Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Ежелгі Жібек Жолымен 3000 шақырымға жол тартқан түйе керуені шетелдегі қазақ баспасөзі

Ежелгі Жібек Жолымен 3000 шақырымға жол тартқан түйе керуені шетелдегі қазақ баспасөзі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

XVI ғасырда соғылған теңгелерді елден шығармақ болған азамат ұсталды – ӨзА

Сұрхандария облыстық кеден басқармасының «Термез әуежайы» шекара бекетінде кеденшілердің қырағылығының арқасында тарихи құндылығы зор жәдігерлерді елден әкетпек болған азамат қолға түсті.

Фото: uza.uz

Бұл туралы осы аптада «ӨзА» ақпарат агенттігі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, шетелге ұшқалы тұрған жолаушы кедендік тексеру кезінде белгіленген тәртіп бойынша бақылаудан өтті. Алайда оның қол жүгін тексеру барысында қызметкерлер ауызша сұрау кезінде айтылмаған, араб жазуларымен өрнектелген бес дана көне металл теңгені анықтады.

Кеден мамандары табылған заттардың тарихи маңызын нақтылау мақсатында көркемдік сараптама тағайындады. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, бұл теңгелер XVI ғасырға тиесілі болып, олардың бетіне араб жазуымен діни нақыштағы сөздер мен сол дәуірдің билеушілерінің есімдері қашалып жазылған. Бұл жәдігерлер өз кезеңінің мәдени және тарихи тынысын айқын көрсететін құнды мұра ретінде танылды.

Өзбекстандық БАҚ-тың дерегінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, соғылғанына елуден астам жыл өткен мәдени құндылықтарды ел аумағынан шығаруға қатаң тыйым салынады. Қазіргі уақытта көне теңгелер Термез археология мұражайының қорына тапсырылды. Ал кеден органдары аталған дерек бойынша тергеуге дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазақстан мен Мысыр африкатанушы мамандарды даярлауға мүдделі - «Eurasia Today»

Қазақстан мен Мысыр өкілдері африкатанушы мамандығы бойынша кадрлар даярлау және құрлықтағы кең тараған африкалық тілдерді меңгеру мәселелерін көтерді, деп хабарлайды «Eurasia Today» ақпарат агентті.

Аталған басылымның хабарлауынша, бұл мәселе Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Асқар Жеңіс пен Каир университетінің Ректоры Мұхаммед Әбделсадеқтің кездесуінде көтерілді.

Фото: kz.eurasiatoday

Тараптар кездесуде жоғары білім саласындағы ынтымақтастық және университеттер арасындағы байланысты жандандыру мәселелерін талқылаған. Кездесу барысында екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасылды.

Ежелгі Жібек Жолымен қайта жүріп, 3000 шақырымға жол тартқан түйе керуені - «Халық газеті»

3 қарашада сағат 17:00-де 33 түйе, 3 жылқы, 30 команда мүшесі және 4 құрал-жабдық көлігінен тұратын «Шығыс Тяньшаньнан келген түйе керуені» Ганьсу өлкесінің Гулан ауданына жетті, деп жазады «Халық газеті». 

Аталған БАҚ-тың дерегінше, бұл керуен 22 тамызда Шыңжаңдағы Баркөл Қазақ автономиялық ауданынан жолға шыққаннан бері шамамен 1600 шақырым жол жүрген. Олардың соңғы аялдайтын жері Хэнань өлкесінің Лоян қаласы. Керуен шамамен 3000 шақырымнан астам сапардан соң мәдени экспедициясын аяқтамақ.

Фото: kaz.people.cn

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, түйе керуенінің қоңырау үні арғы заманнан жеткендей әсер береді. «Шығыс Тяньшань түйе керуені» тарихтың ізін қайталап, Жібек Жолының рухын және Шыңжаң бұйымдарының сұлулығын таныстырып жатыр. Ұжым жұмысы Қытайдағы әлеуметтік желіде бірнеше рет қызу талқы рейтингінде болды. Маршруттық динамика мен мәдени интеграция іс-шаралары көпшіліктің назарын аударып, қазіргі уақыттағы ең көп қаралатын «Жібек Жолы елшісіне» айналған.

Сонымен қатар осы аптада «Халық газеті» басылымында «Шаньдун өлкесіндегі бір тау қос түске боялды» деген ақпарат жарық көрді.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, Қытайдың Шаньдун өлкесінің Цзинань өңірінде бір тау қос түске боялған. Күздің аяғында Цзинань өңірінің Сецзы тауында (Шаян тауы) «бір тау екі түске боялған» ғажайып көрініс көптеген туристі баурады.

Фото: kaz.people.cn

Келтірілген деректерге сүйенсек, Сецзы тауы жота арқылы екіге бөлініп жатады. Таудың солтүстік беткейіне аршалар егілген, оңтүстік беткейіне сарыағаш отырғызылған. Күздің келуімен сарыағаштар жасылдан қызыл түске боялып, «бір тау екі түске енген» ерекше көрініс қалыптасты.

Берлиндегі Иран елшілігінде «Иран кілем өнері» күні өтті - ParsToday

Берлиндегі ИИР елшілігінің конференц-залында Германияда тұратын бірқатар елшілер мен дипломаттар және шынайы ирандық мәдениет пен өнерінің әуесқойлары тобының қатысуымен «Иран кілем өнері» күні өтті, деп жазды ParsToday ақпарат агенттігі. 

Parstoday ақпарат агенттігінің ISNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, «Иран кілем өнері» күні рәсімінде ИИР-ның Германиядағы елшісі Маджид Нили иран кілемін ирандықтардың өнерінің, шыдамдылығының және талғамының символы деп санап, оның Иранның бай мәдениетін әлемге таныстырудағы маңызды рөлін атап өткен.

Фото: parstoday.ir

Ирандық БАҚ-тың дерегінше, Иранның Германиядағы елшісі екі ел арасындағы тарихи қарым-қатынастардың дамуындағы иран кілемдерінің рөліне тоқтала отырып, бірлескен иран-герман кілем үйін құруды осы саладағы өзара әрекеттесуді арттыру және жеңілдету мүмкіндігі деп санады.

Бұл рәсімде Иранның әртүрлі аймақтарынан әкелінген тамаша және құнды кілемдер көрсетіліп, Иран жерінің мәдени және көркемдік әртүрлілігін көрсетті және қатысушылардың жылы лебізін білдірді. Іс-шараның тағы бір тартымды бөлігі осы саладағы екі танымал ұстаздың иран кілемдерінің үлгілерін жасау бойынша шеберлік сабағы және сұлулығын көрсететін бейнеролик болған.

Айта кетейік, Германия ұзақ уақыт бойы Иран кілем саудагерлерінің Еуропадағы негізгі орталығы болып келді.

Сондай-ақ осы аптада Parstoday-де «Иран мен Ауғанстан арасындағы теміржол ынтымақтастығы Қытайды Еуропамен байланыстыру бағыты болып табылады» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

ParsToday басылымының мәліметінше, Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары және Иран теміржол компаниясының бас директоры Қытайдың теміржол желісін Ауғанстан мен Иранның теміржол бағыттары арқылы Еуропамен байланыстыру жоспарын жариялаған.

Келтірілген деректерге сүйенсек, Иранның халықаралық дәліздердегі стратегиялық рөлін атап өткен «Иран темір жолдары» компаниясының бас директоры Джабар Әли Закери Қытайдың теміржол желісін Ауғанстан мен Иран арқылы Еуропаға қосу жоспарларын жариялады және Мазари-Шариф-Герат теміржол желісін аяқтап, оны Иран арқылы өтетін бағыттармен байланыстыру Ауғанстанды ашық сулармен және Еуропа нарықтарымен байланыстыратынын айтқан.

Түркияда кибер тыңшылыққа қарсы рейдтерде екі күдікті қамауға алынды - TRT

Сенбі күні Түркия барлау қызметі және жандармерия күштері Стамбул мен Аданада үйлестірілген тінту жұмыстары барысында кибершпиондық желіні нысанаға алып, екі күдіктіні ұстады.

Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады. Аталған БАҚ-тың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, операция Анкара бас прокуратурасының нұсқауымен жүргізілді.

Тергеушілер екі күдіктінің ірі киберқылмыс ұйымымен байланысы барын анықтады. Тінту кезінде тәртіп сақшылары заңсыз киберқимылдарда пайдаланылуы мүмкін деп күдік туғызған цифрлық техника мен шетелмен байланысы бар жүйелерді тәркіледі.

Күдіктілер тергеу кезінде мойындап, жеке мәліметтерге заңсыз қол жеткізуге қатысы бар адамдар мен топтар туралы ақпарат берді.

Екі күдікті де Түркияның киберқауіпсіздік заңы бойынша ресми түрде қамауға алынды, ал шетелде жүрген басқа тұлғаларға тұтқындау ордері шығарылды.

Тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қараша 2025 21:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see103

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see101

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see100

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see99

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see98

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see98

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see98

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see97

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see97

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see97

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see97

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see96

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see96

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see95

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see94

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

24 Қыркүйек 2026 09:52see94

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see94

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары