды жаңалықты айтқым келеді. Тәуелсіз Өзбекстан тарихында алғаш рет ғарыш саласында жасанды жер серігін ұшыру және еліміздің азаматы — тұңғыш өзбек космонавтын ғарышқа жіберу жөніндегі жұмыстарды бастадық, — деді Президент.

Бұл бастама Өзбекстанның жоғары технологиялар дәуіріне нық қадам басқанын көрсетіп, жас ұрпақты ғылым мен білімге ынталандыратын жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ, деп түйіндейді ӨзА.

Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының 2025 жылғы 10 саласы — «Халық газеті»

Қытайлық «Халық газеті» басылымы өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының 2025 жылғы 10 саласына тоқталған. 

Фото: Kazinform

Атап айтқанда, ел басшылары арасындағы жиі қарым-қатынас, экономикалық және сауда ынтымақтастығының жаңа деңгейге жетуі, логистикалық арналардағы жаңалықтар. Сондай-ақ энергетика саласындағы негізгі жобалар сәтімен басталуы, Қазақстандағы «Қытай туризм жылы» және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жемісті нәтижелері. Сонымен қатар Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасу тереңдей түсуі, цифрлық экономика мен жоғары технологиялар ынтымақтастықтың жаңа белестеріне айналу атап өтіледі.

Сондай-ақ осы аптада «Халық газеті» басылымында «Қытайдың магнитті пойызы сынақ кезінде 800 км/сағ жылдамдықпен жаңа рекорд орнатты» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді. 

Фото: Халық газеті

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Хубэй өлкесіндегі Шығыс көлінің жоғары жылдамдықты теміржол зертханасы жақында өзінің сынақ жолында 1,1 тонналық пойыз моделін небәрі 5,3 секундта 800 км/сағ жылдамдыққа жеткізгенін жариялады.

Сынақ ұзындығы 1000 метрлік жолда жүргізілген. Пойыз шамамен 600 метрде ең жоғары жылдамдығына жетіп, кейін біртіндеп баяулап, мәре сызығына қарай жылжып, бүкіл сапарды 8 секундта аяқтаған.

— Зертхана бұл жетістікке «тұрақты магнитті электрлік левитациялық бағыттау + электромагниттік қозғаушы күш» жүйесінің арқасында қол жеткізілгенін, жоғары жылдамдықты аэродинамикалық тұрақтылық сияқты қиындықтарды сәтті жеңіп шыққанын мәлімдеді, — деп жазады «Халық газеті».

Иранның ең көп экспортталатын тауарлары қандай? — ParsToday

Иран Ислам Республикасының экспорты, ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі саналады және түрлі тауарлар экспортқа жіберіледі, сонымен шетел валютасын қамтамасыз етіп жатыр және өндірістік қуаттарды енгізуде маңызды рөл атқарады. Жалпы, Иранның экспорты екі бөлікке бөлінеді: мұнай экспорты және мұнай емес экспорт, деп жазды ParsToday ақпарат агенттігі.

Фото: ParsToday

ParsToday ақпарат агенттігі Иранның экспорттық өнімдерінің бірнеше түрін атап өткен.

Атап айтқанда, мұнай және мұнай-химия өнімдер, құрылыс материалдары мен минералдары, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері және қолөнер және дәстүрлі тауарлар қатарлылар.

Сондай-ақ бұл төрт саладан басқа тауарлар да бар. Қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар, жиһаз, темекі, тәттілер мен шоколад, киім-кешек, тіпті пемза, иленген былғары және мия тамыры сияқты арнайы тауарлар да Иранның экспорттық тізімінде тұр.

Сондай осы аптаның басында ParsToday ақпарат агенттігінде «Қазақстан ирантанушыларының кезекті жиналысы өтті» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

Фото: ParsToday

Ирандық БАҚ-тың дерегінше, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің оқытушылары мен магистрант-докторанттары Қазақстан ирантанушыларының кезекті жиналысына қатысты.

26 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантанушы оқытушылары мен магистрант-докторанттары Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Иран Мәдени орталығында өткен Қазақстан ирантанушыларының кезекті жиналысына қатысты. Бұл отырысты Иран Мәдени орталығының басшысы Хоссейн Ағазаде мырза ұйымдастырған.

Отырыста Қазақстан ирантанушылар ассоциациясын ресми тіркеу үшін жасалып жатқан жұмыстар бойынша Батырхан Болатбек есеп берді. Сондай-ақ болашақ ассоциацияның атқаратын жұмыстарының жалпы бағыттары талқыланды.

Иран мәдени орталығы тарапынан аудармашы Гаухар Омарханова мен Бағдат Құдиярға арнайы сыйлықтар және жиналған ирантанушыларға жарық көрген жаңа кітап сыйлыққа тарту етілді.

Ара өлімінің көбеюі экожүйені бұзып жатыр — TRT

Аралар — тек бал өндіретін жәндіктер ғана емес. Аралар табиғат үшін әлдеқайда зор маңызға ие. Өйткені экожүйенің тұрақты сақталуында аралардың рөлі шешуші.

Дәл осы себепті соңғы жылдары аралардың жаппай қырылуы қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырып отыр.

Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады. 

Фото: TRT/AP

«TRT»-ның дерегінше, аралардың маңызы тек балмен шектелмейді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің үздіксіздігі мен экожүйе тепе-теңдігінің сақталуы да көбіне араларға байланысты.

Алайда соңғы жылдары осы бір ерекше жәндіктердің жаппай қырылуы туралы хабарлар жиілей түсті. Ендеше, ара өлімінің артында қандай себептер жатыр? Бұл мәселе табиғаттың тепе-теңдігіне қалай әсер етеді?

Түркиялық басылым осы сұрақтарды Дүздже университеті Ара шаруашылығы ғылыми-зерттеу, дамыту және қолдану орталығының директоры, профессор Мерал Кекечоғлуға қойған.

«TRT»-ның мәліметінше, ара өлімі көптеген факторға байланысты. Аралардың қырылуы мен ара өнімдерінің өнімділігінің төмендеуі соңғы жылдары әлемнің көптеген елінде байқалып отыр.

Профессор Кекечоғлуның айтуынша, жаппай ара өлімінің негізгі себептерін екі топқа бөліп қарастыру қажет. Соның бірі — макроэкологиялық факторлар болса, ал енді бірі микроэкологиялық факторларға байланысты, яғни ұя ішіндегі жағдайлар мен ара өсірушілер жіберетін қателер жатады.

Профессор осы екі факторға байланысты кеңінен тоқталған.

Түркия Радио Телевизия порталы жазба соңында аралар тек экожүйе үшін ғана емес, адам денсаулығы үшін де аса маңызды екенін айтады. Сонымен қатар, аралар — тек бал жасайтын ұсақ жәндіктер емес. Олар — тіршіліктің жалғасуы үшін маңызды буын. Араларды қорғау — өзімізді және болашағымызды қорғау деп түйіндейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 04:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see122

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see122

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары