Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Ұстаздық жүрек қалауы

Ұстаздық жүрек қалауы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кеген өңірінде дүниеге келген Бақытнұр Тәліпұлының өмір жолы – ауыл мектебінің қарапайым сыныбынан басталып, тұтас бір педагогикалық мектеп деңгейіне көтерілген ұстаздық тағдыр. 1988 жылы Абай атындағы Қазақ педа­го­гикалық институтының филология факультетін тәмамдаған жас маман еңбек жолын туған өлке­сін­дегі мектептен бастайды.

Уақыт өте келе оның қызмет жолы тек сабақ берумен шектелмей, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруға ұлас­ты. Кеген ауданындағы мектептерде, кейін Алматы қаласындағы №1 қазақ-түрік лицей-интернатында, сондай-ақ Алматы облыстық Ш.Смағұлов атындағы мектеп-ин­терна­тында білім жүйесінің түрлі дең­гейінде тәжірибе жинақ­та­ды.

Қырық жылға жуық педаго­ги­ка­лық еңбек өтілі бар Бақытнұр ағайдың ұстаздық жолы – тек кә­сі­би міндетті орындау емес, ұлт­тық құндылықты шәкірт бойы­на сіңіруге бағытталған жүйелі ізденіс. 2001 жыл оның ұстаздық жо­лындағы бетбұрыс болды. Рес­пуб­­ликадағы қазақ тілі мен әде­бие­ті пәні мұғалімдерінің «Жүз­ден жүйрік» байқауында бас жүл­дені иеленді. Бұл жеңіс бір ғана мұға­лім­нің емес, әдебиетті өмір саба­ғына айналдыра алған ұстаздың жеңісі еді. Кейін Алматы облысы әкімінің гранты, «Жыл мұғалімі – 2010» байқауының бас жүлдесі, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы осы жолдың заңды жалғасына айнал­ды. Бірақ Бақытнұр Тәліпұлы үшін ең үлкен марапат бәрібір шәкір­тінің «Ағай…» деп мектеп-интер­натқа іздеп келуі болып қала берді.

Бақытнұр Тәліпұлы Алматы облыстық Ш.Смағұлов атындағы мектеп-интер­­­натында отыз бір жыл әде­биет­­тен сабақ беріпті. Аз уақыт емес. Бүгінде мектепті, әдебиет сабағын, оқушылардың жана­рын­дағы қызығушылықты сағы­на­ды. «Әдебиеттен артық өмірді үйре­­тетін пән жоқ. Өйткені әдебиет туған жерді сүюді, тілді қадірлеу мен адам тануды үйретеді. Ең бас­тысы – адам болып қалуға бағдар бере­ді», дейді ол.

«Интернатқа алғаш келген күнім әлі есімде. 1995 жылдың 13 нау­рызы еді. Алматыда қар жауып тұрған. Сабақ кестесіне қарасам, филология сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті екі сағаттан өтеді екен. «Білгенім екі сағатқа жете ме?» деген күдік бо­йымды биледі. Бірақ ауылға қайтуға намыс жібермеді.

Ертесіне 10 «В» филология сыныбына сабаққа кірдім. Сабақтың тақырыбы – Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы. Бұл шығарманы ауыл мектебінде оқытып қойғандықтан, іркілген жоқпын. Екі сағаттың қалай өткенін де байқамай қалдым. Мен көбіне сұрақ қойдым, оқушылар еркін жауап берді. Романның тақырыбы мен идеясы, кейіпкерлердің болмысы, табиғат суреттері, жазушының тілі төңірегінде қызу пікірталас өрбіді. Сабақ соңында: «Сендерге менен бұрын кім сабақ берді?» деп сұрадым. Оқушылар «Мереке ағай» дегенде жүрегім зу ете қалды. Себебі Мереке Жаманов маған ҚазПИ-де дәріс оқыған ұстазым болатын.

ҚазПИ-ді сырттай тәмамдадым. Жылына екі рет келіп, емтихан тапсырып, дәріс тыңдайтынбыз. Әдебиеттен дәріс оқыған Мереке Жаманов, Нығмет Ғабдуллин, Серік Мақпырұлы, Немат Келімбетов, қазақ тілінен Асан Әбілқаев, Фәтима Мұсабекова, Секерхан Хасанова сынды ұстаздардың сабақтарын ерекше ықыласпен оқыдық. Әсіресе Мереке ағайдың сабағы әрі қиын, әрі қызық еді.

Алғашқы жылдары өзім де әде­биеттен лекция жаздырып, түсін­діретінмін. Кейін оқушы­­лар­дың жалыға бастағанын байқап, әдісімді өзгерттім. Сонда әдебиет сабағының мәні мәтінді қайталау емес, шығар­маны жүрекпен сезініп, ойын жүйелі жеткізе білу екенін терең түсіндім. Интернатқа келгеніме екі-үш ай болғанда филология сыныбы оқушыларының: «Бізге Мереке ағай сияқты сөйлеп, сабақ түсіндіретін ағай келді», деген сөзін естігенде ғана алғашқы күнгі үрейім сейіле бастады», дейді өткенге көз тастаған ағай.

Бақытнұр Тәліпұлына Мұхтар Әуезовтің «Әдебиет пәнінің мұғалімі өз сабағын эстетикалық биікке көтеруі керек» деген сөзі өзгер­мейтін қағида болды. Бас­қа­ша айтқанда, Әуезовтің осы өсиеті өмірлік өнегесіне айналды. Сондықтан ол әр сабаққа алғаш кіретін күніндегідей дайындалды. Оқу ісінің меңгерушісі болып жүргенде де әдебиет сабағын ешқашан екінші орынға ысырып тастаған емес. «Мұғалімге кеші­ріл­мейтін жалғыз нәрсе бар. Ол – оқу­шының сені мұғалім ретінде қабылдамауы», дейді өзі.

«Бірде шәкірттеріме «Құс қанатындағы ән» деген тақырыпта шығарма жазуды тапсырдым. Оқу­шы­лардың көбі дайындықсыз келгенде, құр ұрыс ештеңе өзгерт­пей­тінін түсіндім. Сонда: «Мен де жазамын, сендер де жазыңдар. Жарысайық!» дедім. Сол түні таңға дейін көз ілмей отырып, кейін өздерің алғаш оқыған «Тұтқын» әңгімесін жаздым. Менің көркем прозаға келу жолым дәл осы шы­ғар­мадан басталды. Кейін Тұрсын Жұртбайдың қолдауымен әңгіме «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрді.

«Тұтқыннан» кейін Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгіме­сін­дегі Тасқұлдың тағдыры ерекше толғандырып, соның желісімен «Сынбаған тағдыр» әңгімесін жаздым. Бұл шығармаға автордың өзі де жылы пікір білдірді. Екі әңгімем де «Әдебиет порталында» жарияланды.

Осы оқиғалар маған бір ақиқат­ты ұқтырды: талапты, талант­ты, тәрбиелі шәкірт – мұғалімнің де шабы­тын оятып, өзін үздіксіз ізде­нуге жетелейтін күш. Ал алдың­да ықылассыз отырған шәкірт ұстаз­дың да жігерін жасытады. Өмірдің бел ортасынан асып, өткеніңе көз салғанда жанды жылытатын нәрсе – шуақты күндер, адал еңбектің жемісі, шәкірттермен бірге жеткен жеңістер екен. Сонда ғана мен мамандық таңдауда еш қателес­пе­генімді терең сезіндім», дейді ағай.

Ұстаздық жолдың ең бақытты сәті қайсы? Бұл сұраққа Бақытнұр Тәліпұлы еш ойланбастан шәкірт­терін еске алады. Өйткені оның ұғымында мұғалімнің ең үлкен жетістігі – өзі емес, шәкіртінің биігі.

Ол қазақ әдебиеті сабағын тек шығарманы талдаумен шектемей, оқушының өз ойын көркем жеткізуіне ерекше мән берді. Әңгіме жазу, өлең шығару, ғылыми зерттеуге талпындыру – оның ұстаз­дық ұстанымының ажырамас бөлігіне айналды. Ал шәкірттерінің алғаш­қы шығармалары газет-журнал бет­терінде жарияланған сәттегі олардың жүзіндегі қуаныш ұстаз жүрегіне де ерекше жылылық сыйлайтын.

«Мен үшін ең үлкен марапат – сол еді, – дейді ол. – Шәкірттің алғашқы жарияланған дүниесін қолына ұстап қуанған сәтін көру – ешқандай атақпен, ешқандай сыйлықпен өлшенбейтін бақыт».

Бақытнұр Тәліпұлы ешқашан шәкірт жетістігін өз беделіне айналдыруға ұмтылған емес. Оның бар мақсаты – таланттың тұсауын кесу, жас талаптың өз жолын табуына демеу болу еді.

Сол ізгі ниеттің жарқын бір көрінісі – 2009 жылы мектеп бітірген шәкірті Есбол Нұрахметтің тұңғыш өлеңдер жинағын өз қаражатына бастырып шығаруы. Бұл – ұстаздың шәкіртіне жасаған сыйы ғана емес, жас ақынның қанатына сенім байлаған азаматтық қадамы еді.

Жылдар өте келе сол сенім ақтал­ды. Кезінде мектепте қалам ұста­ған шә­кірт­тердің біразы бүгінде қазақ әде­биетінің әр саласында өз қол­­таң­басын қалыптастырып келеді. Солардың бірі – әдебиет әле­мінде өзіндік үнін танытып жүрген жас қаламгер Есбол Нұрахмет. Ал шәкірті Бағашар Арықбаев әдеби сын ­жанрында танылып, бірнеше кітаптың авторына айналды. Ұстазына алғашқы кітабын қолтаңба қойып сыйлаған сәт Бақытнұр Тәліпұлының жүрегінде мәңгі сақталған ерекше естелік болып қалды.

Ал алғашқы шәкірттерінің бірі Ермек Ханыкейдің бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет етіп, филология ғылымдарының кандидаты атануы – ұстаз еккен білім дәнінің өміршеңдігін дәлелдейді. Оның шәкірттері арасында ­журналистер де, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері де аз емес.

Осындай сәттерді еске алғанда Бақытнұр Тәліпұлының жүзінен ­риясыз ризашылық байқалады. Өйткені ол ұстаздықтың өлшемін марапатпен емес, шәкірттің тағдырымен бағалайды. Оның өмірлік ұстанымы да осы қарапайым ақиқатқа саяды: шәкірттің жетістігі – ұстаз еңбегінің ең әділ бағасы.

«Қазақ әдебиеті мен қазақ тарихын оқытуға мемлекеттік көзқарас керек. Осы екі пән ғана баланың ­бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады». Ұстаз айтқан бұл сөздердің де салмағы ерекше. Өйткені оны айтқан адам өмір бойы оқулықтағы мәтінді ғана емес, адам жанының тереңдігін оқытып өтті.

Әңгімесінің соңында ол бір ғана ойға тоқтады. «Өмірдің мәні – сүю. Ата-ананы, туған жерді, ма­ман­ды­ғың­ды, досыңды, жа­рың­ды сүю. Ал сол сүюдің ең биігі – Отанды сүю. Себебі Отан бізге мұқтаж емес, керісінше, біз Отанға мұқтажбыз», дейді ол. Бұл сөзді айтқан адамның ғұмырына көз жүгірткенде, оның әдебиеттен бұрын өмірді оқытқан ұстаз болғанын түсінесің. Өйткені өзінің сөзімен айтсақ, «Мұғалім болу – мамандық, ал ұстаз болу – тағдыр».

Бақытнұр ағай Әділов бізге бір ғана пән оқытты деп ойлайтынмын. Кейін түсіндім. Ол әдебиетті ғана оқытқан жоқ. Ол сөздің қадірін үйретті. Ол Абайды жаттатқан жоқ. Адамның өзін тануға шақырды. Ол шығарма талдатқан жоқ. Тағдырды оқытты. Мүмкін, нағыз ұстаз дегеніміз осы шығар. Өйткені жақсы мұғалім білім береді. Ал жақсы ұстаз адамның тағдырын өзгертеді. Кейбір ұстаздар мектептен кеткенімен, шәкірттерінің өмірінен ешқашан кетпейді. Менің ұстазым – сондай адам.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 10:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see141

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see139

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see127

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see121

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see120

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see120

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see120

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see120

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see119

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see117

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see117

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see116

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see116

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see115

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see114

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see114

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see113

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see113

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see113

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары