Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Жеңіске 20 миллисекунд қалғанда жеттім : қазақтың жас таеквондошысы тарихи жетістігі жайлы айтты

Отыз жылдық арман орындала ма?

Отыз жылдық арман орындала ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Еліміздегі орталықтандырылған ыстық су жүйесі жоқ жалғыз қала ретінде Қызыл­­ордадағы бұл түйткіл назардан тыс емес. Тіпті, 2023 жылы Сыр өңіріне жұмыс са­па­­рымен келген Мемлекет басшысының өзі бұл мәселеге ерекше назар аударып, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Соның негізінде 2024 жылы қаланы ыстық суға қосу жобасы бастау алғанымен, ел игілігін әлі де толық сезінер емес. Ендігі ха­лық арасында баянды бастаманың ша­ра­патын көргендер қарасы қалыңдамай тұр.

Негізінен, Қызылорда қаласын орта­лықтандырылған ыстық су жүйесімен қамту ондаған жыл бойына өзектілігін жойған жоқ. Дерекке сәйкес, 90-шы жыл­­дары жаппай тоқырау үдерісі салдары­нан орталық жүйе күтімсіз қалып, инфра­құрылым тозып, ыстық су беру тоқтатыл­ған. Содан бері тұрғындар аристон секілді су жылытқыш құрылғылармен жан ба­ғу­ға мәжбүр. 

Президенттің Сыр өңіріне сапарынан кейін 2024 жылы жалпы құны шамамен 26,2 млрд теңгені құрайтын өңір тари­хындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба бастау алғаны көпке жария болды. Жос­парға сәйкес, бірегей жоба екі кезең бо­йынша жүзеге асырылатыны айтылды. Жоба межеге сай жүргізілсе, облыс орталығындағы 423 тұрғын үйді ыстық суға қосу көзделген. Оның ішінде 2024 жылы 186 тұрғын үйге құбыр тарту жұ­мыстарын жүргізу жоспарланса, 2025 жылы 200-ден астам үйге ыстық су жеткізу қарастырылған. 

Бірегей жоба негізінде 2024 жылы бірқатар шағын ауданда ыстық су желісіне қосу жұмыстары қолға алынды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, сол кезең бойынша 186 үй ыстық судың игілігін көруге тиіс болатын. Бірақ кейіннен жоспар бойынша тиісті жұмыстар толық атқарылмағаны белгілі болды. Бұл жөнінде сол кездегі жобаны жүзеге асыруға міндетті операторы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жария еткен болатын. Нақты айтқанда, қаланың сол жақ жаға­ла­уындағы 5 көпқабатты үй мен Астана-1 мөлтек ауданындағы 13 көпқабатты үйге, С.Бейбарыс көшесінің бойындағы 9 үйге және Тасбөгет кентіндегі 5 үйге ыстық су берілген. Сондай-ақ Одежда, Автовокзал мен Универсам аумағындағы 34 үйге, Шұғыла мөлтек ауданындағы 49 үйге және №5 оқу ғимараты маңындағы (КИАП) 6 үйге және Сырдария мөлтек ауданындағы 19 үйге де ыстық су толық іске қосылғаны жария болды. Ал ол кезде қалған 40-тан астам үйді алдағы уақытта іске қосу жоспарланып отырғанын айту­мен шектелген еді. Бұл әу бастан тұр­ғын­дар­дың ыстық су жүйесінің жабдықтары мен жұмыс сапасына деген сеніміне сел­кеу түсіргенін байқатты. Негізінен, сол уақыт­та жобаның 1-ші кезеңі бойын­ша Үкі­мет резервінен 11 млрд теңге бөлінгені айтылды. 

 Жалпы, мамандар ыстық су жүйесі­нің тиімділігі жоғары екенін жиі айтады. Мәселен, ыстық су жүйесі электрлі су ысытқыш құрылғыларына (аристон) қарағанда шығыны аз болатынын алға тартады. Яғни, тұрғындар электрлі су ысытқыш құрылғысына қарағанда ыстық су жүйесінен 60 пайыздан астам қаржысын үнемдеуге мүмкіндік алады. Бұған қоса ыстық су желісіне қосылу әрбір тұрғынның өз қалауымен жүргізілетіні де айтылып жүр. Сондай-ақ ыстық су жүйесін орнату жұмыстары ақысыз негізде жүргізілетіні де түсіндірілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге жоғары сапалы материалдар, еуропалық өндірушілердің жабдықтары қолданылып жатқаны да айтылып жүр. Соған қарамастан, жұмыстың баяу жүріп халықтың сеніміне селкеу түсіріп тұрғаны жасырын емес. 

Осы орайда жобаның қазіргі аяқ алысы төңірегінде Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасынан сұрап көрдік.

«Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құ­райтын жоба аясында 423 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен қамту көзделген. Аталған жоба екі кезеңмен жүзеге асы­рылуда. Атап айтқанда, І кезең бойынша 2024 жылы – 186 үй, 2025 жылы ІІ кезең бойынша 237 үйге ыстық су жеткізу көзделген. Осы орайда бірінші кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің ре­зервінен Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау құрылысына 11 млрд теңге бөлініп, 186 үйді ыстық сумен қам­тамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Ал екінші кезеңнің жұмыстарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 5 млрд теңге бөлінді. Оған Қызылорда қа­ласының 61 КПТҮ-лердің құрылыс-мон­таж жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар тапсырманы толық орындау мақ­сатында Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 176 көппәтерлі тұрғын үйді ыс­тық сумен жабдықтауды аяқтау үшін 10,2 млрд теңге қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде», – деп мәлімдеді басқармадан.

Негізінен мамандар тарапынан Қы­зылорда халқын орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етуді облыс орталығында құрылысы қарқын алған жаңа жылу электр орталығымен бай­ланыстырады. Әлеуеті жоғары саналатын жаңа жылу электр орталығы аймақтың электр энергиясы мен жылу қажеттілігін толық қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан ірі энергетикалық жоба саналады. Жалпы құны шамамен 215 млрд теңгені құрайтын ЖЭО инвестор есебінен салынуда. Бірегей жобаны Aksa Energy компаниясы жүзеге асырып жатыр.

Жалпы, құзырлы орындар тарапынан ыстық су тарту жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдейді. Бірақ әуелгі жоспарға сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Қызылорда қаласын толық ыстық су жүйесіне қосу жоспары кешеуілдеп тұр. Ал тиісті жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқанына алаңдаған тұрғылықты халық отыз жылдық арманының орындалар сәтін асыға күтіп жүр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 07:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see146

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see131

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see126

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see125

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see125

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see125

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see124

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see123

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see123

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see122

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see121

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see121

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see121

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see120

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see119

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see119

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see119

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see118

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see118

Жеңіске 20 миллисекунд қалғанда жеттім : қазақтың жас таеквондошысы тарихи жетістігі жайлы айтты

08 Қазан 2026 20:53see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары