Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

Еуропалық комиссия басшысы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықты хабарлады

Бұрын Өзбекстанға қараған екі ауыл ресми түрде Қырғызстан құрамына енді

Алматыда шетелге шыққан екі адам безгекпен ауырып жатыр

Брюссельде Қазақстан мен ЕО арасындағы маңызды келісімдер жасалды

Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

Брюссельден Ақтөбеге дейін: Қазақстан жол құрылысына 229,5 млрд теңге тартты

Визалар, миллиардтаған еуро және жаңа ұшақтар Тоқаев пен ЕО лидерлері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

Қытай байланыс технологиясын сынау үшін жаңа жерсерігін ұшырды

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

Аптап ыстық болады, дауыл тұрады: 23 маусымға ауа райы болжамы

Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті

Папа Лев XIV әлемді аштықпен күресуге шақырды

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

Күн субұрқағы қалайша тот басқан темірге айналды? Болат Мажағұлов ісінің ақ қарасы

Күн субұрқағы қалайша тот басқан темірге айналды? Болат Мажағұлов ісінің ақ қарасы

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өнер әлемінен келген шенеунік

Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Мамандығы бойынша – музыкант. Қазақ ұлттық өнер академиясын гобой (ауызбен үрлеп тартылатын музыкалық аспаптың бір түрі) класы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Астана мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінде гобойшылар тобының концертмейстері болып бастаған. Кейін Мәдениет министрлігінде еңбек етіп, Бейбітшілік және келісім сарайының директоры болды.

Оның мансабындағы ең маңызды кезең – 2010-2019 жылдар аралығындағы Астана қалалық Мәдениет басқармасының басшысы лауазымы. Кейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ауысып, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетін басқарды. Оған қоса Қазақстанның Джиу-джитсу қауымдастығына жетекшілік етті.

«Күн» субұрқағына қатысты дау шыққанға дейін Мажағұлов көпшілікке қоғам қайраткері ретінде танымал болатын. Алайда шенеуніктің өмірбаянында журналистер назарынан тыс қалмаған көлеңкелі тұстар да бар еді.

Ол 2011 жылы Астананың симфониялық оркестрі төңірегінде үлкен дау туындап, 20-дан астам музыкант ұжымнан кетіп қалды. Дирижер Қанат Ахметов сол кезде елордалық Мәдениет басқармасының жаңа басшысы өзіне өз еркімен жұмыстан кету туралы арызға қол қоюды табанды түрде ұсынғанын ашық айтқан болатын. Ол кезде бұл қызметті Болат Мажағұлов атқарып отырған еді. БАҚ-тағы шуға қарамастан, бұл жанжал шенеуніктің қызмет жолына кедергі болған жоқ.

2022 жылы оның есімі тағы да бұқаралық ақпарат құралдарын шулатты. Бұл жолы Ақтөбедегі Секен Тұрысбековтің кешіне байланысты жанжал туындап, мемлекеттік қызметкерлерге билет жергілікті шенеуніктерге билеттерді сатып алу туралы міндеттеген болатын. Журналистік зерттеу көрсеткендей, сол тұста Болат Мажағұлов Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген және ол музыканттың ескі досы болып шықты. Айта кетерлігі, бұған дейін Мажағұлов Тұрысбековтің «Ұлы дала» күйіне түсірілген бейнебаянына да қатысқан.

«Күн» субұрқағы: Жоспары мен жүзеге асырылуы

Бұл 2016 жыл еді. Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуге дайындалып жатыр. 28 наурызда елорда әкімдігі кеңейтілген отырыс өткізіп, мерекелік іс-шаралардың ауқымды бағдарламасын бекітеді. Онда 6 шілде қала күні мен Тәуелсіздік күніне желтоқсан орайластырылған 150-ге жуық шара жоспарланған.

Мажағұлов басқаратын Мәдениет басқармасына Есіл өзеніндегі «Су феериясы» мен «Жарық-иллюминациялық және от шоуын» ұйымдастыру жүктеледі. Бұл жобаны 2007 жылдан бері қаланың мерекелік безендіру жұмыстары бойынша әкімдіктердің тұрақты серіктесі болып келген Иван Эйрих жетекшілік ететін ADV ART компаниясы ұсынды.

Ұрлық схемасы: Үлестес компания және жалған авторлық құқық

Тергеуде анықтағандай, Мажағұлов пен Эйрих өзара дос болған. Дәл осы жағдай қылмыстық схеманың бастапқы нүктесіне айналды.

– Тергеу барысында Мажағұлов пен Эйрихтің жақын дос екені анықталды. Эйрих мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өзіне ыңғайлы, таныс компания тауып берген. Осылайша, олар ешқандай конкурссыз, тендерде ешкіммен жарыспай-ақ, келісімшартты тікелей өздеріне жаздырып алған, – деді Астана қаласы прокуратурасының өкілі Мәдияр Игенов.

Жоспарды іске асыру үшін конкурссыз тәсілімен шарт жасасу схемасы қолданылған. Мемлекеттік сатып алу туралы заң бойынша, мұндай тәсілге қызметке патент немесе авторлық құқық болған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Тергеу барысында авторлық құқықтың Асанова есімді азаматшаның атына рәсімделгені белгілі болды, алайда ол сотта бұл жобаға ешқандай қатысы жоқтығын айтып берді.

– Авторлық құқық әлдебір Асанованың атына рәсімделген. Сотта ол жобаға еш қатысы жоқтығын, ЖШС-мен байланысы жоқ екенін айтты. Оның сөздерін қолжазу сараптамасы да растады. Асанованың атынан қойылған қолдарды ол қоймаған, сондай-ақ ЖШС директорының қолдары да қолдан жасалған болып шықты, – деп атап өтті Мәдияр Игенов.

2016 жылдың басында Эйрихтің делдалдығымен бұл схемаға құрылыс компаниясының директоры Мәди Қанапин тартылды. Олардың нұсқауымен Қанапин техникалық құжаттама мен сметалық есепті дайындады. Сметадағы сома әдейі 3,9 млрд теңгеге дейін асыра көрсетілген.

– Құны асыра көрсетілген бұл сметалық есепті Мажағұлов бекіткен, – деп толықтырды Игенов.

Мажағұлов үлестес компаниямен келісімшарт жасасып, бір аптаның ішінде екі траншпен оның шотына 1,5 млрд теңге аударған. Бұл ретте жоба «құрылыс» емес, әдейі «қызмет көрсету» ретінде рәсімделген. Бұл жобалау-сметалық құжаттама, мемлекеттік сараптама және құрылыс лицензиясы сияқты талаптарды айналып өту үшін жасалған, өйткені үлестес компанияда мұндай рұқсат қағаздары мүлдем болмаған.

– Бұл оларға заңсыз баюға жағдай жасады, – деп атап өтті Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Олжас Мұсабеков.

Қытай ізі: Қаражатты шетелге шығару

Субұрқақты техникалық тұрғыда іске асыру үшін Қанапин Есіл жағалауындағы бірнеше жерді суретке түсіріп, қытайлық серіктестеріне жіберген. Олар болашақ нысанның бейнеролигін дайындап берді. Бірнеше айға созылған келіссөздерден кейін Қанапин Қытайдың Гуанчжоу қаласына Australian Rainbow компаниясымен кездесуге барады. Ол жерде оны Эйрих пен Сяо Шен есімді (іскер ортада Денис деген атпен танымал) қытайлық өкіл күтіп алған. Қанапиннің айтуынша, дәл сол кезде Эйрих құрылыс материалдарын арзандату туралы тапсырма берген.

– Қытайға Мажағұловтың өзі де, қазір іздеуде жүрген Эйрих те барған. Олардың Қытайда түскен бірлескен суреттері бар, бұл олардың достық қарым-қатынасын дәлелдейді, бірақ Мажағұлов сотта бұны жоққа шығарды, – деді Игенов.

Бюджеттен жымқырылған ақша шетелге шығарылып, кейін ізін жасыру және оған заңды сипат беру үшін елге қолма-қол ақша түрінде қайтарылған.

– Мемлекет 2016 жылы бүкіл жобаға 4 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады. Бұл қаражатты қолды қылу үшін олар Қытайдағы таныстарын тартқан. Қылмыстық топ күрделі схемаға жүгінген. Олар бюджет ақшасын шекара асырып, артынша тексерістен жалтару үшін елге қолма-қол ақша қылып жасырын кіргізген, – деп мәлімдеді Олжас Мұсабеков.

Қағаз бетіндегі жылтыр болат іс жүзінде жай темір болып шықты

Тергеу барысында ұрлықтың тағы бір негізгі тұсы – материалдарды алмастыру екені анықталды. Смета бойынша субұрқақтың қаңқасы 304 маркалы тот баспайтын болаттан жасалуы тиіс еді. Іс жүзінде конструкция тотқа төзімділігі төмен әрі әлдеқайда арзан көміртекті болаттан құрастырылған.

Болаттың екі түрінің арасындағы баға айырмашылығы тоннасына 700 мың теңге болған. Нәтижесінде құжатта көрсетілген және іс жүзіндегі материалдардың құны арасындағы айырмашылық 452 млн 900 мың теңгеге жеткен. Бұл сома да жобадан жымқырылған.

Сапасыз материалды қолдану нысанның тез тозуына себеп болған. Астана қалалық Мәдениет басқармасының ресми дерегінше, субұрқақ 2019 жылы жұмысын тоқтатқан. Кейбір дереккөздер оның одан да ерте істен шыққанын айтады. Қыс мезгілінде белгісіз біреулер қуат беретін кабельдер мен жабдықтардың бір бөлігін ұрлап кеткен. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, субұрқақ содан бері қалпына келтірілген жоқ.

Сот: Болат Мажағұлов 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот кезінде Болат Мажағұлов «ешқандай кінәм жоқ» деп, айыптың бірде-бірін мойындамады. Ол Мәдениет басқармасына нысан салу емес, тек шоу ұйымдастыру жүктелгенін алға тартты. Оның айтуынша, субұрқақ бастапқыда уақытша құрылым ретінде жоспарланған. Бұл уәжі оның өз қорғаушыларының нысанды бұзуға қарсы шыққан ресми мәлімдемелеріне қайшы келді.

– Мұның бәрі құрғақ сөз, еш дәлелі жоқ, қолдан құрастырылған дүние. Ар-ұжданым таза. Керісінше, сотта еш кінәсіз екенім толық дәлелденді. Еңсеміз түскен жоқ, шындық үшін соңына дейін күресемін. Маған тағылған айыптардың бәрі жала, – деді Мажағұлов сот залында.

Ал Мәди Қанапин, керісінше, тергеумен ішінара жұмыс істеуге келіскен. Оның айтуынша, істе екі келісімшарт болған. Бірі – жұмыстың нақты құны, екіншісі – көзбояушылық үшін жасалған жалған құжат. Сметадағы сомаларды ол емес, Эйрих белгілеп отырған. Қанапин өз компьютерінің дискісінде іске қатысы бар тұлғалар мен мемлекеттік орган басшыларының байланысын әшкерелейтін құжаттар барын айтты, бірақ оларды жариялауға қорқатынын мәлімдеді.

Сот залындағы атмосфера тағылған айыптардың салмағына мүлдем сәйкес келмеді. Мажағұловты қолдауға қазақстандық шоу-бизнестің танымал өкілдері – әнші Сәкен Майғазиев, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов және басқа да өнер адамдары келді. Дегенмен танымал тұлғалардың бұл белсенділігі тергеу барысына әсер ете алмады.

– Бұл бізге еш кедергі келтірген жоқ, біз істің ақ-қарасын объективті түрде анықтадық. Ешкім маған қысым көрсетпеді. Қылмыстық істе тараптар тең, бәрі заң аясында жүргізілді, – деді Мұсабеков.

Треви субұрқағына 260 жыл, ал «Күннің» ғұмыры 10 жылға да жетпеді

Римдегі Треви субұрқағының салынғанына екі жүз алпыс жылдан асты. Күн сайын мыңдаған турист оған тиын тастайды. Бұл дәстүр Италия қазынасына жыл сайын шамамен бір жарым миллион еуро табыс әкеледі. Ал Астанадағы «Күн» субұрқағы 10 жылға да жеткен жоқ. Ол бюджеттің 4 миллиард теңгесін «жұтып», мәдениет саласындағы шенеуніктің беделін біржола суға батырды.

Апелляциялық инстанция сот үкімін заңды деп танып, оны өзгеріссіз қалдырды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жемқорлық бабы бойынша сотталғандар үшін мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу қарастырылмаған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдағы мәліметіне сүйенсек, субұрқақ ісін тергеу барысында Болат Мажағұловтың тағы бір қылмысқа қатысы бар екені анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін 140 млн теңгеден астам қаражат жымқырған Өскемен әуежайының бұрынғы президенті мен атқарушы директорына қатысты үкім шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:70
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 01:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

23 Маусым 2026 18:05see118

Еуропалық комиссия басшысы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықты хабарлады

23 Маусым 2026 20:05see114

Бұрын Өзбекстанға қараған екі ауыл ресми түрде Қырғызстан құрамына енді

23 Маусым 2026 18:05see112

Алматыда шетелге шыққан екі адам безгекпен ауырып жатыр

23 Маусым 2026 17:40see112

Брюссельде Қазақстан мен ЕО арасындағы маңызды келісімдер жасалды

23 Маусым 2026 20:32see112

Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді

23 Маусым 2026 16:23see111

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

24 Маусым 2026 17:52see111

Брюссельден Ақтөбеге дейін: Қазақстан жол құрылысына 229,5 млрд теңге тартты

23 Маусым 2026 21:37see110

Визалар, миллиардтаған еуро және жаңа ұшақтар Тоқаев пен ЕО лидерлері бірлескен мәлімдеме қабылдады

23 Маусым 2026 20:16see110

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

24 Маусым 2026 20:52see109

Қытай байланыс технологиясын сынау үшін жаңа жерсерігін ұшырды

24 Маусым 2026 09:53see108

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

24 Маусым 2026 14:59see108

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

24 Маусым 2026 12:05see108

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

24 Маусым 2026 22:40see105

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

24 Маусым 2026 17:31see105

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25 Маусым 2026 11:01see104

Аптап ыстық болады, дауыл тұрады: 23 маусымға ауа райы болжамы

24 Маусым 2026 09:36see104

Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті

24 Маусым 2026 09:42see104

Папа Лев XIV әлемді аштықпен күресуге шақырды

23 Маусым 2026 16:09see103

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

24 Маусым 2026 09:17see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары