Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сәтбаев университеті инновациялық құрылыс материалдарын өндіру жобасын жалғастырады

Сәтбаев университеті инновациялық құрылыс материалдарын өндіру жобасын жалғастырады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгін университетте Сәтбаев университеті, «Diatomite» өндірістік компаниясы және жоба инвесторы арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат аясында тараптар Сәтбаев университетінде әзірленген ғылыми-технологиялық шешімдерді өнеркәсіптік деңгейге шығарып, оларды өңірлік өндірісте қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Атап айтқанда, Жамбыл облысында, Тараз қаласында Diatomite брендімен инновациялық құрылыс материалдарын, оның ішінде құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін өндірісті іске қосу жобасын бірлесіп пысықтау жоспарланып отыр.

Алдағы кезеңде тараптар өндірістік алаңды анықтау, шикізат базасы мен инженерлік инфрақұрылымның мүмкіндіктерін бағалау, өндірістік қуатты белгілеу, бизнес-модель мен жол картасын әзірлеу, сондай-ақ өндірісті іске қосу кезеңдерін айқындау бағытында жұмыс жүргізеді. Жобаның негізгі мақсаты – отандық ғылыми әзірлемелерді нақты өндірістік үдерістерге енгізу арқылы құрылыс индустриясы үшін заманауи әрі бәсекеге қабілетті материалдар өндірісін дамыту.

Серіктестіктің әр қатысушысы жобаға өз құзыреті мен тәжірибесіне сәйкес үлес қоспақ. Сәтбаев университеті ғылыми-техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, университет ғалымдары әзірлеген технологиялық шешімдерді ұсынады. «Diatomite» өндірістік компаниясы өндірістік ноу-хау, технологиялық регламенттер, мамандарды оқыту және өнім сапасын технологиялық сүйемелдеу бағыттарына жауап береді. Ал жоба инвесторы жобаның инвестициялық, өндірістік және инфрақұрылымдық бөлігін қамтамасыз етуге атсалысады.

Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаевтың айтуынша, ғылыми әзірлемелердің нақты экономикаға енгізілуі заманауи университеттің маңызды міндеттерінің бірі.

«Біз үшін ғылымның нәтижесі зертхананың ішінде немесе ғылыми жарияланым бетінде ғана қалмауы маңызды. Ғалымның идеясы нақты технологияға, технология – өндіріске, ал өндіріс – қоғамға қажетті өнімге айналған кезде ғана ғылымның әлеуеті толық ашылады. Сондықтан біз университетте жасалған ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске енгізуге және оларды өңірлерде масштабтауға ерекше мән береміз. Бұл ретте студенттер мен жас ғалымдар үшін де үлкен мүмкіндік қалыптасады: олардың ғылыми ізденістері нақты өндірістік міндеттерді шешуге бағытталып, ел экономикасына үлес қоса алады», – деді Мейрам Бегентаев.

Университет басшылығы бұл жобаны ғылым мен өндірістің байланысын нығайтатын маңызды бастамалардың бірі ретінде қарастырады. Өйткені ғылыми жұмыстың құндылығы оның теориялық нәтижесімен ғана емес, нақты өмірде қолданылуымен де өлшенеді. Университет қабырғасында әзірленген технологияның өндірістік деңгейге шығуы – ғылыми идеяның қоғам игілігіне қызмет ете алатынын көрсететін нақты мысал.

Бұл бастама білім алушылар мен жас зерттеушілер үшін де маңызды мотивациялық мәнге ие. Студенттің, магистранттың немесе жас ғалымның зерттеуі ғылыми мақала немесе диссертация аясында қалып қоймай, болашақта жаңа технологияға, өнімге немесе өндірістік жобаға айналуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі серіктестік жас буынға ғылыммен айналысудың практикалық маңызын көрсетіп, өз зерттеулерін нақты өндірістік мәселелермен байланыстыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Ғылымнан өндіріске» қағидаты Сәтбаев университетінің ғылыми-технологиялық даму бағыттарының бірі болып отыр. Университет отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға, өндіріс орындарымен серіктестікті күшейтуге және ғылыми нәтижелерді ел экономикасының нақты секторларына енгізуге басымдық береді.

Таразда инновациялық құрылыс материалдарын өндіретін жаңа өндіріс ашу жөніндегі жоба да осы мақсатқа бағытталған. Оның жүзеге асуы өңірде жаңа өндірістік мүмкіндіктер қалыптастыруға, отандық құрылыс материалдарының үлесін арттыруға, ғылыми-технологиялық әзірлемелерді коммерцияландыруға және білікті мамандар үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктер жасауға ықпал етуі мүмкін.

Сәтбаев университеті үшін бұл бастама ғылыми идеяның зертханадан өндірістік алаңға дейінгі жолын көрсететін маңызды тәжірибе. Университеттің басты мақсаты білім мен ғылымды өндірістің нақты қажеттіліктерімен ұштастырып, Қазақстанның технологиялық дамуына үлес қосатын жобаларды көбейту.

Бүгінгі меморандум осы бағыттағы жұмыстардың кезекті қадамы. Ғылыми ізденіс пен өндірістік тәжірибе, университеттік білім мен бизнес мүмкіндігі бір арнаға тоғысқан жағдайда отандық технологиялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаңа өндірістерді қалыптастыруға мүмкіндік мол. Ең бастысы, бұл Қазақстанда жасалған ғылыми идеялардың Қазақстан экономикасында нақты өнімге айналуы үшін жасалған тағы бір маңызды қадам.  

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Тамыз 2026 15:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see115

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see113

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары