Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға кету туралы өтініш жазды

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға кету туралы өтініш жазды

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сыбайлас жемқорлық үшін сотталған бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты үкім заңды күшіне енгеннен кейін отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы Лаура Жақұпова облыс басшысының отставкаға кету туралы өтініш бергенін, бірақ оның қабылданбағанын хабарлады.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен отставкаға кету туралы өтініш берді. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша, оның бұл іске қатысы жоқтығы ескеріліп, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Өңір әкімінің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша қызметі штаттық режимде жүргізіліп жатыр", – деді ол.

Анықтама: Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс, республикалық маңызы бар қала немесе елорда әкімі орынбасары, аппарат басшысы немесе аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық жасаған жағдайда отставкаға кетуге өтініш беретінін түсіндірген болатын.

Жақсылық Омарға қандай айып тағылды?

Шығыс Қазақстан әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омар тағылған барлық баптар бойынша ауыр сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, нақты түрме мерзіміне сотталған болатын.

Оған екі эпизод бойынша айып тағылды: 20 миллион теңге пара алу және көлікке қатысты айла-шарғы жасау. Тергеу нұсқасы бойынша, ол Өскемен әкімі болып тұрған кезде танысын кәсіпорыннан демеушілік көмек ретінде көлік рәсімдеуге көндірген. Кейінірек алынған Toyota Camry 75 үшінші тұлғаларға қайта рәсімделіп, шенеуніктің жеке пайдалануы үшін trade-in бағдарламасы бойынша жаңа модельге айырбасталған. Шығын көлемі 13 миллион теңгені құраған.

3 сәуірде Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жақсылық Омарды алаяқтық пен жемқорлық үшін кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті. Оның Toyota Camry автокөлігі тәркіленіп, "Құрмет" орденінен, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

ШҚО прокуратурасы бұған дейін Омардың іс-әрекеттері мемлекеттік қызмет принциптеріне және қоғамдық сенімге нұқсан келтіретінін атап өтіп, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарға рақымшылық жасалмайтынын және олардың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін еместігін баса айтқан болатын.

Экс-шенеунік бірінші сатыдағы соттың шешімімен келіспеді. Үкім шыққанға дейін ол соттан өзін бас бостандығынан айырмауды, оның орнына айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұраған еді. Үкім шыққаннан кейін Жақсылық Омар оған шағым түсірді.

Тағы оқыңыздар: Жақсылық Омар рақымшылық бойынша және мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмайды - прокуратура

ШҚО әкімдігінде сотталған Жақсылық Омардың орнына әлі де адам табылмаған: себебі айтылды

Жақсылық Омар туралы не белгілі?

Жақсылық Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "география" мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін "жергілікті және мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолы 2001–2005 жылдары Омар Мәдениет және ақпарат министрлігінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеді. 2005–2007 жылдары – Қаржы министрлігінің маманы. 2007–2009 жылдары – "Қазақстан" телерадиокорпорациясы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары, кейін — "Арна медиа" холдингінің бас менеджері. 2009–2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 2010–2011 жылдары ШҚО Ішкі саясат басқармасын басқарды. 2011–2013 жылдары ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы болды. 2013–2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары болды. 2018 жылдан 2024 жылға дейін Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі лауазымын атқарды. 2024 жылдан 2025 жылғы 4 сәуірге дейін ШҚО әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2025 жылғы 7 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 10:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары