Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Орталық Азия стартаптары $550 мың инвестиция әкелді

Орталық Азия стартаптары $550 мың инвестиция әкелді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Astana Hub пен Google for Startups серіктестігімен жүзеге асырылатын Silkway Accelerator халықаралық акселерациялық бағдарламасының алтыншы легі мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл жолы бағдарлама қатысушылары жалпы сомасы $550 мың көлемінде инвестиция тартып, $1,4 миллионға алдын ала келісімдер (soft commitments) алды.

Бағдарламаға қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу арқылы таңдалды: барлығы 180 өтінімнің ішінен масштабталу әлеуеті жоғары 15 стартап таңдалып, олардың 11-і ғана бағдарламаны толық аяқтады. Бұл жобалар Қазақстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Моңғолия елдерінен келген, әрі финтех, e-commerce, жасанды интеллект (AI), логистика, медицина, білім беру мен бизнес-процестерді автоматтандыру салаларында жұмыс істейді. Стартаптардың барлығы PMF немесе Scale кезеңінде, яғни өнімдері нарықта сұранысқа ие және нақты тұтынушылары бар.

12 аптаға созылған интенсивті акселерациялық бағдарлама барысында қатысушылар халықаралық сарапшылар мен менторлардан қолдау алып, одан әрі даму стратегиясын әзірлеу, операциялық процестерді оңтайландыру және шетелдік нарықтарға шығу жолдарын жоспарлау бойынша жан-жақты білім алды. Сонымен қатар, оларға тегін жатын орын, кеңсе, Google сарапшыларының ресурстары және стартаптарды дамытуға бағытталған тұрақты воркшоптар ұсынылды.

Айрықша көзге түскен жобалардың қатарында отандық Mirai Tech стартапы болды. Компания жасанды интеллектімен жабдықталған ұлтарақтар жасап шығарған. Бұл өнім адам қозғалысының биомеханикасын талдап, жарақаттың алдын алу мен оңалту бойынша жеке ұсыныстар береді. Жобаға медицина мен спорт саласының сарапшылары жоғары қызығушылық тудырып, команда алғашқы инвестицияларын тартты.

«Silkway Accelerator бағдарламасына қатысу Mirai Tech командасына қаржылық көрсеткіштерді жақсартып, ішкі процестерін оңтайландырып, нақты масштабтау стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік берді. Қазір біз Қазақстандағы футбол клубтарымен жұмыс бастап, халықаралық нарыққа шығуға дайындалып жатырмыз», – деді компания негізін қалаушы және Назарбаев Университетінің профессоры Гүлнұр Калимулдина.

Қалған үздік жобалар қатарында epsilon3.ai (Тәжікстан) – мемлекеттік органдарға тәуекелдерді болжау және аномалияларды анықтау бойынша көмектесетін GovTech платформасы; Steppe AI (Моңғолия) – логистика, энергетика және агроөнеркәсіп салаларына арналған IoT және AI шешімдері; Tryverse (Әзербайжан) – 3D және AR-контент генерациясы арқылы e-commerce сатылымдарын арттыратын платформа.

Қазақстандық жобалардың ішінде gro.now – дәстүрлі маркетингтік зерттеулерді алмастыратын AI-платформа; Rosta.kz – ритейл мен HoReCa секторына арналған автоматтандыру шешімі; MacDent AI – стоматология клиникаларына арналған AI-CRM және ERP жүйесі; Daryn.online – 4 елдегі ұлттық емтихандарға дайындыққа бағытталған білім беру платформасы; Paidax – брокерлік және әлеуметтік функцияларды біріктіретін инвестициялық платформа; Yume – жылжымайтын мүлік жалдауын басқаруға арналған SaaS-шешім, ішінде Yume+ маркетплейсімен; AVM.AI – мейрамханаларға арналған жасанды интеллектімен басқарылатын автоматтандырылған жүйе.

Astana Hub бизнес-бағдарламалар кеңсесінің директоры Ербол Ахметов бағдарламаның аймақтық цифрлық өнімдердің экспортынан түсетін табысты арттырудағы рөлін атап өтті:

«Мемлекет басшысы 2026 жылға дейін цифрлық өнімдер экспортының көлемін $1 млрд-қа жеткізуді тапсырған болатын. Silkway Accelerator бағдарламасы аясындағы стартаптар бүгінде АҚШ, Мексика және MENA аймағындағы нарықтарда табысты жұмыс істеп, бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп отыр. Жалпы алғанда, бағдарламаның барлық алты легінің қатысушылары $47,7 млн инвестиция тартып, жобалардың жиынтық бағалауы $575 млн-ға жетті. Google for Startups серіктестігі арқылы стартаптар жаһандық сараптама мен ресурстарға қол жеткізіп отыр. Біз болашақта да бұл ынтымақтастықты нығайтып, өңірдегі технологиялық компаниялардың өсуіне қолдау көрсетеміз», – деді ол.

Silkway Accelerator – Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі ең ауқымды әрі беделді стартап акселераторларының бірі. Бағдарлама Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия және Моңғолиядан келген технологиялық жобаларды біріктіріп, оларды жаһандық нарықтарға шығару үшін нақты мүмкіндік береді. Акселератор аймақтық стартап-экожүйені нығайтып қана қоймай, бүкіл өңірдің цифрлық экономикасының тұрақты дамуына үлес қосып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 12:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары