Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

AMANAT партиясы Қостанайда орындалмаған уәделер үшін бірқатар шенеунікке сөгіс жариялады

AMANAT партиясы Қостанайда орындалмаған уәделер үшін бірқатар шенеунікке сөгіс жариялады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Биыл Қостанай облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, пайдаланылмай жатқан 120 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, 14 мың отбасы баспаналы болды, 1300 шақырым автожол жөнделді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Солай бола тұра, бағдарламаның жекелеген тармақтарын орындамаған кейбір аудан әкімдері мен мәслихат депутаттарын партиялық жауапқа тарту шаралары қабылданды. Осы және өзге де мәселелер Партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысында талқыланды.

«AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев Қостанай облысының стратегиялық маңызын және оның ел экономикасына қосып келе жатқан үлесін атап өтті. Ол кейінгі жылдары индустриялық әлеуетті нығайту жұмысы тек өңірлік деңгейде ғана емес, тұтас ел экономикасы ауқымында да елеулі нәтиже көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

«AMANAT» партиясы сайлаушылар алдында жауапкершілік арқалап отыр. Біз бағдарламаның әрбір тармағын нақты, уақтылы әрі нәтижелі орындауға міндеттіміз. Тұрғындарды әсіресе, мектеп, денсаулық сақтау нысандары, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын салу мәселелері толғандырады», – деді ол.

Мәселен, биыл сайлауалды бағдарламаның Жол картасында қамтылған іс-шаралардың 58%-ы орындалды. Тағы 40%-ы жүзеге асыру сатысында тұр. Партия Хатшысы оң нәтижелермен қатар, тәуекелдер де бар екенін атап өтті. Мәселен, Қостанайда екі мектеп және Рудныйда бір мектеп салу мерзімі бірнеше рет кешіктірілді. Аталған үш мектеп тек жыл соңында ғана пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қостанай ауданы Еңбек кентінде мектеп құрылысы аяқталғанымен, оның сапасына қатысты түрлі шағым айтылуда. Сондай-ақ 7 сүт-тауар фермасының тек екеуі ғана пайдалануға берілді; Қостанай ауданы Заречный кентінде былтыр аяқталуға тиіс емхана құрылысы әлі жалғасып жатыр; Меңдіқара ауданы Введенка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылыс технологиясын бұза отырып салынуда; Қарабалық ауданы Станционное ауылында су тарату желілері салынғанымен, үздіксіз апаттарға байланысты пайдалануға берілген жоқ, тұрғындар әлі де сусыз отыр. Сарыкөл ауданында төбесінен су тамшылайтын, залдарда ылғал мен жағымсыз көк иісі сезілетін, ал краннан тек тот басқан су ағатын дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

«Мұның бәрі мониторинг жүргізу жұмысындағы әлсіздіктің, жұмысқа деген формалды көзқарастың және әкімдіктермен бірге үйлестіру қызметінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Мәслихаттардағы партиямыздың депутаттары жай ғана бақылаушы болмауға тиіс. Олардың міндеті – сайлауалды уәделердің уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылау, соған қол жеткізу, азаматтардың мүддесін қорғау», – деді Ержан Жылқыбаев.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы аясында өңір тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Яғни, бір жылда – 10,8%. Ал кейінгі үш жылда облыста 5 мың орындық 7 мектеп, 1,2 мың орындық 5 балабақша салынды және 1,1 мың орындық 9 балабақша жаңғыртылды, 33 денсаулық сақтау нысаны салынды, дәрігер тапшылығы 2 есе төмендеді. Сондай-ақ еліміздегі машина жасау және агроөнеркәсіптік өңдеу жұмысының негізгі орталығы ретіндегі облыс мәртебесін нығайтатын ірі индустриялық және аграрлық жобалар жүзеге асырылуда.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы – өңір дамуына сенімді серпін беретін байыпты бағдар. Сондай-ақ ол бүгінде маңызды міндеттерді шешу, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті нығайту және теңгерімді экономикалық өсімді қамтамасыз етудің пәрменді құралы болып отыр. Бұл кейінгі жылдардағы Қостанай облысының оң даму үрдісінде айқын байқалады», – деді ол.

Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған өңірлік «Жарқын ауыл» жобасын жүзеге асыру нәтижесімен бөлісті. Осылайша, 3 жылға негізделген жоба аясында бүгінде нақты нәтижеге қол жеткізілді: 74 тұрғын үй салынды, 35 спорт және балалар ойын алаңы жабдықталды, көшелер жөнделді, ауылдық елді мекендердің кіре берісіне арнайы аркалар орнатылды. Бұл жетістіктер ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытындағы партия бастамаларының тиімділігін айқындайды.

Отырыс жұмысын қорытындылай келе, Комитет төрағасы, Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Президенттің және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламалары ұлттық даму жоспарының құрамдас бөлігі саналатынын, сондықтан олардың әр тармағы жүйелі жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қостанай облысында оң үрдіске қарамастан, жекелеген тармақтардың орындалмай қалуына қатысты тәуекел сақталуда. Комитет төрағасы мәлімдегендей, партия каденцияның бел ортасынан өтті. Ал мәслихат депутаттары қызметінің тиімділігі сайлауалды бағдарламаның нақты тармақтары бойынша атқарылған жұмысқа сәйкес бағаланады.

«Нысандарда туындаған барлық мәселе сауалдар, ресми хаттар және мемлекеттік органдардың, тапсырыс берушілер мен мердігерлердің қатысуымен өтететін кеңестер арқылы дереу қаралуға тиіс. Алайда дәл қазір қалыптасқан жағдайды мінсіз дей алмаймыз: кейбір депутаттар өздері жетекшілік ететін нысандарға бармайды, жұмыс барысына қызығушылық танытпайды, тіпті кейбір жағдайда олар қай нысанға жетекшілік ететінін де білмейді», – деді ол.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланды. Мәселен, сайлауалды бағдарламадағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт нысандарын салуға қатысты пунктің жүзеге асырылу барысын тиісті деңгейде қадағаламағаны үшін Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Қазбеков «сөгіс» түрінде партиялық жауапкершілікке тартылды. Ал Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Гүлмира Дамбауловаға мектеп құрылысын тиісті деңгейде қадағаламағаны үшін сөгіс жарияланды. Бұған қоса, Қарабалық ауданының әкімі Руслан Халықов сумен жабдықтау нысандарын тапсыру мерзімін бұзғаны және су тарату желілерін құрылыс нормаларын бұза отырып салғаны үшін «сөгіс» түрінде жауапқа тартылды. Меңдіқара ауданының әкімі Ғабит Бекбаевқа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын дұрыс қадағаламағаны үшін сөгіс жарияланды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 20:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары