Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Ақмола облысында көлік өртенді

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

Қазақстанда ертегі кейіпкерлеріне байланысты мектеп оқулықтарын қайта басып шығаруға тура келді

Қазақстанда ертегі кейіпкерлеріне байланысты мектеп оқулықтарын қайта басып шығаруға тура келді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда баспалар анықталған кемшіліктерге байланысты мектеп оқулықтарының бүкіл тиражын өз есебінен қайта басып шығаруға мәжбүр болды. Бір жағдайда ертегі кейіпкерлерінің иллюстрацияларына қатысты ескертулер жасалған, деп хабарлайды Tengri Education.

Оқу-ағарту министрлігі жарық көрген оқулықтардың мазмұны бұған дейін сарапшылар мақұлдаған нұсқаларға сәйкес келмеген екі жағдай туралы айтып берді.

Қандай оқулықтарды қайта басып шығаруға тура келді?

Бірінші жағдай Express Publishing баспасынан шыққан екінші сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығына қатысты.

Министрліктің ресми сауалға берген жауабына сәйкес, Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының мамандары тексеру кезінде оқулықтың бекітілген нұсқасынан ауытқуларды анықтаған. Олар ұлттық мазмұнның берілуіне, сондай-ақ ертегі кейіпкерлерінің бейнелеріне қатысты.

Нәтижесінде баспа анықталған кемшіліктерді жойып, өз есебінен таралымды толығымен қайта басып шығарды. Түзетілген оқулықтар мектептерге жіберілді.

Екінші жағдай "Алматыкітап" баспасынан 2022 жылы жарық көрген екінші сыныпқа арналған "Әдебиеттік оқу" оқулығының хрестоматиясында болды.

Тексеру барысында мазмұнның пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқаға сәйкес келмейтіні анықталған. Баспа өзгерістер енгізіп, тиражды өз есебінен қайта шығарған, содан кейін оқулықтар ауыстырылған

Оқулықтағы қателер үшін кім жауапты?

Оқу-ағарту министрлігі заңнама бойынша баспалар қателер мен сарапшылар бекіткен нұсқалардан ауытқулар үшін жауапты болатынын түсіндірді.

Мұндай бұзушылықтар анықталған жағдайда баспа оларды жоюға және бүкіл тиражды өз есебінен ауыстыруға міндетті.

Бұл ретте мектеп оқулықтары тексерудің бірнеше кезеңінен өтеді: апробацияға дейінгі және одан кейінгі ғылыми-педагогикалық сараптама, апробацияның өзі, қоғамдық талқылау және пәндік сараптама комиссиясының қарауы.

Бағалауға арнайы дайындықтан өткен және сарапшы сертификатын алған ғалымдар мен педагогтер тартылады. Тек оң қорытынды алынғаннан кейін ғана оқулықтар мектептерде пайдалануға рұқсат етілген басылымдар тізбесіне енгізіледі.

Министрлік екі басылым да кемшіліктер жойылғаннан кейін ғана мектептерде қолданысқа жібергенін атап өтті.

Қателер туралы қайда хабарлау керек?

Министрлік мектеп оқулықтарынан фактілік, грамматикалық немесе басқа да қателерді тапқан ата-аналар мен мұғалімдердің не істеуі керегін түсіндірді.

Ескертулер мен ұсыныстарды Оқу-ағарту министрлігі мен Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының ресми парақшалары арқылы жолдауға болады.

Бұдан бөлек, оқулықтар сараптама кезеңінің өзінде-ақ ашық қоғамдық талқылау үшін орталықтың сайтына орналастырылады. Келіп түскен ұсыныстар қаралып, оқу материалдарының мазмұнын бағалау кезінде ескеріледі.

Еске сала кетейік: жақында қазақстандықтар екінші сыныпқа арналған "Әдебиеттік оқу" оқулығындағы "Әкемен ренжісу" әңгімесін қызу талқылаған болатын. Ата-аналардың шығарманың кейбір үзінділеріне ашуы келді, оның ішінде әпкесінің інісін ұйықтату үшін оны шешіндіріп, сүйетін тұсы наразылық тудырды.

Оқу-ағарту министрлігі бұл әңгіменің оқулыққа 2017 жылы енгізілгенін хабарлады. Ата-аналардың сынына қарамастан, 2023 жылғы талқылаулардан кейін қосымша сараптама жүргізілмеген.

Сонымен қатар бұл әңгіме оқуға міндетті шығармалардың жаңартылған тізіміне енбеген. Жаңа оқу бағдарламалары бекітілгеннен кейін жаңа оқулықтар әзірленетін болады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see147

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see145

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see144

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see143

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see143

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see143

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see142

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see140

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see140

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see133

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

27 Қазан 2026 19:40see131

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

27 Қазан 2026 19:14see130

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

28 Қазан 2026 11:31see127

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

27 Қазан 2026 14:44see126

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see126

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

28 Қазан 2026 12:48see124

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see123

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

28 Қазан 2026 14:53see122

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

28 Қазан 2026 12:19see122
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары