Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Елімізде ТҮКШ ті ауқымды цифрландыру тарифтерге қалай әсер етеді

Елімізде ТҮКШ ті ауқымды цифрландыру тарифтерге қалай әсер етеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

ТҮКШ-тегі цифрландыру жөнінде

Отырыста ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова бірыңғай төлем жүйесі туралы айтты. Жаңа жүйе ЖЭО-да ресурс өндірілгеннен бастап оны желілер мен тұрғын үйлерге жеткізгенге дейінгі, яғни тұтас циклдегі барлық деректі қамтиды. Вице-министрдің сөзінше, ЖИ-дің арқасында, өндірілген және ақысы төленген ресурстар көлемін, сондай-ақ жасырын және нормадан тыс шығындарды бақылап отыруға болады.

– Біз барлық ақпаратты бірыңғай жүйеге жинағымыз келеді. Сенімді және сапалы деректер негізінде сараптама жасап, ТҮКШ саласын дамытуға болады, – деді ол.

Сонымен бірге жылу желілерін автоматтандыру тақырыбына айрықша назар аударылды. Жаңа технология қысым мен температураны қашықтан бақылауға, инфрақұрылымның жағдайын онлайн тексеруге және ақау шықса, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

– Бір ғана Астананы алалық. Кейде түсініксіз шығындар тіркеледі. Қай жерден ақау шыққанын анықтай алмаймыз. Ал жаңа құрылғылар бізге ресурстер нақты қай тұста төгіліп жатқанын, қандай мәселе туындағанын білуге жол ашады. Соның арқасында жылдам әрі түбегейлі жөндеуге болады. Елімізде цифрландыру үдерісі басталып кеткен өңірлер ретінде Астана, Алматы және Шымкентті атар едім, – деді «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ департаментінің директоры Әлібек Зәрубек.

Ведомство мәліметінше, цифрландырудың басты нәтижелерінің бірі бірыңғай электронды төлем құжатының енгізілімі болуы тиіс. Барлық қаржылай аударымды бір цифрлық квитанцияға біріктіру және бірыңғай растау базасын енгізу қандай да бір қателіктердің алдын алып, қаржы есебін ашық қылады.

– Біздің міндетіміз – үдерістерді автоматтандыру ғана емес, сонымен қатар саланы жұрт үшін түсінікті әрі ашық ету. Жүйе ресурстың қайда жұмсалғанын, шығынды, аударым мен сатып алуды әрдайым көрсетіп тұрғаны – ішкі техникалық мәселе ғана емес, азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін нәрсе, – деді Жәннат Дүбірова.

Оның мәлімдеуінше, ведомство Smart Turmys бірыңғай электронды платформасын құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ол салалық деректерді бір жүйеге біріктіреді. Әзірге ондай деректер ҚР Энергетика министрлігіне, ҚР Өндіріс және құрылыс министрлігіне, сондай-ақ су арналарына қарасты әртүрлі субъектілерге тиесілі.

Платформаны дамытуда нақты жоспарлар мынадай: ЖИ көмегімен сараптама жасайтын модуль, қолданушылардың жеке кабинеті және коммуналдық қызметтерді басқару құралдары енгізілмек.

Мамандардың сөзінше, инфрақұрылым дайын. Енді ол мемлекеттік базалармен біріктіріліп жатыр. Техникалық тапсырмаларды орындауға қажетті жағдай жасалып жатыр. Жоба Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) грантымен қаржыландырылмақ. Комитет бекітсе, 2026 жылдың сәуірінде келісімшарт жасалады.

Жиында сондай-ақ Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы байланыс орталығының жұмысы қаралды. Ол – халықпен кері байланыс жасау құралы. 2025 жылдың күзінде іске қосылғаннан бері орталыққа 1 мыңнан астам азамат тіркелген. Ал 2026 жылдың алғашқы үш айында келіп түскен өтініштер көрсеткіші былтырғыдан үш есе көп.

– Бұл байланыс орталығы қазір бизнес өкілдері мен субъектілердің барлық өтінішін қабылдап жатыр. Онда мамандар платформаға тіркелу, отандық өнімдерді сатып алу, әдістеме мен ережелер жөніндегі және т.б. сұрақтарға жауап береді. Мұндай орталық қазір ауадай қажет, – деп атап өтті вице-министр.

Бұдан бөлек отырыста meks.zakup.sk.kz платформасы арқылы сатып алуды цифрлық бақылау жайында айтылды. Қазір бұл жүйеде 445 объектінің 1,1 трлн теңге көлеміндегі саудасы жүзеге асып жатыр. Ол материалдарды отандық өндірушілерден тікелей сатып алудың ашықтығы мен үдерісті қадағалауды қамтамасыз етеді. Платформаға қазақстандық 172 зауыт тіркеліп үлгерген. Соның арқасында тұрбалар мен құрылғылар саудасына делдалдардың араласуы азаяды.

Жаңғырту тарифтерге әсер ете ме?

Әлібек Зәрубектің айтуынша, цифрлық есептеуіштер мен цифрлық жүйені енгізудің тарифтерге әсері болады. Бірақ ресурс шығындарын азайтудың арқасында коммуналдық компаниялардың кірісі өсуі мүмкін. Қосымша табыстар басқа мәселелердің шешілуіне жұмсалады. Мәселен, ескі тұрбалар ауыстырылып, желілер жөнделуі ықтимал. Бұл жөнінде нақты шешімді жауапты субъектінің өзі қабылдайды.

– Цифрландыру осындай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Осы жұмыстар аясында біз есепке алу құралдарын таңдау және орнату ережелеріне өзгерістер енгіздік. Енді есепке алу құралдарын жеткізуші ақпараттық жүйені субъектінің қарамағына тегін беруі тиіс. Осылайша, субъект ақпараттық жүйені сатып алуға қаржы жұмсамайды, – деп түсіндірді сарапшы.

Оның сөзінше, бұрын субъект қажетті құрылғыны, мысалы ақпараттық жүйені немесе есептеудің автоматтандырылған жүйесін сатып алса, шығынды өтеу үшін тарифті өсіретін. Мұның алдын алу үшін, жоғарыда жазғанымыздай, нормативтік-құқықтық актіде норма бекітілді. Егер субъект қажетті құралдарды ірі көлемде сатып алса, жеткізуші ақпараттық жүйені ақысыз беруге міндетті.

– Жылуды есептейтін құрылғылар тегін тұрмайтыны белгілі. Олар үшін біреу ақша төлеуі керек. Алайда мұның бәрі халықтың қалтасын қақпайтындай ұйымдастырылады. Бюджеттен қаржы бөлініп, қажетті құралдар үшін төленеді. Кейін тарифтер бірден шарықтап кетпей, бірте-бірте өсіп, кеткен қаражаттың орнын толтырылады, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

Екіншіден, депутаттың пікірінше, цифрлық құралдарды орнату барлық ресурсты (жылу энергиясы, электр энергиясы, су) үнемдеуге себеп болады.

– Қазір есептеу құралдары болмаса, кей жағдайда есептеу баспананың шаршы метріне байланысты жүргізіледі. Меніңше, бұл дұрыс емес. Сондықтан аталған құралдарды орнатуға барлық тарап мүдделі. Бірақ бәрі де мұның қалай ұйымдастырылатынына және белгіленген мерзімге байланысты, – дейді ол.

Ал Әлібек Зәрубектің айтуынша, ҚР Энергетика министрлігімен және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, электр энергиясын, жылуды, суды және газды есептеуге арналған есептеуіштерді орнату бойынша жоспар дайындалып жатыр. Жалпы 8,3 миллион құрылғы керек. Қазір қажетті қаражатты «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі мен Ұлттық экономика министрлігі есептеп жатыр.

Еске салайық, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы 2029 жылға дейін іске асырылады. Оның мақсаты – елдегі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, коммуналдық желілердің тозу көрсеткішін 40%-ға төмендету және апаттардың санын 20%-ға азайту.

Айта кетейік бұған дейін 2026 жылдың І тоқсанынан кейін Астанадағы коммуналдық тарифтер өзгеруі мүмкін екенін жазғанбыз.

Сондай-ақ БҚО-да 132 млн теңге тарифтерді төмендету тетігі арқылы тұтынушыларға қайтарылады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Наурыз 2026 15:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары