ІІМ Данияр Мейірханға қатысты процессуалдық тексеріс жүргізіп жатыр
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Оның сөзінше, бірнеше қызметкердің арыз-талабына байланысты тексеріс тағайындалған. Әр шағым мұқият зерттеуді талап етеді.
— Данияр Мейірханға қатысты түскен шағым толық әрі объективті түрде тергеледі. Қазір ол қызметтік міндеттерінен шеттетілген. Қызметтік тексеріс, соның ішінде процессуалдық тексеріс жүріп жатыр, — деді С. Әділов Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ журналистер «Данияр Мейірханға қатысты бұған дейінгі жанжалдар қайтадан қарала ма?» — деп сұрады.
— Алдыңғы фактілерге қатысты тексеріс және сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Прокуратура оларға байланысты негізі бар, процессуалдық шешімдер қабылдады. Сондықтан бұл істер қайта қарастырылмайды, — деді Ішкі істер министрінің орынбасары.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Есірткі қылмысы комитетінің басшысы Данияр Мейірхан қызметінен шеттетілгенін жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:89
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Сәуір 2026 15:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















