Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Семейде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жоғалған баланы ата-анасына табыстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ертіс өзенінің жағалауындағы қалалық жағажайды патрульдеу кезінде ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ересектердің қарауынсыз жүрген 2023 жылы туған баланы байқап қалған.
"Құтқарушылар оқиғаның мән-жайын анықтап, ата-анасын іздеуді ұйымдастырды. Көп ұзамай баланың ата-анасы табылып, сәби олардың қарауына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ су айдындарында демалу кезінде балаларды бір сәтке де қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті.
"Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі", - дейді құтқарушылар.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:97
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Шілде 2026 20:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















