Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жалақыдан 22% ұстала ма, әлде 40% ба депутат мәлімдемесіне талдау

Жалақыдан 22% ұстала ма, әлде 40% ба депутат мәлімдемесіне талдау

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жалақыңыздан 22% ұсталады. Бірақ бұл - толық шындық емес. Қызметкердің қолына тиетін жалақы жұмыс беруші төлейтін нақты еңбек құнының тек бір бөлігі ғана.

Депутат не дейді, заң не дейді?

Осы мәселені көтерген Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов жалақыға түсетін салық жүктемесін 40%-дан асады деп бағалап, төмендетуді ұсынды.

Енді осы уәждің қай тұсы дәл есепке сыйымды, ал қай жерде әдістемелік айырмашылық бар – соны бірге талдап көрейік.

Алдымен жүйенің өзі қалай құрылғанын қысқаша қарап алайық. Қазақстанда жалақыға байланысты міндетті төлемдердің пайызы заңнамада бекітілген.

Біріншісі – міндетті зейнетақы жарналары. Оның мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 25-бабының 1-тармағында жалақының 10%-ы деп белгіленген. Бұл соманы жұмыскер өз табысынан төлейді, яғни жалақыдан тікелей ұсталады.

Екіншісі – жеке табыс салығы. Ол Салық кодексінің 363-бабының 1-тармақшасына сәйкес есептеледі. Жұмыскер табысына базалық 10% мөлшерлеме қолданылады. Ал табыс айлық есептік көрсеткіштен 8500 есе асса, (36,7 млн теңгеден көп болса – ред.) 15% қолданылады. Бұл салық та жұмыскердің табысынан ұсталады.

Үшіншісі – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін аударым. Оның мөлшерлемесі Әлеуметтік кодекстің 244-бабының 1-тармағында 5% деп белгіленген. Бұл төлем жұмыскердің жалақысынан ұсталмайды – жұмыс беруші өз қаражаты есебінен аударады. Осы аударымдар есебінен жұмыссыздық, декрет немесе еңбекке уақытша қабілетсіздік жағдайларында әлеуметтік төлемдер жүргізіледі.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Төртіншісі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС). «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскер аударатын жарна мөлшері – 2%. Ал жұмыс берушілер осы заңның 27-бабының 1-тармағы бойынша 3% аудару керек.

Бесіншісі – әлеуметтік салық. Оның базалық мөлшерлемесі Салық кодексінің 557-бабының 1-тармағында 6% деп көрсетілген. Алайда бұл салық жалақыдан тікелей емес, арнайы есептеу формуласы арқылы анықталады және түрлі жеңілдіктер мен ерекшеліктерге байланысты өзгеруі мүмкін.

Алтыншысы – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы. Ол Әлеуметтік кодекстің 251-бабының 1-тармағында бекітілген және кезең-кезеңмен енгізіледі: 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, ал 2028 жылдан бастап – 5%.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Осылайша, жұмыскердің жалақысынан тікелей ұсталатын негізгі төлемдер кемінде 22%. Ал жұмыс беруші қосымша номиналды түрде шамамен 17,5% көлемінде аударым жасайды.

Демек, еңбекке түсетін жиынтық жүктеме тек жалақыдан ұсталған 22%-бен шектелмейді. Бірақ жұмыс беруші аударатын 17,5% жиынтық төлемді бұл санға тікелей қосып, жалақыға түсетін жүктемені шығару және дұрыс емес. Өйткені 17,5% аударым жалақының 22% шегерілмей тұрған кездегі сомасынан есептеледі. Осындай есеп бойынша еңбекке түсетін жиынтық жүктеме шамамен 33–34% деңгейінде қалыптасады. Нақты мөлшер табыс деңгейіне және есептеу ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Мұны қарапайым мысалмен түсіндіруге болады. Қызметкердің қолына 300 мың теңге түссе, бұл – жалақыдан 22% ұсталғаннан кейінгі сома. Оған дейінгі жалақысы шамамен 385 мың теңге болған. Жұмыс беруші осы соманың үстінен шамамен 17,5% аударады.

Сонда қызметкердің қолына тиетін 300 мың теңге үшін жұмыс беруші шамамен 450 мың теңгеден астам қаражат жұмсайды. Айырмашылық – шамамен 150 мың теңге.

Қайсысы «жасырын салық», қайсысы қайтады?

Алайда жалақыға түсетін жүктемені тек пайызбен бағалау толық көрініс бермейді. Өйткені жалақыдан алынатын салық пен аударымдардың бәрі бюджетке кетпейді.

Жалақыдан ұсталатын 10% және жұмыс беруші төлейтін 3,5% міндетті зейнетақы жарналары қызметкердің жеке шотына түседі. Бұл – нақты жинақ, яғни кейін сол адамның өзіне төленетін қаражат. Егер адам бұл қаражатты алып үлгермей қайтыс болса, мұрагерлеріне беріледі. Ал мұрагерлері болмаған немесе талап етілмеген жағдайда қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен бюджетке аударылады.

МӘМС төлемдері азаматқа ақшалай емес, медициналық қызмет ретінде қайтарылады. Демек, сақтандырылған адам ауырған немесе тексеруден өтуді қажет еткен жағдайда амбулаториялық қабылдау, анализдер, қымбат диагностикалық тексерулер (мысалы, КТ, МРТ), жоспарлы немесе шұғыл ауруханаға жатқызу, ота сияқты қызметтерді тегін немесе сақтандыру есебінен ала алады. Бұл жерде төлем көлемі адамның қанша жарна төлегеніне тікелей байланысты емес, солидарлық қағидатқа негізделген.

Фото: Gov.kz

Ал әлеуметтік аударымдар нақты ақша түрінде төленеді, бірақ тек заңда көрсетілген әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда ғана иесіне қайтады.

Мысалы, жұмыс істейтін әйелге жүктілік және босану кезінде біржолғы декреттік төлем беріледі. Оның мөлшері соңғы айлардағы ресми табысқа байланысты есептеледі. Бұдан бөлек, бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайынғы төлем төленеді.

Егер қызметкер уақытша еңбекке жарамсыз болып қалса (ауру немесе жарақат), еңбекке жарамсыздық парағы негізінде әлеуметтік төлем беріледі. Ол да табысқа байланысты есептеледі, бірақ толық жалақы көлемінде емес.

Жұмысынан айырылған жағдайда тіркелген жұмыссыздарға уақытша әлеуметтік төлем қарастырылған. Оның мөлшері де бұрынғы табыс деңгейіне тәуелді.

Сондай-ақ асыраушысынан айырылған жағдайда отбасы мүшелеріне әлеуметтік төлемдер беріледі.

Бұл жерде әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ақша мен бюджеттен берілетін төлемнің ара-жігін ажыратып айту маңызды. Ресми жұмыс істейтін азаматтарға төленетін декреттік, уақытша еңбекке жарамсыздық және жұмыссыздық бойынша төлемдер негізінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізіледі, яғни жұмыс берушілер аударған әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптасады.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ал республикалық бюджеттен бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (жөргекпұл), жұмыс істемейтін ата-аналарға бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы, сондай-ақ асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

Сонымен, жалақыдан ұсталатын төлемдерден бөлек, жұмыс беруші де қызметкер үшін қосымша аударымдар жасайды. Олардың жиынтығы жалақының шамамен 33-34%-ына тең.

Депутат айтқан 40 пайыздық жүктеме - нақты есептің нәтижесі емес, әртүрлі есептеу базаларын араластырудан шыққан көрсеткіш.

Ал оның еңбекақыға түсетін жүктемені 25%-ға дейін төмендету идеясы кейбір дамыған елдердің көрсеткішімен сәйкес келеді. Мысалы, Швейцарияда бұл көрсеткіш шамамен 22-23% деңгейінде. Швеция, Финляндия, Дания сияқты елдерде, керісінше, еңбекке түсетін жүктеме 35-40%-дан жоғары.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 17:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары