Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

ҰБТ дағы өзгеріс: реформа нені реттейді?

ҰБТ дағы өзгеріс: реформа нені реттейді?

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Сонымен бірге Ұлттық бірыңғай тестілеудің өзі де үлкен өзгерістерге ұшы­рауы мүмкін. Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі бұл салада терең реформаларды әзір­леп жатыр. Бұл бетбұрыс ертең ел тізгінін өз қолына алар жас ұрпаққа қандай жаңалықтар әкел­мек? Жаңа реформа неге бағытталған?

Енді бірер күннен кейін уни­верситетке түсуге де­ген қызығушылығы, білімге деген тал­пынысы, ғылымға деген құш­тар­лығы, жаңа технологияларды мең­геруге деген қабілеті бар жас­тар­дың көңілін тол­қы­та­тын, ара­сы­нан жүзден жүйрік, мың­нан тұл­пар шыққандарын ірік­тейтін нау­қан басталады. 2026 жыл­ғы қыс­қы ҰБТ 10 қаңтар мен 10 ақ­пан аралығында өтпек. 

Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі жаңа жылдың басында ұйым­дастыратын бұл тестілеуде ба­ғын сынағысы келетіндерден өті­ніш қабылдаудың аяқталғанын жариялады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлт­тық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізілді. Жал­пы саны 187 мыңға жуық адам ҰБТ сынағын тапсыруға бел буып­ты. Бұл 2024 жылға қарағанда 20 мыңға көп! 

Бұл жолғы бір жаңашылдық: та­лапкерлер өтініш беру бары­сын­да тестілеуге қатысатын күнін, уа­қытын және өту пунктін өзі таң­даған. Тағы бір жеңілдік: ҰБТ ба­рысында калькуляторды, хи­мия­лық элементтердің периодтық жүйе­сін, тұздардың ерігіштік кес­те­сін пайдалануға рұқсат етілді. Сон­дай-ақ тапсырушылар тесті­леу аяқталған соң 30 минут ішінде, яғни егжей-тегжейі ұмытылып қал­май тұрғанда өз жауаптарының дұ­рыстығын дәлелдеп, апел­ля­ция­ға өтініш бере алады. Мұндай өті­ніш бергендердің сертификаты ап­пеляциялық комиссияның ше­шімінен кейін талапкердің жеке ка­бинетінде шығады.

Жоғарғы білім ведомство­сы қадап айтты: 2026 жы­лы Ұлттық бірыңғай тестілеудің фор­маты өзгеріссіз қалады! Талап­кер­лер 3 міндетті пәнді және таң­дауы бойынша 2 бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсыр­ма­лары­ның жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойын­ша – 20 тапсырма, «Оқу сауат­тылығы» мен «Матема­тика­лық сауаттылық» пәндерінің әр­қай­сысынан 10 тапсырмадан, сон­дай-ақ 2 бейіндік пәннің әр­қай­сысынан 40 тапсырмадан бері­ле­ді. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгер­меді және 140 балды құрай­ды.

Тестілеу уақыты – 4 сағатқа (240 минутқа) созылады. Бұл ретте ерек­ше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 ми­нут қосып береді. Министрліктің мәліметі бойынша 2026 жылғы қаң­тар-ақпандағы ҰБТ-ға бұған дейін шартты түрде ақылы негізде күн­дізгі оқу нысаны бойынша жо­ғары оқу орындарына қабыл­дан­ған­дар, жазғы негізгі ҰБТ нәти­же­сін­­де шекті балл жинамағандар, шы­­ғармашылық білім беру бағ­дар­­ламалары топтарынан (ББТ) ақы­­лы негізде басқа дайындық ба­­­­ғыттарына, педагогикалық ба­ғыт­қа ақылы негізде ауысқысы ке­летіндер, былтырғы мектеп, кол­ледж түлектері, Қазақстан аза­маты емес қандастар, соның ішін­де жатжұртта тұратындар, шетелде бі­лім алған ҚР азаматтары, сон­дай-ақ енді мектеп бітіретін түлек­тер жоғары оқу орындарына ақы­лы негізде түсу үшін қатысады.

ҰБТ-ға дайындық сапасын арт­тыру мақсатында байқау сы­нақ­тары іске қосылды. Оқу жы­лы­ның басында Ұлттық тестілеу ор­талығының ресми сайтында та­лап­керлерге арналған көмекші ма­териалдар жарияланды. Атап айт­қанда, ұсынылатын әдебиеттер ті­зімі, «Қазақстан тарихы» және «Дү­ниежүзі тарихы» пәндері бойын­ша 100 негізгі тарихи дата­ның тізімі, «Информатика» пәні бойынша терминдер тізімі, сон­дай-ақ «Қазақ әдебиеті» мен «Орыс әдебиеті» пәндері бойынша мін­детті әдеби шығармалардың тіз­бесі орналастырылған.

Министрліктің көксегені не?

Әйткенмен, алдағы жыл­дары ҰБТ қазіргі күйде қа­ла­тынына министрлік кепілдік бер­мейді. оқу жылы бас­тал­ғалы, былтырғы қыркүйектен бе­рі Ғылым және жоғары білім ми­нистрі Саясат Нұрбек жур­на­лис­термен әңгімесінде де, жұрт ал­дындағы сөз сөйлеулерінде де Ұлт­тық бірыңғай тестілеудің қат­ты өзгеріске түсетінін қайталаудан жа­­лықпады. Ел министрдің ұс­та­ны­мындағы өзгерісті динамикада ба­қылады. Біріншіден, 2025 жыл­ғы 26 қыркүйекте С.Нұрбек ҰБТ қа­зіргі күйде қалмайтынын, ол бо­лашақта АҚШ жоғары оқу орын­­­­да­рына түсуге арналған SAT сы­­­­­­­­на­ғына ұқсас жаңа форматқа ауы­сатынын жария етті. 

– Бірден басу айтқым келеді: ҰБТ-ны тез ауыстырып таста­май­мыз. 2026 жылы ол бұрынғы фор­ма­тында қалады. Себебі бұл тым се­зімтал, әлеуметтік кернеу ту­ғызуы мүмкін мәселе. Сонда не бо­лады? Қазір үлкен бесжылдық жос­пар әзірлеп жатырмыз. Яғни, бұл ұзақмерзімді әрі кезең-ке­зең­мен жүзеге асатын жоспар болады. Бірінші кезеңде біздің тестологтар тобы жаһандық атағы бар ETS ком­паниясында оқудан өтеді. Ал­ғашқы қызметкеріміз бүгінде Аме­рикада, Принстондағы кам­пус­та тұрып жатыр. Бұл – әлемдегі мық­ты тест құрастырушы ком­па­ния­лардың бірі. SAT, TOEF, LGR жә­не басқа негізгі сынақ жүйе­ле­рін сол дайындаған, – деді министр. 

Оның айтуынша, екінші ке­зең­де шетелде оқып, білімін жетіл­діріп қайтқан қазақстандық тес­­тологтар жыл бойы ETS ком­па­­­ниясының көмегімен қазақ­стан­­дық жастарға арналған тест­терді және әдістемелерді әзірлейді. Бірақ ұзақ жыл бойы жетілдіріліп, кемеліне келтірілді делінген ҰБТ-дан шенеуніктер неге бас тартпақ? 2025 жылдың қорытындысы бойын­ша АҚШ, Ресей, Ұлыбри­та­ния, Қытай, Оңтүстік Корея, Фран­ция, Гер­ма­ния, Италия, Поль­ша, Түр­кия және Өзбек­стан­ның универ­ситеттері Қазақстанда 33 фи­лиа­лын ашыпты. Олар ҰБТ-ны мойын­да­майды екен. 

– Көптеген шетелдік, ха­лық­ара­­лық ЖОО-лар республи­ка­мыз­да бөлімшелерін ашты. Алайда олар ҰБТ нәтижелерін халықара­лық, авторизацияланған, серти­фи­катталған тест ретінде қабыл­да­майды. Біздің талапкерлеріміз, жас­­тарымыз ҰБТ тапсыруға дайын­­­далады, жақсы тапсырып, сер­тификат алады. Бірақ содан соң шетелге оқуға түскісі келсе, тү­се алмайды: біздің тестілеуді өз­­ге елдер мойындамайды! Біз ҰБТ-ны түпкілікті өзгертіп, оны ха­лықаралық placement test-ке, яғ­ни шетелдік жетекші универ­си­теттерге түсуге арналған тестке ай­­­нал­дыруға ниеттіміз. Тиісті мо­делі жасалады, – деді Саясат Нұр­бек.

Жоғары білім министрінің пайымдауынша, бұл ре­форма бірден 2 проблеманы ше­шіп береді. Бірінші мәселе – сапа. ҰБТ сапасына қатысты әлі күнге көп сын естиміз. ETS компаниясы мұ­ны әдіснамалық тұрғыдан түзе­теді. Модель шетелдік болғаны­мен, оның бірыңғай, авториза­ция­­­ланған әдіснамасын ЕТС сер­­­тификаттаған жергілікті тес­то­логтар әзірлейді. Түйінін тарқат­қа­лы тұрған тағы бір түйткіл – ҰБТ бір елмен тұйықталмай, ха­­­­­­­лық­­аралық тестілеуге айналады. Бәрі дұрыс жасалса, түлектер жаңа ҰБТ сертификатымен дүние­жүзін­дегі кез келген университетке түсе алады екен.

Министр бертінде, қараша­да­ғы мәлімдемелерінде жаңа ре­фор­ма­­­сының жаңа жай-жапсарын жа­риялады. Мысалы, оның пі­кі­рін­ше, ҰБТ тапсыру үшін түлектер дайын жауаптардың бірін дұрыс анық­тап, дұрыс бояуға үйренеді. Осы мақсатта мектеп бітірушілер та­рихи даталарды, тестілеудің дайын жауаптарын жаттаумен ай­налысады. Жаңа модельде бола­шақ студенттердің білімі ғана емес, сондай-ақ психологиялық ерек­­ше­ліктері, оқуға түсуге дайын­­дығы, сындарлы ойлау қабі­леті, жаңа бі­лімге, дағды-машыққа бейімделу әлеуеті бағамдалады. Өйт­кені Сая­сат Нұрбек еңбек на­ры­­ғы өз­ге­ріп жатқанын, ЖОО бі­тірушілер де жаңа жағдайларға лайық болуға тиістігін тілге тиек етті. 

Қоғам сынына құлақ аса ма?

Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұл баста­ма­сы қоғамда өткір сын туғызды. Пі­кір білдірушілер жаңа модель кеңес заманында болған жүйеге қай­та оралуға ұқсайтынына назар ау­дартты. Себебі министр Нұрбек тіз­белеген қабілеттерді анықтау үшін тестілеу сыртында емти­ханды енгізу керек болады. Демек, оқуға түсу ісіне қайтадан адами фак­т­ор араласады. КСРО кезінде бол­ғандай, университеттердегі ем­тихан қабылдаушы комис­сия­лардың ала қол, ниеті қарау мү­ше­лері аузын майлаған, пара берген сту­денттерді немесе «блаты» бар шен­ді-шекпендінің баласын бі­рін­­ші өткізіп, басқасын құлатуы ық­тимал. 

Мұның сыртында жаңа мо­дель­ді әлем тануы үшін бірінші орын­ға ағылшын тілінен сынақ қойы­луға тиіс. Онсыз ҰБТ нәти­же­лерін әрі қарай да бірде-бір шет­елдік ЖОО қабылдамайды. Алай­да бұл жағдайда ауыл түлек­тері, сондай-ақ ағылшын тіліне шорқақ қала жастары үшін шетел­дік түгіл отандық университеттерге түсуге жол жабылады. Өйткені бас­қа пәндерден жоғары балл ал­ғанымен, ағылшыншадан сүрі­не­ді. 

Бұған қоса, Саясат Нұр­бек­тің жатжұрттардағы оқу орнына түскісі келетіндер үшін сонша уайымдағаны бекер болып шықты. UNESCO ақпаратына сіл­темеме жасаған «Ел жастары» ұйымының дерегі бойынша қазір Қазақстанның 100 мыңнан да аз жас азаматы шетелде оқып жатыр. 2025 жылы 14-34 жастағы қазақ­стан­дықтардың саны 5,9 мил­лион­нан асыпты. Яғни, қазақ­стан­дық жастардың бар-жоғы 1,6%-дайы шетелде оқиды.

Қоғамның сыны батса керек, жыл соңында Ғылым және жоғары білім министрі ҰБТ-ға қатысты ұстанымын жұмсартты. Жаңа тоқ­тамы бойынша Қазақстанда Бірың­ғай ұлттық тестілеудің жаңа форматы бәрібір пайда болады. Бірақ талапкерлерге таңдау бері­леді: дәстүрлі ҰБТ-ны тапсырып, отандық ЖОО-ларға ғана түсе ме, әлде шетелде мойындалатын жаңа тестілеуден өте ме, өзі біледі. 

Саясат Нұрбектің хабарлауын­ша, бұл жоба әлі әзірлеу сатысында тұр. нақты мерзімдері бекітілген жоқ. Алдын ала жоспары бойынша жаңа тесттерді дайындауға ең кемі бір жыл кетуі және ол 2027 жылдан кейін енгізіле бастауы мүмкін. Ми­нистр болашақта ескі ҰБТ-ға де­ген қажеттілік қалмайды, жас­тар­дың көбі жаңа модельді таң­дай­ды деп үміттенеді. 

Ведомство бізге жауабында 2025 жылғы 21 қыркүйекте, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Қа­зақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Educational Testing Service (ETS) компаниясының пре­зиденті және бас атқарушы ди­рек­торы Амит Севакты қабыл­да­ғанын еске салды. Кездесу бары­­сында Мемлекет басшысы ETS компаниясының білімді тес­тілеу мен бағалау саласында көш бас­тап келе жатқанына ерекше на­зар аударды. Президенттің мә­лімдеуінше, Қазақстан амери­ка­лық бұл компанияның білім беру жүйесіндегі тәжірибесін зерде­леу­ге және пайдалануға қызығушы­лық танытып отыр. 

«21 қазан мен 1 қараша аралы­ғын­да Астанаға ETS-тің бірнеше жұмыс тобы келіп кетті. Оның бары­сында біздің министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) база­сындағы ары қарайғы экс­перт­­тік жұмыстар мен страте­гия­лық кездесулерді қамтитын іс-ша­ралардың кешенді бағдар­ламасы жүзеге асырылды», – деп түсін­дір­ді Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі.

Сондай-ақ ҰБТ-ны жаңғырту бойынша кері байланысты орнату үшін басқа мүдделі тараптармен, со­ның ішінде шетелдік уни­вер­си­тет­тердің филиалдарымен келіс­сөз­дер жүргізіліпті. 

«ETS ұсынған формат тек Қа­зақ­­стандағы шетелдік уни­вер­си­тет­тердің филиалдарында өткі­зі­летін емтихандар үшін пай­­да­ла­ны­лады деп жоспарланды. Талқыланып жат­қан жоба аясында талапкер­лердің сыни ойлау, академиялық хат жазу, зерттеу дағдылары, ком­муникация, сондай-ақ жасанды интел­лект, цифрлық сауаттылық жә­не креативті ойлау сияқты дағ­дыларын бағалау қарастырылады. Сонымен қатар Ұлттық тестілеу ор­талығының қалған персоналын әрі қарай оқыту үшін «Болашақ» ха­лықаралық стипендиясы аясын­да шамамен 30 қызметкерді – әзір­леушілер мен эксперттерді оқы­ту көзделген», – делінген ми­нистр­лік­тің түсініктемесінде. 

Ведомство 2026 жылы ҰБТ фор­маты өзгермейтінін – ол отан­дық ЖОО-ларға түсуі үшін толық сақталатынын тағы да нықтады. Жоғары білім министрлігі амери­калық ETS жасаған жаңа формат сарапшылар қауымдастығымен одан әрі талқыға салынатынына уә­де етті.

Елдос СЕНБАЙ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 06:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

23 Тамыз 2026 19:54see132

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see123

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see119

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

24 Тамыз 2026 20:33see118

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see118

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see117

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see117

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see117

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

24 Тамыз 2026 19:03see117

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see116

130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты

23 Тамыз 2026 10:15see115

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see115

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

23 Тамыз 2026 09:44see114

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see114

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

23 Тамыз 2026 07:16see114

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see113

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see113

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see113

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see113

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары