Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақтың әжуасында ар, мазағында мән бар еді сатирик Қойшыбай Шәниев

Қазақтың әжуасында ар, мазағында мән бар еді сатирик Қойшыбай Шәниев

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

- Қойшыбай Жаныбайұлы, көпшілік сізді сатирик ретінде таниды. Бұл өнерге қалай келдіңіз?

- Мені білмейтіндер «қандай оқу орнын бітірдің? Дипломың бар ма?» деп сұрап жатады. Менің өмірімде екі ғана куәлігім болды, біреуі – жүргізуші куәлігі, екіншісі – неке куәлігі. 40 жыл машина жүргіздім, он жылға жуық гараж меңгерушісі болдым. Жоғары білім алған емеспін. Үлкен ағаларымның ақыл-кеңесін тыңдап, көп кітап оқыдым, өзімді дамыттым.

Сөз өнеріне икемім бар екенін байқап, қанаттандырған ауылдасым Қаратай Нәсімұлы десем де болады. Бірде ол: «Сен өзі ақын болатын сияқтысың...» деді, содан қалам, қойын дәптерім қолымнан түскен жоқ.

Алғашқы екі өлеңім 1967 жылы қазіргі облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетіне жарияланғаннан кейін тіпті қанаттандым.

Менің сатираға деген бейімімді Бақыт Мұстафин сезді де, «сен икемің келеді, поэзиядан сатираға ауыс» деп мені сол соқпаққа түсіріп жіберді. 1974 жылы алғаш менің тұсаукесер суретім мен топтама өлеңімді басып шығарды. Ол кезде ол кісі мәдениет бөлімінің меңгерушісі еді. Сөйтіп сатираның соқпағына түстім де кеттім. Көлік жүргізіп жүріп, облыстық және республикалық «Ара», «Бұқпа» газет-журналдарында тілші болдым. Осы уақытқа дейін талай өлең-жыр, сықақ, фельетондарым жарыққа шықты, бірде-бір оқырман: «Мына дерегің қате» деп маған кінә қойған емес.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

- Алғашқы шығармаңыз не туралы болды?

- Өзім көлік жүргіземін, шопырлардың арасында жүремін. Олардың арасында жасы мен, үлкен ағаларым айлық алғаннан кейін жақсылап «жуады». Сол ағаларымның қыдырған қыдырысын «Шабан шопырлармен таныс едім бұрын мен» деп өлең қылып шығардым. Сосын артынан біразы бұртыңдап жүрді.

Тағы бірде бір бауырымыз мініп жүрген белесебетін (велосипед – ред.) жоғалтып алды, ішкесін бір жерде қалып қойған ғой, 2-3 күн іздеді. Әлгі себеп болып, «Ақ шиша» деген өлең жаздым:

Ақ шиша, қызыл шиша, шиша-шиша,

Қай адам мас болмайды ішсе-құйса.

Көлігі астындағы көрінбейді,

Гаражында жоқ екен есін жиса.

Тоқтатып әлде МАИ алды ма екен?

Айыптың тұрағына салды ма екен?

Ештеңе есіне түсер емес,

Қайранда бір батпақта қалды ма екен?

Ақ шиша, қызыл шиша, шиша, шиша..

Бір шиша екі стақан бөліп құйса,

Көлігі гаражында тұрар еді,

Егер де жаяу Мұса аузын тыйса.

Кейіпкерлерімнің барлығы өмірден алынған, тек аттарын өзгертіп жазамын.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

- Сықақ өлеңдеріңіз үшін сөйлеспей кеткендер болады ма?

- Болады ғой, ренжігендер де, ренжіткендерім де бар. Бетке қатты айтып қаламын, мінезім сондай. Бетің бар, жүзің бар демеймін. Бірде батаға бардым. Имам отыр, тақиясы басында, мен де тақия киіп алғам. Ортамызда менен жасы үлкенірек бір азамат жалаң бас отыр. Шашы селдір. Содан әлгі шаш туралы, тақия туралы өлең жаздым. Содан артынан ол ренжіп жүрді. Жасы келген шалдар әсіресе осындай баталарда бастарына не тақия, не бөрік кимейді. Сосын тағы бір айта кететін жайт, жұрт жұғысты болсын деп тойдан сарқыт алады. Ал енді батада дастарханнан не беттерімен алады?! Бұл туралы да жаздым.

- Осы өнеріңіздің өмірде қырсығы тиген жоқ па?

- Болды, ондай жағдайлар. Ол кезде мен облыстық газеттің штаттан тыс тілшісімін. Ауданда еңбек озаттарына берілетін жеңіл автокөліктер сатылып кеткен кеткен ғой. Мен аудандық атқару комитетінен алты көліктің нақты кімге берілгендігі жөнінде мөрін басқызып анықтама алып, «Аузыңа май, астыңа тай» деген фельетон жаздым.

Содан қанттың қат кезі, шайды қантсыз ішеміз ол кезде, өйткені дефицит. Ол кезде «Рабкооп» деген бар, соған телміріп барамыз. Болып тұрған нәрсенің өзін бермейтін кез болды. Қоймадан қай машинамен, қанша тонна қант әкеткеніне дейін анықтама алдым. Содан «Тәтті жеп, тәбетінен айырылғандар» деген фельетон жаздым. Сол екі фельетонмен жаман ұрып жықтым. Содан мені «боқтады» деп түрмеге қамады. Бірақ дәлелдей алмады, әрі артымнан мені қолдап автобуспен көп адам келді, сөйтіп аман қалдым. Сөйтіп, түрмеде (уақытша қамау изоляторы - ред.) төрт сағат отырып шыққаным бар.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

- Қазіргі қоғамға көңіліңіз тола ма?

- Қазір сөз түсінетін адам азайды. Әрі әзілдер де тұрпайы. Бұрын қазақтың әжуасында ар, мазағында мән бар еді. Сынды көзбе-көз айтады, оған ешкім ренжімейді, одан қорытынды жасайтын. Кемшілікті жоятын, қазір ондай жоқ, бәрі мақтағанды ұнатады. Бәрі алақай, бәрі - ура! Міне, осы біздің түбімізге жетеді. Сатира түгілі кітапқа сұраныс жоқ, кітап оқымайды.

Қоғам «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруге әуес. Осы мен тұрып жатқан үлкен ауылда жазда төрт-ақ үй малға шөпті өзіміз шабамыз. Қалғандары сатып алады. Сойталдай жігіттер отынды сатып алады, оны ақша төлеп жарғызады. Ауылда тұрып, сүтті дүкеннен сатып алып ішіп отырғандар бар.

Бай да өтеді, кедей де өтеді. Заман түзеледі. Біз келешектен үмітімізді үзбеуіміз керек. Қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатынан мен көп өзгеріс күтемін.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Сәуір 2026 15:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see131

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see122

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары